Мәнжазба тақырыбы: «Қазақстандағы 12 жылдық орта білім беру үлгісінің ерекшелігі» Орындаған: 1-курс студенті Жайғалиева Ақтоты Пән мұғалімі: Баймаханова Г.Қ Жоспар


Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі20,1 Kb.
#21614
1   2   3
Байланысты:
12 жылдык билим беру

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:

  1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.

  2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

  3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

  4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

  5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

  6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

  7. Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспауы.

  8. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.

  9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мəселелерге ерекше көңіл бөледі: жаңа білім технологияларының енгізілуі; оқытудың дəстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі; терең жəне белсенді кəсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мəдениеттілік, денсаулық сақтау жəне экологиялық тəрбие беру рөлінің күшейтілуі; өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету жəне жаңадан жасау; білім мекемелерінің оқушыны əлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Қорыта келгенде, əр елдің білім беру жəне тəрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға білім беру мен тəрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң жəне тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дəстүріне, мақсатына, өндірісі мен мəдениет сұранысына бейімдеу керек.

Əдебиеттер тізімі

  1.  Смагулова Г.К. 12-летнее образование в других странах // Вестн. КазНУ им. аль-Фараби. — Алматы, 2012. — С.

  2. Карибаева А.А. 12-летнее образование в странах с переходной экономикой // Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки народов мира. — 2006. — № 1 (8). — С. 87–89.

  3. Дружинский А.Н. Международный опыт 12-летнего среднего образования: Сб. Междунар. науч.-практ. конф.

  4. «Научное обеспечение функционирования 12-летнего среднего образования». — Алматы, 2007. — Ч. 1. — С. 45–49.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет