Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Кәсіби біліктілікті көтеру принципі



бет35/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Кәсіби біліктілікті көтеру принципі – мектептің дамуының бірден-бір жолы. Мектеп басшысы үнемі оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге құлшыныс жасап, оны жүргізуге мұғалімдерді ұдайы тартып отыруы тиіс. Мектеп менеджері мұғалімнің өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге бағыттауы қажет.
Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципi
Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау: мектепте не нәрсе болса да, күштеп емес, өзінің тарапынан, өз еркімен орындалуы қажет. Мәселен, инновация міндеттеліп енгізілуі қажет, оны шығармашылықпен өздері меңгерулері тиіс. Ұжымда әрбір ұжым мүшелерінің жеке пікірлері, жеке көзқарастары ескерілгенмен, көпшілік дауыспен ең құнды деген пікір ғана шешім ретінде қабылдануы қажет. Ұжымдық шешім ғана істің оң бағытқа ғана өтуіне жағдай тудырады. Сондықтан, жұмысты бастамастан бұрын келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдаудың орны ерекше.


5 Тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару

Мектептегі жаңалық және жаңашылдық процесі. Қазіргі мектептегі жаңашылдық процеспен басқарудың ерекшеліктері. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Инновациялық іс-әрекет – индивидтің дәстүрлі іс-әрекетінен ерекше айырмашылығы бар іс-әрекеттің негізгі түрі. Ол өзара шиеленіскен қарама- қайшылықта жүзеге асады: дәстүрлі іс-әрекеттің қазіргі моделі тиімді болмай, оны одан әрі жетілдіру ешқандай нәтиже бермеген кезеңінде жаңаның өмірге келуі заңды құбылыс.
Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдар:
      • Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді дайындау (М.М.Поташник, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, Я.С.Турбовской, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Бұзаубақова, С.Н.Лактионова, Н.К.Ахметов және басқалар).


      • Мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияны қолдана білуге дайындау (Л.В.Нефедова, М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г.Брусницына, Ж.А. Қараев, Г.К.Нургалиева және басқалар).


      • Мұғалімнің инновациялық ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ( С.Н. Лактионова, Ш.Т.Таубаева және т.б.).


      • Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру (Н.Ш.Чинкина, Е.Г.Гаевская, Ш.Х.Курманалина, М.М. Мұқаметқали және т.б.).


      • Болашақ мұғалімдерді инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалануға дайындау (И.С.Дмитрих, М.Г.Соколова, Г.О.Қожашева, Г.С.Сибагатова, Б.Е.Медетбек, А.Е.Берикханова, Г.С.Базарбаева және т.б.).


      • Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде инновациялық технологияны пайдалану (Қ.Ө.Кариева, М.С.Мәлібекова, Г.Т.Жақыпбекова, Б.А.Қадырбаева, М.Б.Мақамбаев, З.А.Құттықожанова, Б.О.Қуанбаева, С.К. Исламгулова және т.б.).


      • Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық даярлығын қалыптастыру (Б.Т.Барсай, Қ.М.Нағымжанова және т.б.).


      • Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы: В.И.Журавлев, И.А.Зязюн, П.И.Карташов, Л.И.Гусев, Н.В.Кухарев, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Б.Т.Барсай, Г.Е.Берікханова, К.Жақсылықова, Қ.Ө.Кариева, М.М.Мұқамбетқали, Қ.А.Сарбасова және т.б.


Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни іс- әрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты – инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы; қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру.


Жаңашылдық ғылыми идеялардың тууынан оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын және әлеуметтік- педагогикалық ортадағы осыған сәйкес өзгерістерді жүзеге асыратын процесс.
Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе
«кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылыми- теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады.
Инновация – бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі. Осындай нәтижелі еңбекті ұйымдастырғанда мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қажеттілігі арта түседі (3-кесте).
Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие процесінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет