Сурет-16. Д.Карнегидің басқара білудің 10 ережесі Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы. Директор және басқа да басшылардың оқу-тәрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей: педагогикалық жүйелер басқарымын демократизациялау және гуманизациялау.Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-әрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу және басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді.
Орталықтандыру мен дербестендіруді саналы түрде үйлестіру.Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен әміршілдікке жол бермеу. Орталықты басқару мен өзіндік басқаруды оңтайлы үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларының іс-әрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау және қабылдауды, кәсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, әрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді.
Жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген әрбір ұжым мүшелерінің жеке жауапкершілігін арттырады. Ал, жеке басқару тәртіп және жауапкершілікті қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.
Өкілеттіліктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
Басқару ақпараттарын әрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады: