Тақырыбы: «Lesson study — мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі» Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аударта отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну
Психологиялық тренинг “Мен қандаймын? (Түстерді таңдау арқылы өздерінің мінездерін білу: қызыл, көк, сары, жасыл) Қызыл — белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер. Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әртүрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл- күйі тез өзгергіш, оптимист адам. Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Табыс критерийлері 1.Мұғалімдер «Lesson Study» үдерісі туралы жалпы мағлұмат алып, оның оқытуды жетілдіру және білімнің сапасын арттыру құралы екенін біледі. 2. «Lesson Study» үдерісін қалай жүргізуді, сабақты зерттеуді үйренеді. 3.Мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады. 4. Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық, педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson Study деп атады.