4 Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.
Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнелеуі болып табылады. Менеджмент тұрғысынан мектепішілік басқаруда оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық-функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру мазмұны мен әдістеріне сәйкестігі басшылыққа алынады.
Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары:
Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
Мұғалімжұмысын бағалау қағидасы(14-сурет).
Сурет-14. Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.
Олар:
адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;
адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру;
бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру;
жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау;
адамға құрмет және сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғары көрінісі ( 15-сурет).
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызметкезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп қарамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығушылығы, қоршаған ортасы, отбасы жағдайы, тұрмысы және т.б.