Жауабы Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ДӘСТҮР \ «Қол кесер» деген не?
Дұрыс жауабы Соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ДӘСТҮР \ «Бастаңғы» туралы ақпарат беріңіз.
ДҰРЫС ЖАУАБЫ Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады.
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ДӘСТҮР \ «Сыралғы» дегеніміз не?
ДҰРЫС ЖАУАБЫ "Батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы" деген мәтел бар. Сыралғы – олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын дәстүрлі, кәделі жол әрі ырым. Мәрт аңшылар мұндайда "сыралғы" сұрағанның сөзін жерге тастамайды. Есте болатын бір әдет-ғұрып – міндет. Бірақ атып алған аң сыйлыққа жатпайды.
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ТАРИХ \ «Ұлттық валюта – теңге күні»
ДҰРЫС ЖАУАБЫ 1993 жылы 15 қараша
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ТАРИХ \ Әз-Тәуке ханның өз заманындағы және бұрын-соңғы қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі деп аталатын заң жүйесі, бұл – ?
ДҰРЫС ЖАУАБЫ «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ТАРИХ \ Университет тарихы: Жоғарғы оқу орнымыздың алғашқы іргетасы қай жылы қаланды?
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ТҰЛҒА / Суреттегі тұлғаны атаңыз.
ДҰРЫС ЖАУАБЫ Әлімхан Ермеков — Алаш қозғалысының жас та, алғыр, іскер қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұңғыш қазақ профессоры.1896 жылы 25 мамырда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысының № 1 ауылында дүниеге келген.
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЛОГИКА 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандарды жазғанда қанша 6 цифры қолданылатының анықтаңыз.
ДҰРЫС ЖАУАБЫ 20 РЕТ
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЛОГИКА 40-тан аспайтын кез келген натурал санның 3-ке еселік болу ықтималдығын табыңыз.
ДҰРЫС ЖАУАБЫ 0,3
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЛОГИКА 13 жылдан кейін төрт баланың жастарының қосындысы 97
болады. 7 жылдан кейін балалардың жасының қосындысы
қанша болады?
ДҰРЫС ЖАУАБЫ 73
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЛОГИКА Ауладағы қаздар мен қояндардың бастының саны 24, ал аяқтарының саны 74. Аулада неше қаз, неше қоян бар?
ДҰРЫС ЖАУАБЫ 11 қаз, 13 қоян
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЖҰМБАҚТАР Шеңбердің кіндігін басамын,
Екі жағын оның қосамын.
Ұзынырақ бойым бар,
Радиустан екі есе асамын.
ДҰРЫС ЖАУАБЫ Диаметр
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЖҰМБАҚТАР Маңдайымда тұрады,
Жауабын бәрі сұрады.
Табу үшін атымды,
Білу үшін затымды,
Мені өзіме сонша рет
көбейтуден шығады.
ДҰРЫС ЖАУАБЫ Дәреже
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЖҰМБАҚТАР Біз санбыз
Сызықпен бөлінген.
Атауым әр түрлі,
Түрім де көрінген.
Дұрыс болсам, кішімін
Бұрыс болса, үлкенмін
1 деген қақ төрімнен.
Бас бетке оралу→ Жауабын көру
ЖҰМБАҚТАР Квадраттап қоссаң,
Жауабын тоссаң,
Бірге ғана тең боламыз,
Әйтпесе ылғи
Басымызды шұлғи
-1 ден артық
1 ден кем боламыз.
Кей кезде ғана,
-1 мен 1-ге тең боламыз.
Ойланып көрші,
Жауабын берші
Қай функциялар боламыз?