Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Кесте 1- «Менеджмент» ұғымынының мәні



бет4/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
darister

Кесте 1- «Менеджмент» ұғымынының мәні

Рет саны

Ғалымнының аты-жөні

Анықтама

1

Ю.А.Конаржевский

Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы

2

Т.М.Баймолдаев

Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы

3

Л.Л.Крившенко

Менеджмент – білім беру процесін басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен
технологиялық тәсілдер кешені

4

М.А.Гончаров

Менеджмент – эволюциялық ғылым және басқаруға келесі көзқарастардың ауысу динамикасында кәсіби басқару қызметінің ерекше түрі

5

А.Мескон
М. Альберт
Ф. Хедоури

Менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі

6

Б.Абыкаримұлы
К.С.Ахметкаримова
Р.Ш.Абитаева

Менеджмент – өндіріс пен өткізуді басқару құралы мен формасы, қазіргі заманғы қағидалары, тәсілдері және оның тиімділігін арттыру мен пайданы көбейту каримова б

Менеджмент іс-әрекеттің сапалы басқаруын талап етеді. Егер басқару оң нәтижесін бере алмаса, ол ешқандай да басқару бола алмайды. Педагогикалық жәй басқарудан менеджменттің айырмашылығы да осында.
Э.Т.Баярыстанованың зерттеуі бойынша, білім беру жүйесіндегі менеджердің қызметтері:

  • білім беру мекемесінің даму стратегиясын және оның қызметтерінің тұжырымдамалық принциптерін жасау;

  • білім беру мекемесінің философиясы мен идеологиясын қалыптастыру;

  • білім беру мекемесі мен педагогикалық ұжымды жоспарлау, болжау;

  • педагогикалық ұжымды мотивациялау;

  • педагогикалық ұжымды басқару жүйесін ұйымдастыру;

  • материалдық-техникалық басқару; - маркетингтік қызметті басқару;

  • қаржылық-экономикалық басқару;

  • компьютерлендіру мен ақпараттандыруды басқару;

  • шаруашылық қызметті басқару;

  • педагогикалық қызметті басқару ;

  • педагогикалық ұжым мен құрылымдық бөлімшелердің әрекеттерін бақылау және бағалау.

Қазіргі кезеңдегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай ісәрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі төмендегідей 3 типте өтуі мүмкін ( 1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет