Менеджмент- басқару, жүргізу, ұйымдастыру, басшылық ету, іс-әрекеттің тиімділігін, түсімділігін арттыру арқылы басқарудың тиімділігіне жету жолын іздеу деген мағынаны білдіреді. Басқару



бет3/3
Дата21.12.2022
өлшемі50,96 Kb.
#58599
1   2   3
Байланысты:
глоссарий

Педагог лидерлігі – әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше мұғалімнің мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен таңдауын білдіретін қызметі.

  • Қайта тәрбиелеу – баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.

  • Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.

  • Педагогикалық процесс- қоғамдық өмірде және еңбекте өзін- өзі дамытуға дайын әрбір оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған педагогтардың қатысуы мен басқаруы арқылы жүргізілетін оқушылармен біріккен қызметі.

  • Қарым-қатынас – екі немесе одан көп адамдардың тұлғааралық қатынас орнату мақсатындағы өзара әрекеті, бірлескен әрекеттің ортақ нәтижесіне қол жеткізу, баланың психологиялық және әлеуметтік дамуының маңызды ықпалының бірі.

  • Педагогикалық қарым-қатынас – бұл оқу және тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби қарым-қатынасы.

  • Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуде, нақты проблемаларды шешуде, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруда және іс-әрекет, ақпарат алмасуда көрінетін байланыстар мен іс-қимыл үрдісі.

  • Әдеп – моральдық категория, адамдар арасындағы қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіреді. Адамгершілік құлық адамдардың қауымдасып, өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Этика – мінез-құлық мөлшері, әдептілік. Этика мінез-құлық туралы ғылым.

  • Әдеп кодексі – қоғамда өмір сүрудің басты нормаларын /адамгершілік, мәдени-рухани, ізеттілік, сыпайылылық, т.б./ белгілейтін құжат.

  • Ұстаным – еңбек процесінде айқындалады, шыңдалып беки түседі. Ол іс-әрекет пен сөздің бірлігінен, адамның алға қойған мақсатты орындаудағы белсенділік пен теориялық білім, білік, іскерлік қабілетін жүзеге асыра білуінен байқалады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет