Менің таңдаған кәсібімнің ерекшеліктері туралы мәлімет Жоспар: Кіріспе Студенттің болашақ кәсіби қызметінің негіздері



бет2/2
Дата13.06.2022
өлшемі21,13 Kb.
#36786
1   2
Байланысты:
реферат Жадыра

педагогикалық теорияны, оны практикада қолдана білу қажет болады.
Білім, білік, қабілеттілігінің бірлігі негізінде – шеберлік – кәсібиліктің жоғары дәрежесі пайда болды. Педагогиалық іс-әрекеттің шебері болу – оқу мен тәрбиенің заңдылықтарын терең түсіну, оларды практикада пайдалана алу, тәрбиеленуші тұлғасының дамуындағы нәтижелерді сезіне білу.Кез-келген субъектінің кәсібилігінің қалыптасу нәтижесі – оның кәсіби шеберлігінде. Шеберлік – қандай да бір саладағы жоғары өнер түрі ретінде айқындалады, алшебер – бұл өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман.
Кәсіби шеберлік кәсіби іс-әрекеттен көрінеді және ең алдымен, кәсіби мақсаттылық, жеке шығармашылықпен, құралдар таңдаудағы оңтайлықпен сипатталады. «Біліктілік» сөзі нормативтік мәнде, айталық, «жұмыс жоғары біліктілікті» талап етеді дейтін мәнде, сондай-ақ «бұл адам – жоғары біліктілік иесі» дегендей, нақты адам сипаттамасы мәнінде де қолданылады. Алғашқы жайтқа байланысты біліктілік қызметкерге қойылатын кәсіби іс-әрекетінің сандық және сапалық талаптарын белгілейді.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Елімізде биылғы жылдан бастап 1- сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Оқу бағдарламасының мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет