Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет37/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңашылдық –білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.;


  • жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар әкелетін жаңашылдық педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.;


  • ұйымдастыру-басқарушылық бағытындағы жаңашылдық – білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер.

    Инновациялық процесс – жаңаны құру, меңгеру, пайдалану және тарату сияқты іс-әрекеттер жиынтығы. Мәселен, философ Н.И.Лапин жаңалық


    ендірудің жүйелілік,іс-әрекеттілік тұжырымдамасын ұсынады, жаңаны ендірудің әртүрлі деңгейлерін анықтайды (жалпығылымилық, жалпыәдіснамалық, нақты ғылымилық, қолданбалық), инновациялық процестің құрылымын ашып көрсетеді, жаңалық ендірудің негізгі параметрлерін көрсетеді, инновациялық процеске қатысты ұғымдарды анықтайды (жаңалық ендірудің өмірлік циклі, жаңалық ендірудің динамикасы мен тиімділігі).
    Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:


    1. Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру);


    2. Бірінші деңгейдегі инновация – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады;


    3. Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі);




    4. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет