Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы №22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім



бет4/8
Дата26.12.2023
өлшемі34,07 Kb.
#143961
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Гулназ 4 курс есебі (1)

3

3

3

3

3

Тақтаға барлығы 15 таяқша сызылады. Әр таяқшаны үш-үшттен қоршайды. Нәтижесінде: 15-тің ішінде үш-үштен қоршағанда 5 шеңбер болады. Әр шеңберде 3-таяқшадан орналасқандығына толыққанды көз жеткізілуі керек.


Осы іспеттес есептерді меңгеру, түсініп, бекітіп алудың нәтижесінде оқушылар алдағы болатын қалдықпен есептеудің қиындықтарынан оңай шығара алатын болады.
3.02.2023- «4-ке көбейту кестесі»
Музыкалық қобдиша. (өткен білімдерімізді сынаймыз)
Ойын шарты: Музыкалық әуен ойнағанда оқушылар бір-біріне музыкалық қобдишаны тізбек бойынша беріп отырады. Музыкалық әуен тоқтаған сәтте, кімнің алдына қорапша түседі, ішінен кез-келген бір сұрақты алып жауап беретін болады. Сұрақ түрлері өткен тақырыптарды бекіту мақсатында берілетін болады. Сұраққа жауап берген оқушы үшін көңілді стикерлер таратылатын болады.
Стикерлерді әр дикрипторға сәйкес жинақтай отырып, сабақ соңында бағалау нәтижесінде 1-10балл аралығында сәйкес бағасын алады.
4-ке көбейту кестесі, Математиканың алдыңғы тақырыптары іспеттес. Есептеулер түрлеріне орай, мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

  • 4+4+4=12

  • 4+4+4+4=16

  • 4+4+4+4+4=20

Бұл жүйе, жоғарыда көрсетілген 3-тің көбейту кестесін еске түсіреді.
Оқушылар шыққан мәнге 4-ті қосу арқылы келесі көбейтіндінің мәнін таба алады.
Нәтижесінде:

  • 4 *3=12 +4

  • 4 *4=16

  • 4*5=20 +4

Осы іспеттес есептеулер түрлерінде, оқушылар көбейтуге кері амал-бөлудің қалай орындалатынын меңгере алады.
Жолдары:

4+4+4+4+4=20 4*5=20


20/4= 5
Себебі, 4-ті 5-рет көбейткенде, көбейтіндінің мәні -20
20-ның ішінде төрт- 5рет кездеседі.
Сонымен қатар, мына есептеу жүйесі: оқу деңгейі төмен оқушылар үшін түсінікті бола алады.
Мысалы: 20-ны «0» шықаншша төрт-төрттен азайтамыз.
20-4-4-4-4-4=0
-Бұл есептеуде, төртті неше рет қолдандық?
- Жауабы: 5
Оқушылар үшін әрбір есепте, мұқият түсіндірудің нәтижесінде: есептің мәні қайдан шығатынын, әрі шығарылу жолдарының тәсілдерін білу, есептеуде көбейту мен бөлудің компоненттерін еске сақтай отырып, өзара кері амалдарды орындап дұрыстығына көз жеткізе алатын болады.
Оқушыларды бағаға емес, сапаға, білімнің толық деңгейде берілгендігіне мұқият баса назар аударылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет