Көміртек өте көп тараған элементтер қатарына жатпайды.Дегенмен, оның маңызы ерекше.Себебі көміртектің қосылыстары барлық тірі организмнің тірегі,негізі болып табылады.Сонымен қатар,көміртектің ыдырауының нәтижесінде өнеркәсіпте кеңінен тараған тас көмір, мұнай және минералдардың құрамында көптеп кездеседі.Көміртегінің екі аллотропиялық түрі бар:алмас пен графит.
Көміртек барлық органикалық заттардың негізі болып табылады. Әрбір тірі организм негізінен көміртектен тұрады. Көміртек – тіршіліктің негізі. Тірі организмдер үшін көміртегінің көзі әдетте атмосферадан немесе судан келетін СО2 болып табылады. Фотосинтез нәтижесінде ол тірі организмдер бірін-бірі немесе бір-бірінің қалдықтарын жейтін және сол арқылы өз денесін құру үшін көміртекті бөліп алатын биологиялық қоректік тізбектерге енеді. Көміртектің биологиялық айналымы не тотығумен және атмосфераға қайта оралуымен, не көмір немесе мұнай түрінде жойылуымен аяқталады.
Көміртек
Көміртек адам ағзасына тамақпен (қалыпты жағдайда күніне шамамен 300 г) түседі. Көміртегінің жалпы мөлшері шамамен 21% жетеді (жалпы дене салмағының 70 кг-на 15 кг). Көміртек бұлшықет массасының 2/3 бөлігін және сүйек массасының 1/3 бөлігін құрайды.