«Менің Отаным - Қазақстан» республикалық интернет-байқауын
қашықтықтан өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Менің Отаным - Қазақстан» республикалық интернет-байқауын (бұдан әрі -
Байқау) қашықтықтан өткізу ережесі оны өткізудің мақсаты, міндеттері және
тәртібін анықтайды.
2. Мақсаты: өлкетану қызметін жандандыру жолымен өскелең ұрпақтың
белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Міндеттері:
білім алушылардың Қазақстанның тарихи, мәдени және рухани мұрасына
белсенді қызығушылығын қалыптастыру;
өскелең ұрпақты азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу;
білім алушылардың туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын
зерттеу негізінде шығармашылық әлеуетін ынталандыру және дамыту.
3. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК
өткізеді.
4. Байқауды ұйымдастырушылар әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру
комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
5. Байқау жұмыстары 2016 жылғы 27 қазаннан 12 желтоқсанға дейін
rumtsdo@mail.ru
электронды поштасына қабылданады.
2016 жылғы 12 желтоқсаннан кейін түскен байқау материалдары,
сондай-ақ
талаптарға
сәйкес
келмейтін
байқау
материалдары
қарастырылмайды.
Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломы, қатысушылардың
сертификаттары 2016 жылғы 23 желтоқсанда www.ziyatker.org сайтында
орналастырылады.
6. Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың
ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялауға құқылы.
7. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді.
Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі
реквизиттер арқылы жүргізіледі:
ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»
РМҚК (резидент).
БИН 990140004733
ИИК KZ918560000005068448
БИК KCJBKZКX
Кбе 16
Төлемақы мақсатының коды: 859.
АО БанкЦентрКредит
Төлемақының мақсаты: «Менің Отаным - Қазақстан» байқауы. Байқауға
қатысушының (жіберуші) аты-жөні, тегі міндетті түрде көрсету қажет.
8. Байқауға қатысу үшін міндетті түрде келесі құжаттарды:
1)
кестеге сәйкес өтінімді;
2)
сканерден өткізілген түбіртек немесе төлем тапсырмасын;
3)
электронды түрде байқау жұмысын
rumtsdo@mail.r
u электронды
поштасына жіберу қажет.
3. Байқау талаптары
9. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады:
6 жасқа дейін мектепке дейінгі жас санаты;
7-10 жастағы кіші жас санаты;
11-14 жастағы орта жас санаты;
15-18 жастағы жоғарғы жас санаты.
10. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Қазақстанның өткеніне саяхат» номинациясы – фотобайқау.
Байқауды ресімдеуге арналған талаптар: сандық форматтағы авторлық
суреттер ұсынылады. Байқауға жұмыстар JPEG форматында қабылданады,
файлдың көлемі 5 МБ аспауы керек.
Әр қатысушы қысқаша түсініктемесі бар 5 сурет жібереді. Суреттер
сюжет пен композицияның түпнұсқалығымен ерекшеленуі; Қазақстанның
тарихымен байланысты жайттарды, деректер мен сәттерді көрсетуі; рухани
және мәдени құндылықтарды насихаттау керек.
2. «Қазақстанның болашағына саяхат» номинациясы- сурет байқауы.
Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар: кез-келген материалда
орындалған суреттер (ватман, қатырма, кенеп және тағы басқа) және кез-келген
техникамен салынған (май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаштар, борлар
және тағы басқа) болуы керек. Байқауға ұсынылған жұмыстар суретке
түсіріліп, JPEG форматында электронды түрде ұсынылуы керек. Графикалық
файлдың көлемі 3 мегабайттан аспауы тиіс.
3. «Туған өлкенің табиғаты» номинациясы – туған өлке туралы слайд-
презентация.
Слайд саны 10-дан аспауы керек. Әрбір слайд тақырып, сурет (фото,
сурет, сызба және т.б.) және мәтіннен тұруы тиіс. Басты бет келесі ақпаратты
қамту қажет: номинация атауы, қатысушының тегі мен аты-жөні, жасы, e-mail,
жетекшінің аты-жөні, білім мекемесінің толық атауы, облысы, қаласы, ауданы,
ауылы.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
байқаудың тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;
ұсынылған тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі;
тақырыптың қисындылығы мен толық ашылуы;
материалдардың көркем және техникалық сапасы;
шығармашылық деңгейдің автордың жасына сәйкестігі.
11. Байқауда бір қатысушы бір номинация немесе бірнеше номинацияға
қатыса алады. Әр номинацияға әр қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады.
Әр номинация бойынша әр жеке жұмыс үшін төлемақы қабылданады.
12. Байқау жұмысының титул парағында көрсетіледі:
облыс, аудан (қала), ауыл;
білім беру ұйымының аталуы;
байқау, номинация, жұмыс аталуы;
автордың аты-жөні;
қатысушының жасы;
e-mail, байланыс мәліметтері;
жетекшінің аты-жөні, тегі;
жетекшінің лауазымы және жұмыс орны.
13. Интернет желісінен алынған және өзге авторлардың материалдарын
қолдануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет
желісінде жарияланбаған болуы тиіс.
4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды
марапаттау
14.
Әділқазы
мүшелері
номинациялар
бойынша
байқаудың
жеңімпаздарын анықтайды.
15. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау
жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хатпен марапатталады, орынға ілікпеген
қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс
хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары
www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме
http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg
бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.
Анықтама телефондары:
8(7172)249308 (
«Менің Отаным - Қазақстан»
байқауы).
Диплом,
сертификаттардың
онлайн
нұсқасын
жүктеу
үлгісі
www.ziyatker.org
→Республикалық шаралар→ «Менің Отаным - Қазақстан»
байқауы → жалғасы. «Жасыл ғаламшар» қауымдастығына («ВКонтакте»
әлеуметтік
желісі
арқылы)
тіркелуі
тиіс. (Мына
сілтеме
бойынша
https://vk.com/greenplanetkz
).
1- қосымша
Қашықтықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу
өтінімі
Қатысуш
ы-ның
аты-жөні
Жас
ы
Мекен
жайы
Облыс,
қала,
аудан,
ауыл
Білім беру
ұйымының
аталуы,
сыныбы,
курсы
Байқаудың
аталуы,
номинацияс
ы тақырыбы
Байланыс
мәліметтері
(ұялы
телефоны,
эл. поштасы)
Жетекшісі
нің толық
аты-жөні,
жұмыс
орны,
лауазымы
Жетекшісінің
байланыс
мәліметтері
(ұялы
телефоны, эл.
поштасы)
1
2
3
4
5
6
7
8
2-қосымша
Титул парағын толтыру үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім
беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК
«Менің Отаным - Қазақстан» республикалық интернет-байқауы
«----------» номинациясы
Тақырыбы:
Жұмыстың авторы: Муслимова Жадыра Өмірзаққызы
Білім беру ұйымының мекенжайы: Павлодар облысы,
Шарбақты ауданы,
Шарбақты ауылы
№ 1 мектеп, 9-сынып
Жетекшісі: Петрова Нина Ивановна
2016 жыл