Мен Қазақстандықпын!



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі146,6 Kb.
#303

Мен Қазақстандықпын! 

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым 

Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. 

Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын 

нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз 

жарқын! Біздің тірегіміз - тәуелсіздік, 

тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз – бірлік!  

Мен халқыма сенемін.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Н.Ә.Назарбаев 

Жоспар: 

I. Кіріспе: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.» 

II. Негізгі бөлім: Мен Қазақстандықпын! 

1. Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие... 

2. Тәуелсіздік Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. 

3. Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені. 

III. Қорытынды: Ел болашағы – жастардың қолында. 

 

Иә, қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма?! Егемендікті аңсаған 



еліміз мұқтаждық пен жоқшылықта, қайғы – қасіретте күн кешті. Алмағайып 

заманда дана халқымыз: «Бірлік бар жерде тірлік бар» - деген қанатты сөзді 

жұдырықтай жүрегіне бекіте білді. 

 

Өткен  тарихымызды  ой  елегінен  өткізе  отырып,  ғасырлар  қойнауына 



көз  жіберер  болсақ,  қазақ  халқы  небір  қиын  –  қыстау  кезеңдерді,  ауыр 

күндерді басынан кешіргенін білеміз. Сонау ерте заманда халықтың арман - 

қиялынан  туған  ел  қорғандары  –  Алпамыс,  Қобыланды,  Қамбар  сынды 

батырларымыз,  Монғол  шапқыншылығы  кезінде  туған  қаласы  Отырарды 

қасық  қаны  қалғанша  ерлікпен  қорғаған  Қадірхандар  ел  тірегі,  ел  панасы 

бола  білді.  «Ақтабан  шұбырынды,  алқа  көл  сұлама»  аталған  халықтың  ұлы 

апаты  кезінде  ел  бірлігін  сақтаған  Абылай,  Әбілқайыр  хандардың  халқына 

сіңірген  еңбегі,  ел  басына  күн  туған  қысылтаяң  шақтағы  Қазыбек,  Төле, 

Әйтеке 

сынды 


билердің 

азаттық 


жолындағы 

күресі, 


Жоңғар 

шапқыншылығын талқандаған қаһармандар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы 

Бөгенбайдың ерлікке толы өмірі өз алдына жыр – дастан болса, кешегі дүние 

жүзін  дүр  сілкінткен  Ұлы  Отан  соғысының  батырлары  –  Бауыржан 

Момышұлының,  қарапайым  қазақ  қыздары  Әлия  мен  Мәншүктің  ерен 

ерліктері,  Желтоқсан  құрбандары  -  Қайрат,  Ербол,  Ләззат  сынды 

жастарымыздың  батыл  істері  қашан  да  ел  болашағы  үшін  тағылым  мектебі 

болып қала бермек. 

 

Иә,  осылайша  «мың  өліп,  мың  тірілген»  қайран  халқымның  жатса  да, 



тұрса да аңсаған арманы – тәуелсіздік еді. 

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 

Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, 

Айта  бергім  келеді,  айта  бергім,  –  деп  Жұбан  ақын  жырлағандай, 

ғасырлар  бойы  жасалған  ерлердің  ерлік  істері  нәтижесіз  болған  жоқ.  1991 



жылдың  16  желтоқсанында  біздің  Отанымыз  –  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін 

алды.  Содан  бері  халқымыз  көп  нәрсеге  қол  жеткізді.  Қазақстан 

Республикасы  дүние  жүзіндегі  бар  қазақтың  Отаны  болып  танылды.  Халық 

болып,  ел  болып  Ата  Заңымыз  –  Конституциямызды  қабылдадық. 

Мемлекетіміздің  дербестігін  білдіретін  аспан  түстес  Туымыз,  халықты 

елдікке,  бірлікке  шақыратын  Гимніміз,  еңселі  Елтаңбамыз  ел  мерейін 

асқақтатты.  Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  ана  тілі  -  Мемлекеттік  тіл 

мәртебесіне  ие  болды.  Еліміз  БҰҰ  және  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен 

ынтымақтастық қоғамы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып, 

дүниежүзі  елдерімен  тығыз байланыс орнатты.  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық валютасы – теңге айналымға шықты. 

 

Тәуелсіздік  -  тәтті  ұғым,  қастерлі  сөз.  Бұл  ешкімге,  ештеңеге  мұқтаж 



болмау,  өзіңді  өзге  елдің  тануы,  өзге  елмен  терезеңнің  тең,  керегеңнің  кең 

болуы деген ұғымды білдіреді.  

 

Еліміз тәуелсіздік тұғырына қонғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. 



Тәуелсіз  мемлекеттің  алғашқы  жетістігі  Елбасының  сайлануы  еді.  Сөйтіп 

оған  үлкен  сенім  артылды,  міндет  жүктелді.  Нұрсұлтан  Әбішұлының 

өткенінің  өзі  –  ұрпаққа  үлгі  болар  өмірбаян.  «Балалық  шағымның  аспаны», 

«Елбасы  жолы:  от  –  өзен»  бейнефильмдері  –  осының  айғағы.  Алатаудың 

аясында  дүниеге  келіп,  еңбек  жолын  Теміртауда  шыңдаған  жас  жігіт  –  бұл 

күнде  барша  әлемге  танылған  тұлға,  өмір  мен  еңбектің  шытырман 

жолдарынан  өткен  азамат,  шыңдалған,  болашақты  көрегенділікпен  саралап, 

болжай  білетін  көшбасшы.  Елбасының  бастамасымен  тәуелсіз  қазақ  елінде 

дүниежүзілік  –  тарихи  маңызы  бар  істер  атқарылды.  Қырық  жылдан  астам 

уақыт  бойы  адамзат  баласына  от  бүркіп,  апат  қаупін  төндірген  Семей 

ядролық сынақ полигоны жабылды. Туған елінің тыныштығын ту еткен тұлға 

алпауыт  елдердің  билеушілерімен  күрделі  келіссөздер  жүргізіп,  соның 

нәтижесінде қазақ елі адамзат тарихында тұңғыш рет ядролық қарудан ерікті 

түрде  бас  тартқан  мемлекет  болды.  Тәуелсіз  ел  болу,  Қазақстанның  бүкіл 

әлемге  танылуы,  шашылып  кеткен  қандас  бауырларымыздың  тарихи 

Отанына  шоғырлана  бастауы,  Астана  қаласының  сәулеттене  түсуі  –  бәрі  – 

бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып 

жатқанының айқын дәлелі. 

 

Осы  уақыт  ішінде  «Нарық  және  әлеуметтік  –  экономикалық  даму», 



«Ғасырлар  тоғысында»,  «Тарих  толқынында»,  «Бейбітшілік  кіндігі», 

«Сындарлы  он  жыл»,  «Еуразия  жүрегінде»,  «Ой  бөлістім  халқыммен», 

«Тәуелсіздік  шежіресі»,  «Еуразия  шежіресі»,  «ХХІ  ғасыр:  әлем  саясаты», 

«Тәуелсіздік  белестері»  сияқты  еңбектерінде  және  жыл  сайынғы 

Жолдауларында ұстанған саясатын ел болашағымен тығыз байланыстыруды 

мақсат етті. 

«  ...  Мен  өз  халқымның  жолында  басымды  бәйгеге  тіккен  адаммын.  Маған 

ары  үшін  жанын  садаға  ететін  осындай  текті  халыққа,  мені  ұлым  деп, 

перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы – бергі қазақ баласының бірде 

–  бірінің  пешенесіне  бұйырмаған  бақытты,  толыққанды,  тәуелсіз  мемлекет 



құрудың  қасында  болу  бақытын  бұйыртқан  халыққа  қызмет  етуден  артық 

ештеңенің  керегі  жоқ,  осы  жолда  мен  бойымдағы  бар  қайрат  –  қабілетімді, 

білім – білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»  - деген 

Елбасының жүрекжарды лебізі халқына берген сенімді серті тәрізді. 

 

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін. 



Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп 

Қадір ақын жырлағандай, күні бүгінгі таңда Отанымызда жүз отыздан астам 

ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр 

тауқыметін  арқалап,  елімізге  келіп  қоныстанған  ұлттар  мен  ұлыстар  үшін 

қазақ  жері  киелі  алтын  бесікке  айналды.  Ұлтаралық  татулық  арқасында  ел 

тыныш, жұрт аман. Дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен 

тұрақтылық феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы – ешбір елде болмаған 

ерекше, саяси маңызы зор құрылым ретінде танылуда. Қазақта «туған жерін, 

оның  халқын  сүйген  адам  бүкіл  азаматты  сүйе  алады»  деген  қасиетті  ұғым 

бар.  Асылы  Османова  апамыздың:  «Өзгелер  қазақ  жеріндегі  ағатын  ұсақ 

өзендер  болса,  қазақ  –  солардың  бәрін  бойына  жинайтын  арналы  дария»,- 

деген сөзі де халқымыздың бауырмалдық қасиетін паш еткендей. 

 

Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, баянды ету одан да қиын. 



Елбасының сөзімен айтсақ: «...еліміздің болашағы – білімді ұрпақ қолында». 

Мен  де  −  сол  ұрпақтың  бірімін,  мұнаралы  Маңғыстау  өлкесіндегі  Бейнеу 

гуманитарлық  −  экономикалық  колледжінің  үшінші  курс  студентімін. 

Мемлекет  қамқорлығының  аясында  тегін  білім  алып,  ата  –ана  бауырында 

алаңсыз  өмір  сүрудемін.  «Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  кетігін  тап  та,  бар, 

қалан»,  -  деп  Абай  атамыз  айтқандай,  ата  -  баба  рухынан  нәр  алып, 

Отанымның  өсіп  –  өркендеуі  жолында  қызмет  етсем  деймін.  Ғылым  мен 

техника  тетігін  меңгерген,  бүкіләлемдік  құндылықтарды  бойына  сіңірген 

жастар  сапында  болсам  деп  армандаймын.  Күні  кеше  ғана  жарияланған 

Елбасының  «Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар, 

даму»  атты  кезекті  Жолдауында  да  жастарға  үлкен  сенім  артылды.  Білімді, 

еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болуға  шақыра  отырып,  ғылым  мен 

инновацияның  заманы  туғанын,  талмай  ғылым  іздеп,  ерінбей  еңбек  еткен 

адам озатынын  ескертті.  Елімнің жас өркені  ретінде  болашақта  Отанымның 

«Мәңгілік  ел»  болып,  әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарында 

болатынына сенемін. Сөзімді мына жыр жолдарыммен аяқтағым келеді: 

Ата – баба арманының желкені, 

Ғасырлардың сырын бізге шертеді. 

Тәуелсіздік санасында жаңғырған,  

Бүгінгі ұрпақ – еркін елдің ертеңі. 



 

Ермуханова Айман 

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық 

колледжі  

МБ – 83 тобының 3 курс студенті  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет