Сурет-11. Басқарудың жалпы қағидалары Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді.
Менеджменттің атасы, көмір шығару бойынша француздық компанияның үлкен басшысы Анри Файоль (1847-1925жж.) ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас ағза ретінде қарастырды әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сендірді.
Анри Файоль (Henri Fayol) – ұйымдық менеджменттің негізін салушы. А.Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп қарастырды. Ол өзі әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін әзірледі: Инициатива. Инициатива – бұл жоспар құру, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ол мекемеге күш пен энергия береді.
Корпоративті рух. Одақ – бұл күш. Ол қызметкерлер үйлесімділігінің нәтижесі болып табылады.
Еңбекті бөлісу. Мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту.
Құзыреттілік. Жауапкершілік. Құзыреттілік – үкім беру құқығы, жауапкершілік – оған қарама-қарсы құраушы; құзыреттілік бар жерде жауапкершілік туындайды.
Тәртіп. Мекеме басшысы мен оның қызметкерлері арасындағы өзара түсінушілік, жауапкершілік.
Дара басшылық. Жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті.
Бағыт бірлігі. Бір мақсатта жұмыс жасап жатқан топ бір жоспарға бірігіп, бір ғана басшысы болуы шарт.
Жеке бас қызығушылығының жалпыға бағыныштылығы. Жеке жұмысшының немесе топтың қызығушылықтары мекеменің қызығушылықтарынан асып түспеуі қажет.
Қызметкерді марапаттау. Жұмысшылардан жақсы қызмет талап етпестен бұрын оларға жақсы жалақы төлеу қажет.
Орталықтандыру. Нәтижеге тезірек жету мақсатында іс-әрекетті ортаға жұмылдыру.
Скалярлы тізбек. Скалярлы тізбек – бұл ең жоғары орындағы басшы мен ең төменгі бөлім басшы арасындағы қызметтік қарым-қатынас, өзара байланыстылық.