«3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызыл
Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызыл
Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сары
Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын қызыл
Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сары
Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызыл
Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызыл
Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сары
Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл
Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл
Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл сары
Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл
Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі жасыл сары
Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді сары
Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары
Қорытынды: әр түстерді жеке — жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз.
Жасыл түсті шаршылар:
А) 0 — 5 ұпай аралығында — балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.
Б) 5 — 10 ұпай аралығында — балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан — дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 — 15 ұпай аралығында — балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді.
Сары түсті шаршылар:
А) 1 — 4 ұпай аралығында — сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.
Б) 5 — 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз.
В) 9 — 13 ұпай аралығында — сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.
Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 — 2 ұпай аралығында — сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне — өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан.
Б) 2 — 4 ұпай аралығында — сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез — келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.
В) 4 — 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай — шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара — қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Бала тәрбиесіне байланысты бейне ролик қаралады ол талқыланады.
Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
Сынып жетекшісі;
Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Әлеуметтік педагог;
Мектеп басшысы.
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.