Менің таңдаған кәсібімнің ерекшеліктері туралы мәлімет Жоспар: 1.Кіріспе 2.Студенттің болашақ кәсіби қызметінің негіздері 3.Студенттің болашақ кәсіби қызметінің мақсаты мен міндеті 4. Болашақ кәсіби маманның жетістіктері мен кемшіліктері 5.Ағылшын тілдері мұғалімдерге қойылатын талаптар,қиыншылықтары
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мен осы мамандықтардан мұғалім мамандығын таңдадым. Шынымды айтсам мамандық таңдаудан қатты қиналдым. Бірақ ата-анамның ойын тыңдап осы мамандықты таңдауды шештім. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі оқыту бұл ұлағатты да ұлы іс.
Ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында ұстаздың жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» - деп бекер айтылмаған.Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие — әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Болашақ кәсіпті тандау адам өміріндегі ең күрделі қадам және маңызды шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс тандай білу үлкен жауапкершілікті талап ететін манызды іс. Дұрыс тандалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды. Кәсіпті тандауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін,ерік- жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеру керек. Кәсіптік қабілеттерді дамыту ешқашанда кеш болмайды, бірақ оны мектеп жасынан бастаған жөн.Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі- еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанның дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс тандау адамның бақытқа жету жолының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашан жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Осы айтылған пікірлерді ұлы адамдардың ойларымен негіздей кеткен абзал.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық.Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты.Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін қажет ететіндігі сөзсіз. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Педагогтың кәсіби біліктілігінің мазмұны мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетінше тиімді шешуге жағдай туғызатын жеке мүмкіндіктері. Қандай да бір педагогикалық міндеттерді шешу үшін