Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультеті «Спорт және Өнер»
Кафедрасы «Орындаушылық өнер»
Мамандығы: 6В02123 – «Актерлік өнер»
БӨЖ
Тақырыбы: Ақ өлеңмен жазылған шығармаларды оқу стилі
Орындаған:Құралов.А
Тобы:ӨӘК- 111
Қабылдаған:Кулетова.Ұ
Түркістан 2023ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.1 Ақ өлеңмен жазылған шығармаларды оқу стилі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақ өлең дегеніміз не?
Ақ өлең ұйқассыз өлең – әлемнің бірқатар халықтары әдебиетінде кездесетін қалыпты ұйқассыз өлең үлгісі. Сырттай қарағанда, ұйқаспаған сияқты көрінгенмен, мүлде ұйқассыз да емес, бірақ ұйқасы шумақтың немесе тармақтың кез келген тұсында тұра береді. Оқырманның сезіміне әсер ету үшін кейде ұйқас түйдектері де кездесуі мүмкін.
Ежелгі қазақ поэзиясында ұйқассыз өлең аз болғандықтан, ол шын мәнінде өлең деп танылмаған. Бірақ шешендік сөздердің кейбір үлгілері ақ өлең түрінде айтылған. Жазба әдебиетте ол драма жанрында дамыды. Өйткені кейіпкердің аузына орамды сөз, дауыс екпініне жігерлері ырғақ, бай интонация беруге қолайлы. Қазақ драматургиясына ақ өлеңді Әуезов енгізіп, тұрақтандырды. Мысалы, «Бекет», «Бесдос», «Айман - Шолпан» драмаларында ақ өлең молынан кездеседі. Ал «Қара қыпшақ Қобыланды» драмасы бастан-аяқ ақ өлең түрімен жазылған:
Асау жолын адастырған шак екен,
Жылағанды іздесем,
Жетіскенгетап екем...
Аямасқа ауырған
Ақ семсерді адасып,
Айға білеп жүр екем.
Айыпетпеайсүлу,
Мен келместей жол екен...
Жалпы өлең дегеніміз - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең , айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |