Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді



Дата18.02.2023
өлшемі26,71 Kb.
#69003
Байланысты:
Баймаш Алуа (Бөж)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БӨЖ


Тақырыбы: «Менің өміріммен кәсібімдегі психологияның байланысы)»
Орындаған: Баймаш Алуа
Мамандық: Мәдени-тынығу жұмысы
.
Алматы 2022 жыл


Менің өміріммен кәсібімдегі психологияның байланысы

Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.


Психология,жеңіл сөзбен айтқанда,ол-адамның ойлау қабілеті,сана сезімі,өз көз қарасы және де ортамен байланысты.Психология бүгінгі таңда өте кең таралған,зерттелген алып ғылымдардың бірі.Бұл ғылым жалпы адамның рухани ішкі жан дүниесін зерттеумен қатар сол жан дүниенің есігін ашатын «кілтті»іздейді.
Жалпы «психология» біздің өмірімізде мектеп шағынан бастау алады.Мектептегі психолог апайлардың бізден келіп,тест алып,тәрбие сағаттарын өткізе бастағаннан «психологияны» тани бастадық десек қателеспейміз..Мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты:мектеп оқушыларының қабілеттілігін зерттеп,ақыл ой қабілеттілігінің терең дамуына мектепте оқушы мен ата-ана,оқушы мен оқытушы тиімді,тығыз қарым-қатын құра отырып,әрбәр оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау және жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар тізбегін жүргізуден құралады. Ал қазір мен оны жеке пән ретінде оқып жатырмын.Ал енді,тақырыбымызға оралатын болсақ

Бірінші «психология менің өмірімде» тақырыбын қарастырайық.


Мысалы мен отбасыммен,құрбыларыммен,жалпы адаммен әңгіме кезі болсын,пікірталас кезі болсын психологиялық анализ жасап отырамын. «Ол адамның көңіл күйі қандай?», «Не ойлап жатыр» деген сияқты сұрақтарды өзіме қойып,сол адам туралы мәлемет жинап,анализ жасаймын.Жалпы айтқанда,сол адаммен қарым-қатынасты жақсарту үшін адамды психологиялық тұрғыда зерттеймін.


Менің өмірімнің өзінде ата анаммен ұрысып қалсам, көңіл күйім болмай, күні бойындағы көңіл күйім төмен деңгейде болып жүреді. Ал егер, керісінше ата анамды қуанытып солардың махаббатына кенелсем менен бақытты жан болмайды. Ата- анамның ішкі жай күйін түсініп, сезініп жүремін. Міне осы жағдайларды психологияның менің өміріммен байланысының кішігірім бөлігі деп айта аламын.
Психология біздің қоғамдағы барлық кәсіптердің ажырамас бөлігі деп санауға болады.
Ал енді «психология менің кәсібімде» тақырыбын қарастырайық.Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен.
Мысалы: менің мамандығым мәдени-тынығу жұмысы. Мен адамдардың бос уақытын тиімді өткізуімен, яғни концерт, мерекелік іс-шараларды өткізумен айналысамын. Сценарий жазамыз, және сол сахналық сценарий бойынша сахнада рет-ретімен өнер көрсетуін қадағалап , концертті ұйымдастырамын. Сол концерт халықтың көңілінен шықтыма, ұнадыма деген сұрақтарға мән беремін. Халықтың көңіл күйіне , отырыстарына қарап концерт қандай деңгейде өтіп жатқанын білуге болады.


Қорытындылай келсек психология адамның өмірімен де кәсібіменде тікелей байланысты. Адам өміріндегі қиындықтарын осы психологияның көмегімен көп мәселелерінің шешімін таба алады. Психологқа бару, психологиялық кітаптарды оқу барысында.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет