«Мен өзімнің қазақ болып туғанымды мақтан етуге толық негіз бар»



Дата01.05.2022
өлшемі32,34 Kb.
#33026
Байланысты:
Борис Анель эссе нац.восп


Борис Анель

Эссе

«Мен өзімнің қазақ болып туғанымды мақтан етуге толық негіз бар»

Мен Қазақстанда дүниеге келдім, және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден еш нәрседен тайынбаған ел, ешкімге мойынсынбаған ел.

Қазақ деген атаумен бірге ойыма еріксіз кең байтақ жер, сұлу табиғат, тату-тәтті, бақытты жандар елестейді. Біздің еліміз тату-тәтті ел, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам көп ұлт өкілдері көк тудың астында бейбіт өмір сүруде.

Мен өзімнің қазақ болып туғанымды мақтан етуге толық негіз бар. Соларды бірнеше мысалмен көрсетіп берсем:

 Ең алдымен қазақ десе, ойымызға қонақжайлық келеді. Себебі, қазақ пен қонақжайлық екеуі егіз ұғым. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Біздің елімізге келген әрбір туристың ең бірінші айтатын сөзі- қонақжай халық. Үйіне қонақ келсе төрін ұсынып қонақжайлылығын көрсетеді. «Қонақ келсе құт келеді» деп алдына барын қояды. Еліміздің қонақжайлылығы туралы айта берсек сөзімнің аяғы болмайтын сияқты.

Екіншіден, үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсету біздің қанымызға таралған және ата-баба салт-дәстүрімізді берік ұстанатын елміз.

Үшіншіден, біздің елімізде ауызбіршілік бар. Ел басына қиын күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын берік елміз.

Қазақ халқымыздың бойында бар ерекшеліктерін айта берсек, уақыт та, сөзде жетпейді. Міне, осындай қанымызда бар ерекшеліктерді біле тұра, мен неге қазақ болып туғаныма мақтанбауым керек?!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет