Мен қоғамдық факторларына сай дүниеге келген



Дата02.03.2022
өлшемі45,69 Kb.
#26836
Байланысты:
2 лек фразео


2. Зерттеу барысында фразеологиялық бірліктердің қазақ халқының
данышпандығы мен парасатының, сол халықтың тарихи дүниетанымының
және тәжірибесінің ассоциацияларынан көрінетіні дәлелденді. Мәселен,
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру жағдайына, менталитеті
мен қоғамдық факторларына сай дүниеге келген тумаған сиырдың уызынан дәмету фразеологизмі «босқа қиялдау, болмайтын нәрсеге бас ауыртып көп сөйлеу» мағынасында қолданылады. Дәл осы мағынаны ұйғыр
тіліндегі Асмандики ғазиниң шовисиға нан чилап йемәк (аспанда ұшып
жүрген қаздың сорпасына нан жібітіп жеу) фразеологизмі берсе, орыс
тілінде Делить шкуру неубитого медведья фразеологизмінің мағынасын
бере алады. Осы мысалдардан көрініп тұрғандай, қоғамда, табиғатта болатын бір құбылыс немесе ситуация әр халықтың, ұлттың өмір сүру ортасына, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, бейнелі ойлау мүмкіншілігіне қарай
әр түрлі сөздерден жасалып, түрлі жолдармен, бейнелермен, тәсілдермен
беріліп тұр.

Авакова

  1. Фразеологиялық бірліктерді зерттеудің жаңа бағыты, жаңа парадигмасы болып табылатын когнитивтік талдау негіздері В.Н. Телия ілімінде көрініс тапты. Тілдік таңбаның ерекше түрі болып табылатын фразеологиялық бірліктерде ұлттың мәдени жемістері, яғни халық ауыз әдебиеті, діни философиясы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мифологиялық дүниетаным көздерінің іздері жатыр.

  2. Қазақ халық санасында сақталған мифтер мен аңыздарды тек тілден
    ғана көруге болады. Сондықтан да тілдік материал, тілдік қазына мифтер
    мен аңыздар туралы мағлұматтарды өз бойына сақтай алған бірден-бір дерек көзі болып табылады. Мысалы, тіліміздегі қабырғасымен кеңесу фраземасы үйдегі «әйелімен, отбасымен ақылдасу» мәнінде қолданылады.
    Христиан дініндегі фраземаның шығу төркінін қарастырайық: христиандардың «киелі кітабында» құдай көк пен жерді жаратқаннан кейін
    топырақтан еркек адамды жасап, оның қабырғасынан әйелді жаратқан
    делінген. Осы аңыз негізінде пайда болған «әйелімен (жақынымен)
    ақылдасу, кеңесу» мағы-насындағы қабырғасымен кеңесу деген фразема
    қалыптасқан.

2.Фразеологиялық бірліктердегі уәжділік тілдік символдармен тікелей
байланысты. Ішкі форма теориясын жан-жақты қарастырған ғалым Шарль
Балли – сөйлеушінің бет-әлпеті мен адресатқа айтайын деген ойының арасында символдық байланыс бар дейді. Біздің сөйлеу мүшелеріміз біздің
санамыздан тыс қол, саусақ, бас, көз және т.б. мүшелер сияқты символдық
қимылдарды қайталайды. Мәселен, үлкен бір нәрсе туралы айтқан кезде екі
қолымызды екі жаққа жаямыз немесе керісінше, кішкентай нәрсе туралы
айтқанда оларды біріктіреміз. Осы мәселе тұрғысынан сөз қозғап, өзіндік
пікір айтқан итальян тілінің фразеологиясын зерттеуші
Т.З. Черданцева төмендегідей тұжырым келтіреді «... мы широко открываем рот, желая произнести vaste, large, grand b т.п. (ср. широкой, обширный, большой), мы вытягиваем губы, произнося long, profound (ср.длинный, глубокий)» [Т.З. Черданцева, 2000; 10-38 бб.]

2. Фраземалар тіл байлығы ретінде, ұзақ ғасырлар жемісі іспетті атадан балаға мұра болып сақталған. Олардың көпшілігі тілдегі символдық бейнелер болып табылады. Символ дегеніміз – ойды астарлап, бейнелі тәсілдер арқылы жеткізуде басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақты сипаты бар балама бейне. Кез келген құрылымдық мағына символ бола алады. Себебі сөздің тура, біріншілік мағынасымен қоса, екіншілік, ауыс, бейнелі мағынасы қатар жүреді. Осы екіншілік мағынаны тек біріншілік, тура Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасымағына негізінде ғана түсінуге болады. Тура мағынадан туындаған сөздің ауыс, бейнелі мағынасы тілдегі символдар жүйесін құрайды. Фраземалардағы символдық мағына тілдің эволюциялық жолымен дамып, өрбіген, солардың негізінде пайда болған, символдық мағынаға ие сөздердің (дитскрипторлардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың танымдық, ұлттық-мәдени, фондық мағыналары сол тілде сөйлейтін

халықтың дүниені тануы мен құбылыстарға баға беруімен, әлемнің тілдік бейнесімен тығыз байланысты. Екіншілік мағынамен тығыз байланысты символдық мағынаның пайда болуын, олардағы фразеологиялану үрдісінің қашан, не үшін, қандай ситуацияда пайда болғанын бүгінгі тілдік тұрғыдан дәлелдеп беру мүмкін емес. Фразема-жасамға ұйытқы символ-сөздердің табиғатын ашу барысында, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, дүниетанымы мен мәдениетін, этнографиясы мен тарихын т.б. байланысты әлеу-меттік, саяси, қоғамдық факторларды ескерген жағдайда олардың уәждену үрдісін ашуға болатыны сөзсіз. Фраземалардың символдық мағынасын кез келген тілдік бірліктер арқылы ашуға болады. Саны жағынан басқа бірліктермен салыстырғанда шектеулі сан және түр-түс символдармен келген фразеологизмдер бойында символдық мағыналар халық-тың дүниені танып-білуімен, түрлі дәстүрлермен тығыз байланысты дамып, өрбіген. Мифопоэтикалық дәстүрлерде сан ұғымдарына киелі мән беріп, оларға діни, тәңірлік және әлемдік символдар ретінде қараған. Сан символдарын ерекше магиялық қасиеттермен байланыстырып, олардың бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар жатқанына сенген. Сан есімдермен келген фраземалардың мағынасында мифтік культуремалардың символдары сақталған. Сан символдарының қалыптасуына халық санасындағы магиялық, діни түсініктер мен танымдар әсер еткен. Фразеологиялық бірлік болып табылатын фраземалар дегеніміз – құрамындағы лексикалық компоненттер мағыналары мен оның тұтас мағыналарының еш байланысы жоқ, ауыспалы, бейнелі мағынадағы сөздердің тұрақты тіркесі. Мәселен, ит арқасы қиянда фраземасы «өте алыс», мұрнынан шаншылу «қатты шаршау», аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу «долданып ұрсу» және т.б. фраземаларының тұтас, ортақ мағынасы оның құрамындағы сөздердің компоненттік мағынасымен еш байланысы жоқ

6. Қазіргі кездегі тіл білімі әдебиеттерінде концепт терминімен қатар, тіл және мәдениет элементтерін байланыстыра қарастыратын логоэпистема, лингвокультурема терминдері қолданылып жүр. Ғылым саласының жаңадан қалыптасу кезеңінде жарыспалы қолданыстардың қатар жүруі заңды құбылыс болып табылады. Лингвоэпистема терминін лингвоелтанулық зерттеу еңбектерінде алғаш рет Е.М. Верещагин мен В.Г. Костоморов енгізген болатын. Лингвоэпистема – тілдік бірліктерде сақталған білімдер жинағы, яғни «знание несомое словом как таковым – его скрытой внутренней формой, его индивидуальной историей, его собственными связями с культурой» [Е.М. Веращагин, В.Г. Костоморов, 1999; 71 б.].

Лингвокультурема терминін алғаш ұсынған – В.В. Воробьев. Лингвокультурема – лингвистикалық және экстралингвистикалық ұғымдардың диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді деңгейаралық бірлік [В.В. Воробьев, 1997; 45-97 бб.].

Зерттеу барысында, көбінесе, лингвокультурема терминін қолданамыз. Тіл мен мәдениеттің арақатынасы негізінде зерттелетін тілдік бірліктер – культуремалар зерттеудің негізгі нысаны болып табылады. Аударма саласындағы лингвистикалық мәдениеттанудың теориялық мәселелеріне тоқтала келіп, профессор А. Алдашева былай дейді: «Лингвистикалық мәдениеттану саласы – этнолингвистикамен де, лингвоелтанумен де ортақтасатын ғылым; лингвомәдениеттану әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен жасасып келе жатқан өз сөзі; өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық «бет-пішін» бар деп есептелінген сөз ұлттық, элементтік, этикалық, саяси адамгершілік, тұрмыстық нормаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады» [А. Алдашева, 1998; 122-123 бб.]



5. Түркітану ғылымында шамандық белгілері көне түркілердің сенімдерінде, мифологиялық дүниесінде көп екендігін дәлелдейтін зерттеулер ХІХ ғасырда жүргізілген. Европа ғалымдары тіл мен миф арасындағы тығыз байланысты көрсету, адамның әлеуметтік және мәдени өміріндегі құбылыс ретінде байланыстар мен ерекшеліктерін анықтаумен ХІХ-ХХ ғғ. айналысты.

Тіл мен миф арасындағы байланыс туралы көзқарастар бір-біріне қарама-қайшы пікірлермен жалғасып жатады. Мәселен, атақты ғалым Ф. Шеллинг тілді қатып қалған, солған мифтің бейнесі десе, М. Мюллер тілдің біріншілігін, мифтің тілге қарағанда екіншілігін дәлелдейді. Ал Э. Кассирер тіл мен мифті қатар қойып, олар бір-бірінен ажыратуға келмейтін символдық формалар, сондықтан да олар әрқашан бір-бірін толықтырады деген пікірді айтады [А.М. Лобок, 1997; 159-164 бб.].

Тіл мен мифтің байланысының беріктігі соншалық, бір қарағанда оларды ажырату тіпті мүмкін емес болып көрінеді. Егер лингвистикалық ойлау бар болса, ол мифологиялық ойлаумен, таныммен әбден сіңіскен – дейді Э. Кассирер.

Кейбір ғалымдар миф туралы зерттеулердің бастамасын тіл білімінен, соның ішінде семантикадан алу қажеттігін айтады. Тіл табиғатында мифологиялық ойлаудың көрініс табатын және оны сақтайтын қандай да бір механизм (құдіретті күш) бар, осы күш сол ойлауды қайта жаңғырта да

алады деген пікірлер де кездеседі (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, А.Н. Веселовский және т.б.).

Кейінгі кездері тілдің коммуникативтік қызметіне шек келтіретін пікірлер де кездесіп жүр. Бұл көзқарастар негізінде тілдің коммуникативтік еместігін дәлелдеу мақсатында, тілдің пайда болуының мифологиялық негізін дәлелдейді [А.М. Лобок, 1997; 164 б.]. Әрине, бұл болжамның да өзіндік логикасы жоқ емес. Тілде қарым-қатынас құралы ретінде пайда бола қалатындай қарапайымдылық жоқ, ол өте күрделі жүйе. Сондықтан да кей тұста тілдің пайда болуының тек мифологиялық болжамы ғана тіл құдіретінің жұмбақтары мен сырларына жауап бере алатындай көрінеді. Тіл феноменін түсінуге оның ғажайып фантастикалық күрделілігін, қатынас құралын қиындатпаса жеңілдете алмайтын тілдің мәдени тұрғыдан боялған терең мағынасын ашуда тілдің пайда болуының мифологиялық болжамы ғана жауап бере алады. Мифологиялық болжам тіл феноменінің сан қырларын түсіндіруге жол аша алады. Мәселен, әр түрлі мәдени мұраларға ие халық үшін тіл өз туған, ұлттық мәдениетін дәріптеуші, оны өзге, жат мәдениеттен қорғаушы, сонымен қатар мәдениетті өз ішіне сақтаушы, басқа халықтың, жат ұлттың түсініп, кіруіне жол бермеуші құрал болып табылады. Мәдени мұралардың көріністері қоғамда, халық арасында ата-баба мұрасы ретінде қолданылатын тіл бүгінгі таңда коммуникативтік қызмет атқаратыны сөзсіз, бірақ өзінің шығу арнасы тұрғысынан утилитарлыкоммуникативтік, яғни тек қана қарым қатынасқа қажет жасалым ретінде қалыптасқанына көз жеткізу қиын.

Кез келген сөз ертедегі адамзат үшін ерекше мифологиялық құпияға ие болған, оның мағынасы мифтік түсініктер мен сырларға толы, адам үшін киелі болған. Ата-бабалар үшін сөздің киелі мағынасын білу, оның құпиясын ашу аса қажет болған Ауыз әдебиеті үлгілерімен, аңыздармен, яғни мифологиямен тікелей байланысты фразеологизмдер тілде мол көрініс тапқан. Тіл-тілде сақталған мифологиялық уәждер барлық дәуірге және халықтарға ортақ қазына. Тіл мен мәдениеттің фразеологизмдердегі көрінісін зерттеген ғалым В.А. Маслова былай деп көрсетеді: «В каждом конкретном фразеологизме отражается не целостный миф, а мифологема. Мифологема – это важный для мифа персонаж или ситуация, как бы главный герой мифа, в который может переходит из мифа в миф. В основе мифа, как правила, лежит архетип» [В.А. Маслова, 1999; 13-14 бб.]. Архетип терминін ең алғаш «Инстинкт және санасыздық» (1919 ж.) мақаласында Швейцария психологы К.Г. Юнг енгізген. Оның пікірінше, архетип дегеніміз – ұжымдық санасыздық, жеке адамның санасыздығымен қатар ұжымдық санасыздықтың неғұрлым терең қабаттары болады, онда бастапқы психикалық құрылымдар (архетиптер) түрінде адамзаттың ең ежелгі тәжірибесі сақталады, ол дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорлық әзірлікті қамтамасыз етеді [К.Г. Юнг, 1991; 165 б.]. Ол ұлы идеялардың бәрі архетиптік негізде жатыр деп санады.

1.Фразеологиялық бірлік-фразеологиялық тұтас сияқты, семантикалық жақтан бөлінбейтін, біртұтас единица. Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмасы мынада: фразеологиялық тұтастықтың бір бүтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен мүлде жанаспайтын болса, фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіндігін біртұтас келтірінді мағынасында ұласуы нәтижесінде пайда болады. Мысалф: лауырдың үсті, жеңілдің астымен, түймедейді түйедей ету, тайға таңба басқандай, тамырына балта шабу т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет