Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет1/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
darister


1. 1 Менеджмент басқару туралы ғылым
Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде. XXI ғасыр, жаhандану процесі, ақпараттану инновациялық экономиканың автоматтандырылуы барысындағы туындаған әлемдік жаңа өркениеттің бастамасы болуда және өмірдің барлық саласында терең өзгерістер енгізуде. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделесек, ғалымдар білім берудің даму бағытын зерттеу негізіне алатындығына көз жеткіземіз. Менеджменттің тарихы шамамен жүз жыл және ол түрлі мәдениеті бар және даму деңгейі әртүрлі елдерде сыннан өтті, осыған қарамастан өзінің барлық жүйесінде, өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдей алды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары менеджмент өз маңыздылығын айқын көрсетті. Қазіргі әлемде менеджмент мамандық ретінде, білім саласы ретінде шын мәнінде интернационалдық болды, оның әлемдегі жетекші маңызы қазіргі таңда сөзсіз, ал теория мен тәжірибенің дамуына, тіпті басқаруға үйретуге әсері неғұрлым зор.
Индустриалды қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық) қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік әрекетіндегі алатын басты рөлін анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман А.И.Субетто: «XXI ғасырдың адам және қоғамының жаңа онтологиясында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы және қоғамдағы білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты болып табылады» – деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің дамуымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының бағыттарын анықтау маңыздылығы едәуір өсуде.
Стратегиялық менеджменттің мәні – үш маңызды сұраққа жауап беруінде:

  1. Қазіргі таңда кәсіпорын қандай жағдайда?

  2. Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді?

  3. Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?

Менеджерлер бірінші сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның ағымдағы жағдайын ұғынумен қатар, осы кәсіпорын құрауышының бірі болу керек. Осы себептен кез келген саладағы басқару, сонымен қатар, білім жүйесінің ерекшеліктерін де жақсы түсінуі тиіс. Мұнда стратегиялық көру, әлеуметтік өмірдің тиісті саласының даму келешегін түсіну, қажет білім беру жүйесінде ерекше деңгейдегі басқару болжамдық сипаттағы ақпараты бар негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделуі тиіс.
Осы нормативтік-құқықтық актілерді әрекет ету саласы, оларды шығаратын субъектілері және басқа көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады. Заңдық күші бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар 2 топқа бөлінуі мүмкін:

  1. жоғары заңдық құқыққа ие заңдар – актілер;

  2. заңға тәуелді актілер – заңдарға негізделген және оларға қарамақайшы келмейтін актілер.

Білім беру қызметін және басқаруды реттейтін құжаттардың бірінші тобына Қазақстан Республикасының Конституциясы және ҚР-ның «Білім туралы» Заңы жатады. Екінші – аса кеңейтілген топ, мысалы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім туралы тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының үздіксіз педагогикалық білімінің тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген білім бағдарламаларын іске асыратын Білім ұйымдары қызметінің типтік ережелері сияқты құжаттар ұсынылған.
«Менеджмент» термині әмбебаптық болып табылатын «басқару» терминімен салыстырғанда арнайы өзіне тән мағыналық маңызға ие. Еске сала кетсек, ағылшын тілінде басқарудың көптеген түрі, бірқатар сөздермен берілген: «administrate», «control», «direct», «govern». Егер де «imanaged» сөз тіркесінде алар болсақ, онда аудармада «менің қолымнан келеді», «мен істей алдым», «мен нәтижеге жеттім» дегенді білдіреді. Екі үндестік қатарды қосқанда «менеджер» термині түсінігіне ие боламыз. Бұл екі өлшемнің парадигмасы: дәстүрлі түсініктегі басқару қызметі (әкімшілік, ұйымдастырушылық, бақылаушылық, бағыттаушылық және т.б.) және нәтижелігін немесе басқару тетігінің табыстылығы мен тиімділігін бағалау болып табылады.
«Менеджмент» ұғымының пайда болуы ХІХ ғасырдан бастау алады, бірақ оның әдіснамалық негіздемесі тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. «Менеджмент» латынның «ману» «қол» қол деген сөзінен шыққан.
«Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп «жеңу өнері» ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүрістұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

  1. Менеджмент бұл әртүрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару.

  2. Менеджмент – бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің аймағы.

  3. Менеджмент – басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік тобы.

  4. Менеджмент – басқарудың жаңа моделі, ұйымдастыру әдісі.

  5. Менеджмент – процесс, өзара ынтымақтастықтағы адамдардың алға қойған мақсатқа жету жолында өзінің бар күш- жігерін, білімін бағыттауы.

  6. Менеджмент – қарым-қатынас әдісі, басқарудың әкімшілік дағдысы.

  7. Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, адамдардың өзара қарым-қатынас тәсілі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы.

  8. Менеджмент – адамдардың айналасындағыларды басқарудың арнайы түрі (Питтер, Буккер).

  9. Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет