Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет7/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Д.Макклелланд теорясы. Дэвид Макклелланд (1917-1998 ж.ж.) – кемеңгер, американдық психолог, Гарвард университетінің профессоры. Ол
құзыреттілік тұжырымдамасы және адамдарды табысқа жетуге ынталандыратын факторлары бойынша ерекше танылды.
Ол экономиканың дамуы мен табысқа жетуді ынталандыру және физиология мен табысқа жетуді ынталандыру арасындағы байланыстарды зерттеді.
Д.Макклелландтың басты еңбектері:
1) «Табыс мотивациясы» ( Джон Аткинсон, Рассель Кларк және Эдгар
Лоуэльмен авторлық бірлестікте, 1953ж.); 2) «Табысты қоғам» (1961ж.) ; 3) «Күш: ішкі тәжірибе» (1975ж.).
Д.Макклелланд компанияға қажетті адамдарды іздестіру, табу және оларға сәйкес келетін қызмет ұсыну бойынша құзыреттілікті бағалау әдісін ұсынды.
Д. Макклелланд үш қажеттілік теориясы ынталандыру теориясын жасау негізінде танымал болды: адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады. Бұл идея өз кезегінде игерілетін қажеттілік теорясы деп аталған үш қажеттілік теориясының арқауына айналды.
Д.Макклелланд адамның күнделікті қолдануға аса қажетті тағамнан басқа мотивациялық қажеттіліктің үш типін ажыратады:

  1. z табысқа ұмтылу (жету) қажеттілігі: осындай қажеттілікпен ынталанған адам көздеген мақсатқа жетуге және табысқа қол жеткізуге ұмтылады;

  2. z билікке ( басшылық қызметке) ұмтылу қажеттілігі: осындай қажеттілікпен ынталанған адам билікке (басшылық қызметке), құрметке, көшбасшылыққа қол жеткізуге ұмтылады;

  3. z өзіне деген қажеттілік: осындай қажеттілікпен ынталанған адам басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.

Д.Макклелланд зерттеуі бойынша, көптеген адамдарда аралас мотивация орныққан, ал кейбірінде осы үш қажеттіліктің тек біреуі ғана басым болады. Қайсыбір қажеттіліктің басым болуы әртүрлі қызметкердің болуымен ерекшеленеді.
Д.Макклелланд ұсынған үш құзыреттілік:

  1. z өзгені түсіне алуы;

  2. z жеке бастың жауапкершілігі ; 3) z идея ұсыну ( инициатива ұсыну).

Макклелланд табысқа жету үшін дұрыс мотивациялық қажеттілікпен қаруланған және көздеген жоспарын жүзеге асыруға ұмтылған адамды қалыптастыру қажет деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет