Мен кен орындары



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі381,57 Kb.
#7016

1059 

ӘОЖ 553.04 



ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА РУДАСЫЗ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ 

МЕН КЕН ОРЫНДАРЫ 

 

Аскарова Альбина Кадырбековна 

askarova_ak@mail.ru 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті 

Ғылыми жетекшісі Ә. Елемесов  

 

"Нұрлы  жол"  инфрақұрылымды  дамытудың  2015  -  2019  жылдарға  арналған 



мемлекеттік  бағдарламасы,  «Қолжетімді  баспана  –  2020»  секілді  т.б.  кӛптеген 

бағдарламала  аясы  қазіргі  таңда  жҥзеге  асуда.  Аталған  бағдарламаларды  жҥзеге 

асыруда  Павлодар  облысы  аумағында  Астана  -  Шығыс  Қазақстан  аралығындағы 

салынып  жатқан  тас  жолының  басым  бӛлігі,  Павлодар  облысы  аумағынан  жҥреді. 

Осындай  ҥлкен  қҧрылыс  жобаларын  жҥргізу  ҥшін  ӛңіріміздегі  қҧрылысқа  қажетті 

пайдалы  қазбалар  кен  орындарындағы  пайдалы  қазба  қорларын,  экономикалық 

әлеуетін қарастыру маңызды болып отыр. 

Павлодар  облысы  құрылысқа  қажетті  рудасыз  пайдалы  қазбалар  қоры  бойынша 

біршама маңызға ие. Атап айтсақ күйдіргіш отқа тӛзімді балшықтар, сәндік қаптағыш тастар, 

габбро,  гранит,  мрамор  және  әктас  кен  орындары  құрылыс  индустриясының  ӛндірісін 

ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар отқа тӛзімді кірпіштің бай қоры, барит, 

кварц  құмы,  әктас,  гипс,  глаубер  тұзы  және  т.б.  кездеседі.  Олардың  қатарында  Сарыбады 

әктас кең орыны, Май және Пограничное саз кең орындары, Ақтоғай құм кен орыны, ТМД 

бойынша ірі Қарасор кең орыныңда қалыпты (формовочный) материалы (құм мен балшық), 

Суханов  кең  орыны  70  млн.  тонна  каолинді  отқатӛзімді  саз  елімізге  танымал  болып 

танылады. Облысымыз түрлі-түсті тастарға бай: зергерлік бағалы тастар (бирюза – Майқаин 

тӛңірегінде),  зергерлік-қайтаӛндеу  тастары  (малахит  –  Құндыкӛл  (Алексеевка)  ауылына 

жақын, Баянауыл ауданы, агат – Май және Баянауыл аудандары, янтарь – Құдайкӛл кӛлінің 

түбінде  Қалқаманға  жақын  жерде),  ӛңделетін  тастар  (яшма,  түрлі-түсті  мрамор,    аметист, 

халцедон, гранит, липарит, диорит – Баянауыл ауданыңда) [1, 46 б.]. Бұдан басқа Баянаула, 

Қызылтау  тауларына  гранит  пен  басқа  кездесетін  бағалы  тастар:  малахит,  ақық,  янтарь, 

габбро, порфирит, жылантас, дала шпаты т.б. тау жыныстары кездеседі [2, 24 б.].  

Біздің  ізденісіміздің  басты  мақсаты  құрылысқа  қажетті  негізгі  кен  орындарының 

таралу аймақтарын анықтау.  

Міндеттеріміз: 

-

 



Шикізат түрлерінің қорын және қазіргі ӛндіріс кӛлемін анықтау; 

-

 



Шикізат түрлерінің таралуын карта бетіне түсіру (сурет 1). 

Жылдан  жылға  құрылыс  материалдарына  сұраныстың  артуына  байланысты,  барлық 

қорларды  игеріп  жалпы  құрылыс  саласын  дамытуға  ат  салысып  отырған  кәсіпкерлер 

жеткілікті. 

