Мен Моңғолия мемлекеті аз ғана қазақтар шоғырланған, қаймағы бұзылмаған Баян-Өлгий қаласынан келдім. Толық аты-жөнім Менейқызы Ербала. Мен он екінші сыныпты аяқтаған соң қайда оқимын деген сұрақ мені көп мазаламады



Дата27.09.2024
өлшемі28,44 Kb.
#145878
Байланысты:
Эссе 22


Мен Моңғолия мемлекеті аз ғана қазақтар шоғырланған, қаймағы бұзылмаған Баян-Өлгий қаласынан келдім. Толық аты-жөнім Менейқызы Ербала. Мен он екінші сыныпты аяқтаған соң қайда оқимын деген сұрақ мені көп мазаламады. Мен ойлана келе Қазақстанда оқу туралы шешімді қабылдадым. Ата-анам менің бұл шешіміме қарсы болмай бірден қолдады.
Мектепті бітіргеннен кейін, шекара асып, алып шаһар Астанаға үлкен арман, мақсаттарымды арқалап келдім. Басты мақсатым бас қаладағы үздік оқу орыны Еуразия ұлттық университетінің екі шет тілдері мұғалімі болу. Себебі, екі шет тілдері мұғалімі болсам, болашақта ата-мекенім Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімді қосып, бір кірпіші болып қаланғым келеді. Қазіргі таңда мен монгол тілінде еркін сөйлеймін. Сонымен қатар, басқа да тілдерді үйреніп жатырмын. Менің алға қойған мақсаттарымның бірі, көп тілдерді меңгеріп, әлемді аралап, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттап, қазақтың атын күллі әлемге паш ету.
Көп адам үлгі тұтатын ұлағатты ұстаз, қазақ деп жүрегі соғатын отан сүйгіш, сауатты жан-жақты, жаңашыл шәкірт тәрбиелеу менің басты армандарымның бірі де бірегейі. Менің мінезім ашық жарқын, ортаға тез сіңіп кетемін. Балалармен жұмыс жасап, әңгімелескен маған қатты ұнайды. Кейде әртүрлі жанрдағы кітаптар оқимын. Кітап оқу арқылы өрісімді кеңейтіп, шешендік өнерімді шыңдап ораторлық қасиетке қол жеткізгім келеді. Бұл ұстаз боламын деген әрбір адамның бойында болуы керек дүние. Оқушы кезімде ағылшын тілдерінен Республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, үздік үштіктен бой көрсеттім. Үлкен сахналарды да төбе көрсетіп, ән айтып, би билеп ұйымдастыру жұмыстарына үнемі белсене ат салыстым. Себебі адам бір рет келетін ғұмырында жан-жақты дамып, үнемі ізденіс үстінде жүруге міндетті. Бұл жаһандық ғасырдың басты талабы.
Көп адамдар неге Еуразия ұлттық университетіне оқуға түскің келеді деп сұрайды. Еуразия ұлттық университетіне оқуға түскім келетінің басты себебі оқу сапасы жоғары, студенттерге бар жағдай жасалған. Әрі бұл университетте "Өнер орталығы" бар. Бұл жерде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған талантты жастар бір шаңырақ астында тоғысқан. Уақытыңды тиімді, пайдалы өткізіп, жақсы орта, достар табуға барлық мүмкіндіктер бар. Еуразия ұлттық университетінен "сен тұр мен атайын" деген кіл үздік танымал адамдар мен ардагер ғалымдар сабақ береді. Менде өрісі кең өжет тұлға болғым келеді.
Менің өмірлік ұстанымым бойынша, «мен істей алмаймын, қолымнан келмейді» деген ойлардан аулақ боламын. Себебі, адам өзінің қалауына міндетті түрде уақыт табады және қол жеткізеді. Қандайда бір шешім қабылдауға тәуекел жасаудан қорқпаймын. Өмір сынақтардан тұрады, сондықтан мен қателіктерімнен сабақ аламын. Мен жалқаулықты жек көретін адамдардың қатарынан болғандықтан, уақытымның әр сәтін бағалаймын.
Адам өзін өзгелермен емес, өзімен салсытырған жөн деп санаймын. Өйткені, адамның алғашқы қарсыласы өзі болып табылады. Есіме бір әңгіменің үзіндісі түсті. Баяғыда бір адам “әлемді өзертемін” деген екен. Әлемді өзгерте алмағаннан кейін “елімді өзгертемін” деген екен. Елін өзгерте алмағаннан кейін, “өзімнің қаламды өзгертемін”деген екен, қаласын өзгерте алмағаннан соң, “отбасымды өзгертемін” деген екен, олда болмаған соң, “ең болмағанда, өзімді өзгертейін” деген екен. Уақыт өтіп, өзін өзгерткен-нен кейін, отбасының да өзгергенін байқаған екен. Сол кезде адам, мен әлемді өзгертпес бұрын, өзімді өзгертуім керек еді депті. Сондықтан, мен өзімді өзгемен емес, өзіммен салыстыру арқылы кемшіліктерімді толтырып, өзімді дамытамын. Кез – келген қиын сәттерге тап болсам, сабыр сақтауға тырысамын. Сабыр шыдамдылықты талап ететіндіктен, істің артын бағып, соған сай әрекет етемін. Абай атамыз айтқандай, «ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» демекші, ұлы мақсаттар мен істердің барлығы кішкентай, бірақ нық қадамдардан бастау алады. Арманымыздағы өмірге жетіуіміз үшін, әр күні атқарған еңбегімізді ұмытпауымыз керек, сонда ғана жетер жолда жарқын болары сөзсіз. Мен алға қойған мақсаттарыма қол жеткізу үшін тынбай еңбек етемін. Бұл менің басты ұстанымым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет