Реферат фастфуд Орындаған: Рысбек Жанерке, СиС-21 тобы Тексерген: Айтлесов К. К. Астана 2023 Мазмұны



бет1/2
Дата13.02.2023
өлшемі1,58 Mb.
#67488
түріРеферат
  1   2

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ
Көлік-энергетика факультеті
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы
РЕФЕРАТ


Фастфуд

Орындаған: Рысбек Жанерке, СиС-21 тобы


Тексерген: Айтлесов К.К.


Астана 2023


Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………3

  1. McDonald’s тарихы…………………………………………………..4

  2. Табысының құпиясы…………………………………………………6

  3. Денсаулыққа әсері……………………………………………………7

  4. Ас мәзірі………………………………………………………………8

  5. Фотогалерея………………………………………………………….10

Қорытынды…………………………………………………………………11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………13

Кіріспе
Фастфуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы.Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. Сырт көзге аты да заты да жағымды «Фаст – фуд» деп айдарлатып айтып жүрген – гамбургер, хот – дог, бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін лапша, пицца және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз қауіп. Бірақ мұны бәріміз білеміз. Біле тұра істейміз. Бұл үшін кінәні Макдональдс, КҒС сияқты жеңіл тамақтану орталықтарынан іздейміз бе, әлде химиялық технологияның дамуынан көреміз бе?!
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ олардың сапасы мен ұүрамында не бар екен? Олардың денсаулыққа әсері қандай? Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді көреді. Көбіне адамдар фаст – фудты тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігімен байланыстырса, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. 
Алайда екінің – бірі бұл тамақтың зиянды екенін ойлай бермейді. Ол қымбат емес, бірақ өте қауіпті. 

McDonald's Corporation — американдық корпорация, жылдам тамақтану дүкендерінің дүниежүзіндегі ірі желісі. 1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді.



1953 жылы, Дауни қаласында (Калифорния штаты) ашылған Макдоналдс мейрамханасы.

Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы.Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.



Макдоналдстің 1968 пен 2006 жылдар аралығында қолданылған логотипі. Бұны әлі күнге дейін кей мейрамханаларда ілініп тұр.

McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.




Табысының құпиясы біріншіден, бұл стандартизация. Қарапайым аудандарда тұратын адамдар өздерінің кішкене "Макдональдстерін" ұната тұрып, әрқашанда қаланың орталығында орналасқан мейрамханасына кіреді. Өйткені оларға екі жерде де бірдей дәрежеде сапалы қызмет көрсетеді және дәмді тағамдарды ұсынады. Брендтің танымал болуының екінші құпиясы - бұл бизнесті жүргізудің толық ашықтылығы болып табылады. Көптеген тұтынушылар Макдоналдсты дәл осы қасиеті үшін ұнатады. Мұнда алдау - жоқтың қасы. Сонымен қатар, Макдоналдс, клиентті жылдам тамақтандыру желілерінің ішінен жабдықтаушылармен ұзақ уақытқа келісім жасататын компаниялардың бірі болыа табылады. Осыған байланысты жабдықтаушылар тек жоғары сапалы және балғын азық-түліктермен қамтамасыз етеді. Компанияның тағы бір қосымша артықшылығы ретінде - оның әрдайым жаңа технологиялар мен қызмет көрсетуді жаңартып отыру болып табылады
Компаниядан не күтуі керектігін анық білетін: сервис пен дәмханалар тазалығы.
Мақтаныш. Крок өз компаниясымен де, оны қалай құрылысынан да мақтан тұтатын. Ол жайлы: «Гамбургерлерге деген әдемілікті байқау үшін адамның ақыл-ойы, қабілеті жоғары болу керек».
Көздегенінен қайтпаушылық. Крок ешқашан амбициясын жоғалтқан емес. Өзі айтқанынан қайтпаушылық пен белгілі бір мәселелерді қабылдай білу қабілетті Крокты әрқашан да күштілік қасиетке әкеледі.

Ол неге зиянды?

Фаст – фуд-бұл семіздік пен қатар жүретін аурулардың дамуына әкелетін жоғары калориялы тағам. Мысалы, дәстүрлі түрде картоп, гамбургер, Кокс және десерттен тұратын стандартты түскі ас 1000 ккал-дан асады, бұл бір тағамға артық.
Фаст-фудта кездесетін транс майлар бауыр, жүрек-тамыр жүйесі, эндокриндік жүйенің проблемаларына әкеледі, сонымен қатар қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін бірнеше есе арттырады. Адамдар үшін транс майлардың қауіпсіз мөлшері күнделікті рационның 1% - дан аспайды, ал фаст-фуд түскі асында мұндай майлардың шамамен 40% - ы бар.
Фаст-фуд құрамында ағзаға пайда әкелмейтін көптеген консерванттар, хош иістендіргіштер, бояғыштар бар. Қант пен тұздың артық мөлшері де пайдалы емес. Сонымен қатар, мұндай тағам тәуелді.
Фаст-фудты тұтыну көбінесе жүгіруде жүреді, бұл тағамның сіңуіне ықпал етпейді, ас қорыту жүйесі зардап шегеді.
Американдық ғалымдар балалар мен жасөспірімдерге қатысты зерттеу жүргізді, онда фаст-фудты үнемі тұтыну мен психикалық проблемалардың пайда болуы арасындағы байланыс орнатылды. Фаст-фуд мейрамханаларына үнемі баратын жас ересектерде мазасыздықтың жоғарылауы, депрессиялық жағдайларға бейімділік, негізсіз агрессия, реакциялардың жеткіліксіздігі және суицидтік көңіл-күй сияқты психикалық бұзылулар жиі кездеседі. Бүгінгі таңда эксперимент жалғасуда, ғалымдар фаст-фудтың балалар психикасына әсер ету механизмін түсінуге тырысуда.

Бір сөзбен айтқанда, фаст-фудтың зияны бұрыннан дәлелденген. Әрине, айына бір рет картоп қосылған гамбургер жеуге болады, бірақ егер сіз фигура мен денсаулықты сақтағыңыз келсе, дұрыс тамақтануды ұнататын фастфуд кафелері мен мейрамханаларына баруды азайтыңыз.



McDonald’s франчайзингтік компания болғандықтан, олардың әр түрлі елдердегі ас мәзірі әр түрлі болып келеді. Мысалы, олар сан қилы болуы мүмкін.Израильдегі Макдоналсте лафеде фалафель мен кебабтар ( «МакКебаб» атауына болады) сатылады.


Макдональдстың ас мәзірі


Биг Мак(Жапония

Биг Мак(Австралия)

  • Сиыр етінен жасалған сәндвичтер;

  • Биг Мак (ағылш. Big Mac);

  • Биф аля рус;

  • Гамбургер (ағылш. Hamburger);

  • Чизбургер және екі қабатты чизбургер ({ағылш. Cheeseburger});

  • Биг Тейсти (ағылш. Big N' Tasty);

  • Роял Чизбургер;

  • Тауық еті, балық және шошқа еті;

  • МакЧикен (ағылш. McChicken);

  • Чикен МакНаггетс (ағылш. Chicken McNuggets);

  • Филе-О-Фиш (ағылш. Filet-O-Fish);

  • Чикенбургер


McDonald’s Plaza


Әлемдегі “Макдоналдс” ресторандарының таралу картасы

.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет