"Менің Абайым"



Дата01.03.2023
өлшемі16,02 Kb.
#70652
Байланысты:
эссе


ЭССЕ
“Менің Абайым”

Менің Абайым.Абай мен үшін кім?Абай өз артынан не қалдырды?Өзімнің шағын эссеме,Абайдың артынан қалған мұраларының маған қалай пайда тигізгенін көркем сөзбен жеткізуге тырысамын. Абай шығармашылығы уақыт өткен сайын, заман талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып жас ұрпақтар санасына орын алады.


Абайдың тоғызыншы қара сөзінен мен өзімді көрем.Бұл қара сөзде бір шешімге келе алмау,өз орныңды таба алмау,сенімсіздік,өз жаныңды түсінбеу,өмірді сүріп емес, жәй ғана өтіп жүру,сыртқы бейне сау,ал іште өлік,самарқау күй сияқты сезімдерді көреміз.Және осы күйге кейде менде түсіп қалам.Бұл күйімді Абайдың “Мен өзім тірі болсам да,анық тірі де емеспін”,- деген сөздерімен жеткізе алатын сияқтымын. “Сөйлегенім өз сөзім емес,күлгенім өз күлкім емес,бәрі де әлдекімдікі”.Осы сөздерді оқып отырып,күні бойы айналамдағы адамдардың ортасында күліп-ойнап жүріп,ал түнде өз ойыммен оңаша қалғанда , күндізгі өзімді танымай қалатын өзімді көрем. Шынайы қуанып,күлудің өзі бір бақыт екен.“Қуыс кейде”.Бұл сөзді Абай нақты қалай түсінді,бұл сөзбен не айтқысы келді,білмеймін,бірақ мен үшін бұл сөз самарқау, іші бос, алдына қойған мақсаты жоқ,бар болса да ол мақсатқа жетуге әрекет қылмайтын адам деп түсіндім.Осы ойдың бәрі Абайдың тек бір қара сөзінен ғана туып отыр.Ал қалған 44 қара сөзінде қандай ойлар,мағына тұнып тұр десеңші?!
Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың жылдар бойы,ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани,әдеби қазынасы.Маңызын жоймауды былай қоя тұрып,заман өзгеріп,қоғамдық санада , қоғамдық менталитетте күрт сапырылыстар,өзгерістер пайда болған сайын бұл әдеби мұра өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне уақыт айқын көз жеткізді.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына мұра қалдырғанынағасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десем,қателеспеген болармын.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,теңеулер мен бейнелеу шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікірім ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөздеріне қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапқан. Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың сол замандағы мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді.
Қорытындылай келе,түйген ойым - адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын, Абай поэзиясының түпкі негізі-адам,толық адам. “Толық адам”ілімі туралы сөз қозғар болсақ,оған шек таппай кетердеймін.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю,әділетті сүю - Абай шығармаларының биік мұраты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет