«Менің өмірлік көшбасшым» Көшбасшы дегенде біздің көз алдымызға ерік-жігері мықты,ойы таза, сауатты , ақылды ірі беделді тұлға елестейді.Көшбасшы басшылық міндет емес,қоғамда,өмірде ізгі жақсы іс қалдырып,үлгі бола білу,адамгершілік қасиеттері қалыптасқан,рухани жан-дүниесі бай, кемелденген адам деп ойлаймын.
Менің шынайы көшбасшым-қазақтың біртуар белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек дер едім.
Тұла бойына тұнған адамгершілік қасиет, өз мамандығына деген шексіз берілгендік, тынымсыз ізденіс пен ерен еңбекқорлығы еленбей қалған жоқ, қайта оны елге танытты. Республика жұртшылығына аян «Айтуға оңай», «Қарекет» телебағдарламалары арқылы талай жанның жігерін жанып, өмірден түңілгендерді қайта оралтты, қиналған жанға тіреу, қамқор бола білді. Жылағанды жұбатты, қайғылыны серпілтті, үйсізді баспаналы етті, дерттіге шипа боларлық қол соза білді.
Бейсекең жақсы мен жайсаңды да таныта білді, бағалай білді. Оған Шерхан Мұртаза атамыздың қазасына жазғаны дәлел болады. «Өмірдің өлшемі – өлім. Кімнің кім екені өлгенде белгілі болады»,- деп еді. Өзінің де кім екенін, қандай екенін өлімі танытты. Соңына із қалдырған құйрықты жұлдыздай, жарқ еткен жасындай жоқ болды. Артында қалың халқы, өлмес өнегелі ісі, жанұясы, көзі қарақты оқырманы мен тыңдарманы қалды.
Өзі қызмет атқарған мекемесінің қарсы бетіндегі ғимаратқа Бейсекеңнің бейнесін салу, «Біздің Бейсен» атты естелік кітап шығару – елдің сүйіктісіне деген құрметі. Бабаларымыздың «Ерден ердің несі артық? Ерлігімен мен ісі артық» деген бағалауын Бейсен бауырымызға айтсақ лайық деп ойлаймын.
«Білімді болып өсу үшін қазіргі заманда барлық мүмкіндік бар. Мына жаһандану заманында сен біліміңнен кем түсетін болсаң, онда қатарыңнан қаласың. Ал, сен қатарыңнан қалсаң, ел де көштен қалады», – деген Бейсен Құранбек ағамыздың өз бағдарламасында айтқан сөзін әр оқушы санасына түйіп өссе екен деймін. "Меніңше, қазіргі қоғамда өз орныңды табу үшін, таңдаған салаңда бір жетістікке жету үшін адамға кемінде екі нәрсе қажет. Біріншісі - кәсіби біліктілік. Яғни, өз ісіңнің қыр-сырын жақсы білу, ұңғыл-шұңғылын жетік игеру. Екіншісі - айналаңдағы адамдармен, әріптестермен, басшылармен, қарамағыңдағы қызметкерлермен, тіпті, отбасыңның мүшелерімен (олар да жұмысқа қатты әсер етеді) жақсы тіл табысу. Қандай да бір келіспеушілік, кедергі болған жағдайда оны ушықтырмай тез шеше білу", - деп жазған ол.Ия,өте орынды айтылған сөз емес пе?Үлі тұтуға айтқан сөзерінен өмірімізге қажет асыл қасиеттерді үйренетін ерекше тұлға.Тәуелсіз Қазақстан тарихында дәл өзіңдей ел сүйіспеншілігіне бөленген азамат аз.Е, Бейсеке, азаматтығы бір биік, адамдығы бір биік, адалдығы бір биік, Күреңбеліңдей асқақ жігіт едің ғой. Мынау пәни дүниеден сүйкімді болып өту екінің біріне бұйыра бермейтін бақ қой. Бейсен бақиға озғанда, тіпті жарқырап жүрген күндерінде де оның көпшіліктің жүрегіне жол тапқан кілті қайсы деп ойланғанымыз да есте. Әйтпесе, таланттардың тағдырын түсінбейтін, ешкім ешкімді тұлға көре қоймайтын, әсіресе журналист деген қауымды жұрттың бәрі бірдей ұната бермейтін мына заманда осы Бейсен айналасына нұрын шаша білді.