Сонымен  қатар  кірпіш  шикізаты  орындары-  41;  шағыл  құмы  материалдары  –  8; 

құрылыс  тастары  –  18;  цемент  шикізаты  –  2;  құрылыс  құмы  –  13;  әктас  –  3;  керамзит 

шикізаты – 2; формалық материалдар -1; ас тұзы -13; декоративтік-қаптырмалық тастар  - 4. 

Осылардың ішінде 62 кен орыны пайдаланылмай келеді. 

2012 жылдың қаңтар айында Павлодар облысының жер қойнауын пайдаланушылар 

реестрінде 33 кәсіпорын тіркеліп олармен 43 келісім-шарт жасалған. 

Барланған құрлыс материалдарымен облысымыздың қамтамасыз етілуі: 

-  құрлыс  тастары  қоры  213457  мың  м

3

,  2010  жылы  1028,3  мың  м



3

  пайдаланылған, 

мұндай қарқынмен 208 жылға жетеді; 

-  кірпіш  балшығы  136624,3  мың  м

3

,  2010  жылы  40,0  мың.  м



3

  ӛндрілген,  мұндай 

қарқынмен келешекте – 3416 жыл; 


1060 

- құмды-шағылды қоспалар 123324,7 мың м

3

, 2010 жылы ӛндіру кӛлемі 123,3 мың м



3

 – 


1000 жыл; 

- құрылыс құмдары 29038,1 мың м

3

, 2010 жылы ӛндіру кӛлемі 404,6 мың м



3

 – 72 жыл.  

Тізімде  30  мекеме  тіркелген,  олармен  кен  орындарын  ӛңдеу  жӛнінде  36  келісімшарт 

жасалса, 68 кең орны осы уақытқа дейін бос тұр. 

Ӛңделген  36  кең  орнының  13  –  і  құрылыс  тасы  кен  орны  болса,  5  –  і  -  құм  және 

қиыршықты құм тас қоспасы, 7 – і – құм, 5–і – саз, біреуі – әк, ал 5 – і  тұз [3]. 



Қҧрылыс қҧмы 

Облыстық  құрылыс  құмының  зерттелген  қорларының  жалпы  саны  28986,2  мың  м³ 

құрайды.  

Негізгі  кен  орындары:  Павлодар  қаласының  ауданы  (Шаукен  –  Кұм),  Екібастұз 

қаласының  ауданыдарында  (Екібастұз  –  1),  Баянауыл  ауданы  (Кішітас,  Шӛптікӛл,  Бірлік, 

Кӛкдомбақ),  Май  ауданы  (Ақшиман,  Саты),  Ертіс  ауданы  (Голубовка,  Ертіс  –  1),  Успен 

ауданы  (Қадырбай,  Володарское),  Ақтоғай  ауданы  (Андриановское),  Шарбақты  ауданы 

(Шарбақты,  Сосновка),  Қашыр  ауданы  (Қашыр,  Трофимовка),  Железин  ауданы  (Озерное), 

Лебяжі ауданы (Бурлин, Қызылқоғам). 

Шағылдың  (құрылыс  құмы)  негізгі  кӛп  шоғырланған кен  орны  Павлодар  қаласының 

ауданында,  Павлодар  қаласынынан  солтүстік  –  батысына  қарай  15  км  жердей  орналасқан. 

Шаукен құм кен орнының геологиялық құрылымы толықтай зерттелген. 

Физико – механикалық сынақтар мен түрлі анализдерден ӛткен кен орыны нормативті 

талаптарға сай. Шаукен құмдарының ӛте жұқа, ұсақ, орта – ұсақты дәнді, полимикті болғаны 

анықталды.  Құмның  құрамы  бірқұрамды  (кварц  –  42  %,  дала  шпаты  –  29%,  басқа 

жыныстардың үлесі – 30%). 

Гидрогеологиялық  тұрғыдан  Шаукен  құм  кен  орынының  шикізатын  карьерден  оңай, 

тиімді,  ашық  әдіспен  алуға  болады.  Кен  орнының  жер  асты  суларының  деңгейі  13,2  м 

тереңдікте. Тау техникалық тұрғыдан кен орын толықтай зерттелген. 

Құрылыс  құмды  карьерді  игерудің  экономикалық  тиімділігі  Алматы  қаласында  1995 

жылғы  «Методических  рекомендаций  по  геолого  –  экономической  оценке»  сараптамасына 

сай жылына карьерден 25 мың м

3

  құм ӛндірілетін болса, жалпы қорды пайдалану мерзімі  – 



22 жылға жетеді (2005 жылғы мәліметтері бойынша) [4]. 

Қиыршық  тас  (гравий)  Павлодар  облысында  жол  құрылысына  қажетті  құрылыс 

тасы біршама кең таралған. 

Ӛңірде  11  жер  қойнауын  пайдаланушы  12  кен  орнында  құрылыс  тасын  (қиыршық) 

ӛндірсе, 4 сәндік – қаптайтын тастың кен орындары бар. 

Облыстық  құрылыс  тасының  зерттелген  жалпы  қорлары  211669  мың  текше  метрді 

құрайды. 2014 жылғы 9 айда 1380 мың текше метр шикізат ӛндірілді, бұл жоспардың 67% - 

ы. 

АҚ  «SMS  Engineering»  толықтай  ӛнімі  Астана  қаласына  жӛнелтілуде.  Шикізат 



Шідерті ауданының Шідерті кен орнында ӛндіріліп жатыр. Зауыттың айына қуаттылығы 100 

– 120 мың тонна ӛнімді құрайды. 

Зауыттың  ӛнімдерін  ГРЭС  –  1  мен  ГРЭС  –  2  зауыттарының  мұржаларының 

корпустары  ретінде,  плотиналар  мен  Ертіс  –  Қарағанды  су  шаруашылығына,  темір  жол 

саласында  да  қолданылады.  Шідертінің  қиыршық  тасы  Қазақстандағы  алғашқы  «Астана  – 

Щучинск» автобанның құрылысына кеңінен қолданылуда. 



Әктас  Ӛңірде  әктің  2  кен  орны  бар:  ӛңделген  және  бос («Керегетас»,  «Бәйет»  кен 

орны, баланс қоры – 5,2 млн тонна). 2014 жылғы 9 айда 561 мың м³ шикізат ӛндірілді.  

Әктастың химиялық құрамының салмақ есебімен орта мӛлшері: CaO – 54,6%, MgO – 

0,52%, P – 0,006 – 0,01%. Әктастар алюминий, ферросплав ӛндіруге қажет флюске қосымша 

шикізат,  цемент  ӛндірісінде,  құрамында  СаО  50%-дан  кем  әктастар  құрылыс  материалы 

ретінде қолданылады [5]. 

Павлодар  облысында  негізгі  әктас  кенінің,  бірден  –  бір  кен  орны  –  Керегетас. 

Керегетас  –  әктас  кенін  барлаушы,  негізгі  ӛндіруші  болып  табылатын  кен  орын.  Керегетас 



1061 

атауының себебі, әктастың керегеге ұқсас болуында. Павлодар облысы Майқайың темір жол 

станциясынан  оңтүстікке  қарай  45  км  жерде  орналасқан.  Кен  орнындағы  жоғарғы  ордовик 

кезеңінің  Жарсор  шоғырының  қалыңдығы  200  –  700  м.  алаңда  шағын  амплитудалы 

тектоникалық жарылымдар орын алған. 

Кен  денелері  туф,  құмайттас,  тақтатас  қабатшалары  бар,  ішкі  құрылысы  ұсақ 

кристалды ашық сұр әктастан құралған. 

Жарылым маңындағы әктастар мәрмәрға, кей жерлерде шақпақ тасқа айналған. 

Әктастың қолданылуы тек құрылыста ғана емес, сонымен қоса алюминий, ферросплав 

ӛндіруге  қажет  флюске  қосымша  шикізат  ретінде;  цемент  ӛндірісінде  құрылыс  материалы 

ретінде қолданылады. 

Керегетас кен орны 1957 жылдан бері барланып, құрылысқа, ӛндіріске қолданылуда. 

Негізгі барлау жұмыстары 1958 – 1962 жылдары жүргізілген. 

Кеңес  заманыңда  және  қазіргі  уақытта  негізгі  пайдаланушысы  және  иесі  Павлодар 

алюминий  зауыты  болып  табылады.  Сонымен  қатар  Ақтӛбе  және  Павлодар  облысының 

басқа да кәсіпорындары тұтынады. Бұл күндері жылдық ӛдіріс қуаты 2,3 мың тоннаны құрап 

отыр. 

Кварц, қалыпты (формалық) қҧм мен балшық 

Павлодар облысында кварц құмының жалпы қоры – 26660,9 мың м

3



Павлодар  облысының  ең  ірі  кварц,  қалыпты  (формалық)  құм  мен  балшықтың  қоры 



Қарасор кен орныныда. Қарасор кен орны – ерте замандағы Павлодар облысының Қалқаман 

мен Екібастұз арасындағы тартылып қалған батпақты жерде орналасқан.  Қарасор құмының 

құрамында  кремнезем  үлесі  жоғары  (90  %  астам)  сондықтан  оны  металлургия 

кәсіпорындары барынша қолданады. Бұл құм мен сазды шыны жасауға да қолданады. 

Қарасор  кен  орнының  кварц  құмдары  кремнеземге  бай  болып  келеді.  Ең  негізгі  кен 

орны алғашында Екібастұз қаласының маңында 19 ғасырдың  ортасында ашылған. Осы кен 

орнының  маңызы  мен  даму  мүмкіндіктері  ӛте  жоғарғы  деңгейде  болған,  ӛйткені,  кварц 

құмдарының құрамы 99% - дай мӛлшері кремнеземге бай екендігі анықталды. 

Қарасор  кен  орнының  ӛнімін  игеретін,  табатын,  қолданысқа  жіберетін  Павлодар 

облысының комбинаты  – Қарасор ТКБК. Сондықтан да, Қарасор ТКБК (тау кен байытушы 

комбинат)  кен  орын  аз  уақыттың  ішінде  кремнеземнің  қор  мӛлшеріне  байланысты  әйгілі 

болды. Комбинат «Қарасордың кварц құмдары» мен «Қалқаманның бентонитті саздарының» 

кен  орындары  мен  түрлі  қосалқы  бӛлімшелерінен  (кӛліктік  цех,  жӛндеу  –  механикалық 

базасы, жылу, су, жӛндеу – құрылыс участелерінен) тұрады. 

Алғашында  Қарасор  ТКБК  құм  карьері  ретінде  1962  жылдан  бастап  барланып, 

игерліп, жұмыс жасай бастады. ТКБК негізінен құм мен балшықты металлургия мен шыны 

ӛндірісіне  ала  бастады.  Ал  кварц  құмы  бӛтелке  шынысын  жасауда  қолданысқа 

пайдаланылды.  Осы  карьердегі  бентонитті  саздар  мен  балшықтар  металлургия  саласында 

құю  ӛндірісінде  басты  байланыстырғыш  шикізаты  ретінде  пайдаланылды.  Жылына 

карьерден  1,5  млн.  тонна  құм  ӛндірген  уақыттары  да  болған.  Қарасор  ТКБК  кен  орнының 

даму  қарқыны  жылдан  жылға  артуда.  1991  жылы  15 000  тонна  болса,  2000  жылы  250 000 

тоннаға жеткен кӛрсеткіштері бар. 

Қазіргі кезде Қарасор ТКБК Қазақстанның 40 зауытына, Ресей Ферерациясының 3 – 4 

зауытына  ӛз  ӛнімін  экспорттайды.  Қарасор  ТКБК  Монғолиямен  де  ӛз  ӛнімін  экспорттауға 

келісім  шартқа  отырған.  Қазақстан  бойынша  басты  сатып  алушылар:  «Испат  –  Кармет» 

(Қарағанды),  Ақсу  ферроқорытпа  зауыты,  «Қазақмыс»  (Жезқазған),  Қазцинкмаш 

корпорациясы, АҚ «Востокмашзавод» (Ӛскемен), «Экотон Плюс» (Астана), АҚ «Алюминий 

Казахстана», ЖШС  «Кастинг» (Павлодар), ЖШС  «Конкрит Продактс», АҚ  «АЗТМ», ЖШС 

«KSP STEEL». 

2000  –  шы  жылдардан  бастап  комбинатта  ӛндіріс  қуаттылығын  жоғарлату  үшін, 

техникалық  жабдықтарды  модернизациялау  жұмыстары  жүргізілген.    Қарасор  ТКБК 

ӛндірілетін  кварц  құмы,  формалық  құмдар  мен  балшықтың  ерекшелігі  –  жоғарғы  табиғи 



1062 

сапасында,  ӛйткені  экспортқа  шығарылған  ӛнім  еш  қоспасыз  одан  әрі  байытуды 

қажетсінбейді. [6]. 

 

 



Сурет 1 -  Құрылысқа қажетті рудалардың Павлодар облысында таралуы 

 

Отқатӛзімді саз 

Павлодар  облысының  Май  ауданының  Кемертұз  кен  орны  отқатӛзімді  ақ  саз 

балшықтың  ең  ірі  кен  орны  болып  саналады.  Осы  кен  орынды  игерудегі  жеңілдік, 

отқатӛзімді  ақ  саз  балшықтың  ӛзі  жер  бетіне  жақын  орналасуы,  яғни  (вскрышка)  рудасыз 

пайдалы қазбаны табу еш қиындықсыз, ашық әдіспен табылады. 

Кемертұз  кен  орны  Павлодардан  130  км.  қашықтықта  Суханов  кен  орнына  жақын 

жерде  орналасқан.  Болжамдық  мәліметтерге  қарағанда  мұнда  500  мың  тоннаға  жуық  ақ 

балшық  қоры  бар.  Бұл  жобаның  артықшылығы  Ақсу  –  Дегелен  темір  жолына  жақын 

орналасқан. Шикізаттың толық жаңа химиялық технологиялар бойынша отқатӛзімділігі түрлі 

сараптамалар  негізінде,  жарамдылығы  анықталды.  Кен  орынның  геологиялық  құрылысы 

ерекше. Бұрғылау жұмыстары нормативті талаптар бойынша сай болып келеді. Барлық  кен 

орнының  участкесінде  бұрғылау  нәтижесінде  72  ұңғыма  бар,  олардың  тереңдігі  10  –  20  м 

аралығында, 12 метрлі кӛлемді болып келеді. 

Кемертұз  кен  орнының  шикізаты  Алматы  қаласының  «Металлургия  мен  байыту» 

институты  мен  Павлодар  қаласының  құрылыс  профильді  мемлекеттік  институтының 

зертханаларында  саздың  технологиялық  сараптамалары  жүргізілді.  Осы  технологиялық 

зерттеулер  барысында,  табиғи  сазды  күйдіру  нәтижесінде  шамот  алынып,  суды  сіңіру 

қабілеті  2%  - дан кем үлесін құрап отыр (ГОСТ 390  – 83, ГОСТ  53414  – 69). Бүгінгі  таңда 

балшықтың  отқа  тӛзімді  материал  ретінде  маңызы  толықтай  зерттелген.  «Сервисстрой» 



1063 

тәжірибелі  концерні  бүгінгі  таңда  отқа  тӛзімді  шамот  пен  мертел  дайындап,  Ақсу  МАЭС 

және Екібастұз ЖЭО тораптарына жӛнелтуде. 

Сонымен  қатар  Кемертұз  шикізаттарын  палладилі  катализаторларға  қоспа 

(энергетикадағы  реакцияны  жеделдетуші)  қолдануды  зерттеуге  қолға  алуда.  «Қазақстан 

Алюминийі»  АҚ  Кемертұз  балшықтарын  адсорбентті  материал  (бекітуші,  сіңіруші  зат) 

ретінде қолдануға тапсырыстар беруде [7]. 

Атаулы  мақаламызда  біз  құрлысқа  қажетті  рудасыз  пайдалы  қазбалар  ішінен  қазіргі 

таңда  жол  құрылысы,  үй  құрылысы  саласында  кеңінен  қолданылып  отырған  түрлеріне 

тоқталдық.  Осы  саланы  дамыту  Павлодар  облысы  экономикалық  әл  ауқатын  кӛтеріп, 

отандық  құрылыс  материалдарын  шығару,  бар  қорларды  мүмкіндігінше  игеру,  пайдалану 

мен дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. 

Жұмыстың  практикалық  маңызы  Павлодар  облысының  құрылысқа  қажетті  рудасыз 

пайдалы қазбалардың қазіргі кездегі қоры мен игерілу мүмкіндіктеріне сипаттама берілді. 

Павлодар облысы бойынша құрылысқа қажетті рудасыз пайдалы қазбалардың таралу 

картасы  жасалынды.  Әр  рудасыз  пайдалы  қазбаның  игерілуі  мен  қор  мӛлшерінің  қазіргі 

кезге  дейін  ӛсу  немесе  кему  қарқынының  сипаттамасы,  яғни  құрылыс  саласының  басқа 

салалармен  салыстырғанда  маңыздылығы  айқындалды.  Рудасыз  пайдалы  қазбалар  кең 

орындарының  экономикамызды  дамытуда  табиғи-қор  әлеуеттерін  айқындау,  отандық 

шикізат базасын игеру арқылы ӛз ӛнімдерімізді кеңінен тұтыну мен құрылыс материалдарын 

шығару, пайдалану және дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 

Инсебаев Т.А., Азербаев А.Д. Павлодарская область: страницы истории (1938-2008). 



Часть 1. История области. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2007. - 330 с. 

2.

 



С

АПАРОВ 


Қ.Т.

 

Археологиялық  кезеңдер  мен  пайдалы  қазбаларды  сипаттайтын 



топонимдер жүйесі. Науки о земле «Вестник ВКГТУ»№4, 2011. 

3.

 



http://spkpavlodar.kz/nedra_ru.html 

4.

 



http://bigox.kz/ondiristin-texnologiyalyk-sxemasy-men-adisin-tandau/ 

5.

 



http://www.analitika.kz/promyshlennost/proizvodstvo-izvesti-v-kazahstane 

6.

 



http://olrh.b2b.ivest.kz/ 

7.

 



http://panoramakz.com/archiv/2010/23.htm 

 

 



 

УДК 338.242 



СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ НЕФТЕПЕРЕРАБОТКИ И НЕФТЕХИМИИ В 

КАЗАХСТАНЕ 

 

Ахметова Іңкәр Еділбайқызы 

akhmetova-inkar@mail.ru

 

Магистрант РГУ нефти и газа имени И.М.Губкина, Москва, Российская Федерация 

Научный руководитель - О.Ф.Глаголева 

 

В  настоящее  время  общей  тенденцией  нефтяной  отрасли,  как  в  мире,  так  и  в 

Казахстане  является  уменьшение  разведанных  запасов  легкой  нефти,  практически  прирост 

запасов  происходит  за  счет  тяжелой  вязкой  сернистой  нефти.  Запасы  нефти,  удобные  для 

добычи и переработки, истощаются. Возможно, в недалекой перспективе придется работать 

исключительно  с  тяжелой  нефтью,  однако  ее  извлечение  и  переработка  требуют 

использования специальных дорогостоящих технологий. 

Главный  вопрос  развития  нефтепереработки  и  нефтехимии  Казахстана  -  повышение 



прибыльности этих секторов через увеличение добавленной стоимости продукции. Одним из 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет