Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары



бет2/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. «Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар атап айтсақ, А.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури өз тұжырымдамаларында төмендегідей ұсынады: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі.
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны әр алуан, терең және төмендегідей аспектілерде қарастырылады:
  • басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, әдістердің, технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады;


  • белгілі нәтижелерді, кәсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға бағытталған фирмамен тәжірибелік басқару ретінде;


  • процесс ретінде, яғни бөлек әрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ, кезеңдік қызмет;


  • өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-ақ басқару субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша әдебиеттерде басқару субъектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар да танылады);


  • басқару аппаратының әртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару проблемалары бойынша әдебиеттерде ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» деген термин кеңінен таралды.


В.П.Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбие процесін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады:


  • басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;


  • оқу-тәрбие процесін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;


  • оқушылардың еңбегін, зиятын, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;


  • білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу-тәрбие мақсаттарына жету процестерін ұйымдастыру және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет