Абдулаева Жанна АукеновнаІ деңгей мұғалімініңCесебі
№ 3 топ портфолиосы
Талдықорған қаласы 29.10.2015ж.
Өзім жұмыс істейтін мектептің өзгеруі үшін менің не істеуім керек?
Мен бұл есепке кіріспес бұрын мектептің өзгеруі үшін менің не істеуім керек? деген сұраққа жауап іздедім. Есепті мына сұрақтарға жауап беру ретінде жазуды алдыма мақсат етіп алдым.
Нақты мақсат қоюға не негіз болды? Осы мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды?
Міне осы сұраққа жауап беріп көрейін. Бұл тараудың мақсаты мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректері негізінде мектепке өзгеріс қажеттілігі туралы, оқушылардың ХХI ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады.
Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екеніне саяды.
Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық 7 бет)
Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 83 бет)
Алдыңғы есебімде атап өткендей мектеп басшысымен, әкімшілікпен, бөлінген көшбасшылармен кездесудегі сұхбаттар, әңгімелер, сауалнамалар алу, суретке түсіру, сұхбаттасу, ата-аналардың пікірі арқылы жүргізілген зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында кедергілер анықталды. І бетпе-бет кезеңінде алған мектепті дамыту жоспарының басымдықтары мен өзекті мәселені мектепке барғанда мүлдем қажет болмай қалды. Себебі, мектептегі тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарынан басымдықтар анықтағанда, басқа өзекті мәселе анықталғандықтан, менің МДЖ-ның өзекті мәселесі ауысып кетті.Мектеп мұғалімдер құрамының жиі өзгеруі, ауыл тұрғындары тұрақты болмағандықтан, оқушылардың құрамы көп ауысып отырады. Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы 72 мұғалімнің 10-ы жоғары және 19-ы бірінші санатты болуы.ҰБТ бойынша математика мен физика пәнінің білім сапасының көрсеткіші төмен болуы. Жас мамандар мен бастауыш мұғалімдерінің тұрақты болмауы, білім сапасының төмендеуіне әсерін тигізетіні. Оқушылардың сабақта өзін еркін сезінбейтіні, мұғалімдер оқушылардың ойын шектейтіні, оқушылардың сабақтағы белсенділіктерінің төмен деңгейде болуы, мұғалім, оқушы, ата-аналардың арасында кері байланыстың жоқтығын анықтап «Мектептің қазіргі жағдайымен салыстыра отырып болашақтағы қызметін жақсарту үшін, даму жоспарындағы стратегияларды тиімді жүзеге асыру үшін нені, қалай өзгертуіміз керек?» деген сұрақ төңірегінде анықталған мектептің басымдықтары бойынша мектептің дамыту жоспарын жоспарлау керек болды.