Мен таңдаған мамандық



Дата03.06.2023
өлшемі20,05 Kb.
#98507

Мен таңдаған мамандық.
Мақсаты:
Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты таңдауын дұрыс жолда болуына себепкер болу;
өз-өзін анықтаудың жалпы әзірлігін қалыптастыру, мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті: мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
-оқушылардың өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай таный білуге үйрету;
-оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
-оқушыларды құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Алдарыңыздағы сұрақ жәшігіне өздеріңіздің көкейлеріңізде жауабын тба алмай жүрген сұрақтарығызды жазып аламыз, алма «Алма ағашына» әркім өзіміздің болашақ мамандықтарымызға немесе болашықтарымызға байланысты армандарымызды ойлап «алмаларды» ілеміз.
Міне балалар, алдымызда қазіргі таңда білім беріп жатқан Алтын ұя мектебіміздің суреті, ортада дұрыс талдау мен таңдауды, өз қабілетіміз бен ынтамызды анықтайтын жол, келесі жолда әртүрлі мамандықтарды оқытатын жоғары оқу орындары. Бүгінгі сабақта осы мектептен қандай бағдарды, қай мамандықты таңдап, қай оқу ордасына баратынымызды да талқылаймыз.
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірілік дағдысының жиынтығы.
Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады. Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескерту қажеттілігі болып табылады.
Мамандық алғын келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Мамандық таңдау ережесі:
Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және Сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
Өзін – өзі зерттеу маңызды (қызығушылыктар , мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, қабілеттер, денсаулық, өзін өзі бағалау, талаптану деңгейі) барынша өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауың керек;
Таңдаған мамандықты зерттеу;
Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
Мамандық таңдау кезіндегі ескеріңіз:
Өзіңнің қызығушылығынды, бейімділігіңді, құштарлығынды, яғни осындай іс – әрекетті істегеніңді ұнатамын;
Өз мүмкіншілігің – білімің, қабілетің, денсаулығың, яғни істей аламын;
Еңбек нарығы сұранысы, кадрлардың қажеттілігі, яғни керек маман дегенді.
Мамандықтың түрлері:
Агроном Аспаз Археолог Аудармашы Архитектор Аудитор Дәрігер Дизайнер Даяршы Діни қызметкер Дәнекерлеуші Матрос Мұғалім Менеджер Металлург Машинаст Мүсінші Сатушы Стюардесса Слесарь Спортсмен
Тәрбиеші
Тракторист
Тігінші
Таксист
Тілші Инженер Инспектор Информатик Шекарашы Шаштараз Шахтер Шофер Экономист Эколог Экскурсовод Электрик
Заңгер
Зоотехник Жазушы Журналист
«Болашақта мен ........ мамандығын таңдаймын, себебі ....»
Тақтадағы күн сәулесіне өздеріңіздің болашақ таңдаған мамандықтарыңызды жазып, не себепті сол мамандықты таңдағаныңыз, сол мамандықтың бір күнін сипаттап беріңіздер.
Оқушылар мамандықтарын таңдап болғаннан кейін бағытқа (жаратылыстану – математика, қоғамдық - гуманитарлық) бөлініп отырады.
«Келесі кездескенше!» жаттығуы.
Менің қолымда май шам. Мен сіздің қолыңызда әрдайым бәрі жанып тұруын және бақтарыңыз жанып армандарыңыз лаулай беруін, өмірде бәрі талқыланып сәтті аяқталуын қалаймын. Кімнің қолында майшам болса, сол бүгінгі тәрбие сағаты барысындағы жетістіктері мен жаңалыұтарын әңгімелеп береді.
Талдау.
- Бұл күн сізге не әкелді?
- Жаңадан не білдіңіз?
- Мамандық таңдауыңызға көмекгі болды ма?
- Қандай көңіл күйдесіз?
- Өзіңіз қандай қорытынды шығардыңыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет