Байланысты: Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org
Білім сапасы: мәні мен құрылымы Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасына негізделеді. Сапа ішкі және сыртқы нарықта фирманың басымды жағдайын анықтайтын қаражаттарды жұмсауының үздік бағыты болуда. Сапа түсінігіне материалдық және рухани өндірістің әртүрлі саласында басымдық беріледі. Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына әкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрды. Осы ғылыми саланың шегінде өз шешімін табуды қажет ететін міндеттердің арасында адам мен білім квалиметриясының философиялық негіздерін әзірлеу аталады.
Сапа санатының философиялық түсінігі «бағалау сипатында емес, сондықтан да сапаның философиялық баяндалуында сапаны өлшеу немесе басқалай бағалау, жаман және жақсы, төмен және жоғары сапаны айыру және т.б. мәселесін қою орынсыз». Гегель: «Сапа, бірінші кезекте, болмыспен бірдей белгілілік ... Бір нәрсе өз сапасының арқасында бар болады және сапасын жоғалтқанда – өзі де жоқ болады»- деп көрсетті.
ISO 9000:2008 «Сапа менеджменті жүйелері, Негізгі ережелері және сөздік» халықаралық стандартында жеке сипаттамалардың жиынтығы мен талаптарды атқаратын дәреже сапа деп түсіндірілген, сонда «жоспарланған» деген ұғымға қарама-қайшы берілген «жекеменшік» деген тұжырым объектінің, қызметтің және т.б. тұрақты сипаттамасына қатысты болады. «Сапа» термині жаман, жақсы немесе өте жақсы деген сын есімдерімен қолданылуы мүмкін. Сонымен, осы термин сапаның философиялық түсінігімен қатар, өндірістік түсінігі үшін де жалпылауыш болуда.
Өндірістік жағдайда «өнім сапасы» тұтынушы үшін осы өнімнің мәнді қасиеттерінің жиынтығы ретінде маңызды болады. Осы қасиеттердің жиынтығы өнімге, эталондарға, стандарттарға ерекшеліктерінің негізіне қаланады.
Кез келген өнім сапасының айрықша белгілері:
онда белгілі қасиеттердің болуы;
олардың құндылықтарын өндірушінің ұстанымынан емес, тұтынушы ұстанымынан қарастыру.
Осындай талдау беруде өнім тұтынушыларының бар сұраныстарымен қатар, әлеуетті сұраныстарының да маңызды рөлі белгіленген. А. И.Субетто бойынша сапаның заманауи аспектілері: