Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сары Баларыммен сирек ойнаймын сары жасыл



бет2/4
Дата27.09.2023
өлшемі29,25 Kb.
#110980
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)

1. «Танысу» жаттығуы 
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс  дауыс арқылы, Көк түс  мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 
 
3. Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. 
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем» 
1-топ:
Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол – 

2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол – 

3-топ:
Ұстаз бақыты, ол – 

Отбасы бақыты, ол-  
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет. 
5. «Балама қандай жылулық беремін?» 
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет