педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру (7-сурет).
Сурет-7. Басқарудың негізгі қызметтері
Жоғарыда аталған қызметтерді талдау арқылы басқару мазмұнын екі топқа бөліп қарастыруға болады:
ұйымдастыру-бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-
әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.)
басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек өнімі және сапасы, санаттары мен атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы тағайындау);
әкімшілік-ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шекөлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтер мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау).
Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары.Қазіргі кезеңде елдер арасында және олардың білім беру жүйесіндегі білім сапасы мен интеллектуалдық қуаты бойынша бәсекелестік кең етек алуда, сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінде эволюция да байқалады. Сондықтан да біздің республикадағы басты басымдылық – білім беру сапасын қамтамасыз ету, ол Қазақстан Республикасы білімінің құқықтық-нормативтік базасында және мемлекетіміздің даму стратегиясында көрініс тапқан.
Білім сапасы – қоғам, мемлекет және жеке тұлғаның мақсаттық басымдылығы мен қажеттілігін есепке алып, қатар әрекет ететін, алдын ала болжанған процесс пен нәтиже. Білім сапасын басқару мақсатты бағытталған, ресурстың қамтамасыз етілген басқарылушы және басқарушының өзара әрекет ету процесінің қоғам мен жеке тұлғаның болжанған сапаға жету нәтижесі болып табылады.
Қазақстанда менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.