Қашқаридың Түркі тілдерінің
сөздігін қазақ тілінде сөйлетуі – Асқар ағамыздың халқына, болашақ ұрпаққа жасаған үлкен ерлігі деп бағалауға әбден лайық. Осы үлкен екі аударма еңбектер арқылы қалың қазақ оқырманы тағы да өздері сырттай ғана естіп, біліп жүрген түркі тарихының маңызды ескерткіштерін қолға тигізді. Көп жылдар бойы зерттеу ісінің қорытындысындай Ж.Баласағұнның Құтты білігін ана тілімізде сөйлету үшін зерттеушілікпен қатар ақындық қасиеттің де қажет екендігі мәлім. Поэтикалық ақылмандық трактатты тек жолма-жол, не мағыналық аудару, әлбетте, бізді қанағаттандырмайтыны айдан анық. Осы тұрғыда Асқар Егеубайдың ғылыми зерттеуді ақындық Шеберлікпен Асқар ағамыз өзінің түркология саласындағы сәтті қадамын одан әрі тереңдете жалғастырды. Махмұт Қашқаридың сегіз кітаптан тұратын атақты Диуани-лұғат-ит-түрік атты сөздігін үш том етіп қазақ тіліне аударып шығуы - әдебиеттану мен түркология салаындағы үлкен жетістігіміз. Бұл басылымның ерекшелігі - онда көне түркі тіліндегі нұоқамен қоса қазақша мәтіні қатар берілген. Және араб ғарпіндегі үлгісі де көрсетілген. Бұл үлкен ғылыми зердемен қоса табандылықты да тілейтін күрделі де жауаптыжұмыс. Асқар Егеубай сондай еңбекті
өте зерделілікпен, ғалымдық парасат-
пайыммен атқарып шықты. Сондай-ақ,
кітаптың ғылыми түсіндірмесінің
дербес
зерттеу деңгейінде жүзеге
асырылуының өзі - тынымсыз еңбек
пен үлкен
жауапкершіліктің арқасында жүзеге
асырылғанының арқасы болса керек.
Махмұт Қашқари еңбегінде түркі
жерінің табиғаты мен тарихын
танытарлық
мағлұматтар көп екендігі аян.
Ономасиология, топонимика,
этноботаника,
этология, этнология, этика мен
этногенез сынды қазіргі заманғы
танымал
ғылым салалары бойынша сан-салалы
деректер араласып жүр. Міне,
осылардың
барлығына Асқар Егеубай ғылыми
тұрғыдан лайықты талдау жасайды.
Өзінше
талдап, саралап, сұрыптап көрсетеді.
Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің
көркемдік жүйесі кітабында ол кісі:
°
…ұлт, ұлыстар мен халықтардың
аталуына қатыаталуына қатысты (ономасиология):
топонимика туралы; түркі жұртының
шығу
тегіне (этногенез);
имандылық, кісілік әдеп, салт-дәстүр
тәртіптеріне қатысты (этика); түрік
жұртының өсімдіктері жайлы жүйелі
түрде
түзілген таным-біліміне (этноботаника);
және жан-жануарлар табиғаты
ұғымдарына (этология) қатысты; салт-
дәстүрі мен сөз өнеріне қатысты
сипаттарын тұжырымдап түйдік деп
жазыпты. Және сол салалар бойынша
мысалдар келтіріп, ой толғамдарын
өрбітеді. Сондай ғылыми талдаулардың
қорытындысы іспетті өз ойларын да
ұсынады. Түркі нәсілді жұрттың
қырықтан
астам ұлыстары тарихи себептерге
орай ономасиология тарапында қайта
оралып
соғып, ортақ қорытындылар жасап
улгірген жоқ. үлгірген жоқ. Асқар Егеубайдың бұл
пікірінің астары тереңге бастайды.
Демек, түркі дүниесінің онимасиология
саласындағы ортақ білім қорын
жасақтау қажет деген сөз. Яғни, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари секілді
түркі ғұламаларының бай мұрасының
түпкі
өзегі түркі дүниесінің ортақ тарихына,
ортақ тіл заңдылықтарына, ортақ
мәдениеті мен өркениет шарттарына
бастайды. Ал соның бәрін көзінен тізіп
салмақтап саралау түркі әлемінің
ортақ тұғырлы тарихи танымдық
өзегін түзу,
айналып келгенде, қазақ әлемінің де
қара шаңырағын айқындай түспек.
Асқар Егеубай бұл жерде қазір ғылым
алдына қойылып отырған өркенді
бағытты мегзеген. Ал ондай қадірлі
сөз, қымбат деректер Құтты білікте де,
Түркі сөздігінде де баршылық. этноботаникаға қатысты әңгімелер,
талдаулар аса көп. Мысалы, Барақ
сөзіне
қатысты түркілердің аңыз,
нанымдарында бүркіт қартайғанда екі
жұмыртқа
тауып, соларды басады сол
жұмыртқаның бірінен барақ шығады
екен. Иттің ең
ұшқыр, алғыры, аңшы итінің ең
мықтысы осы барақ иттер болады
екен. Екінші
жұмыртқадан бүркіттің балапаны
шығады екен, бұл оның ақырғы
балапаны болады-
мыс деген дерек бар. Ертіс секілді үлкен
дарияның атауы қайдан шыққанын да
осыдан байқаймыз. Махмұт Қашқари
кітабында: Ертіс - Иемек
даласындаңғы бір
өзеннің аты. Бірнеше тармақты бұл
дария сол жердегі бір көлге құяды.
Дарияны Ертіс суы деп атайды. судан өтерде кім тез өтеді деген
мағынадағы Ертіс сөзінен алынған
атау деп, немесе Кенд - кент, шаһар
деп түсіндіріп талдап берген. Ордакент,
Өзкент, Семізкент (Самарқанд -
парсыша) секілді қала аттарының
атауларына да талдау жасалған.
Сондай-ақ, Түркі сөздігіндегі көп-көп
мақал-мәтелдер де поэтикалық
құрылымымен, көркемдік эстетикалық
кестесімен, сөз саптау салтымен ана
тілімізде күні бүгінге дейін сақталған.
Мәселен, Ымды білсе, ер өлмес,
Еріншекке есік асу болар, Халықта
түгесілу болмайды, Аушы қанша айла
білсе, Аяқ сонша жол біледі, Қорада лақ
туса, арықта шөп өсер, Өгіздің
аяғы болғанша, бұзаудың басы болса
игі, Ауыз жесе, көз ұялар, Әдеп басы
- тіл, Аш не жемес, тоқ не демес, Итке
ұят бітсе, ұлтанды жаламас,
Лақ - жіліксіз, жас бала - біліксіз,
Алып ерді жасытпа, жүйріктің
арқасын алдыр
ық тәңірге тән,
Достарыңызбен бөлісу: |