Мәнжазба тақырыбы: Эволюция барысында әртүрлі жануарлар Тобындағы жүйке элементтерінің қалыптасу үдерісі Орындаған: Сайлауова. A.Қ Мұғалім: Бақытжанова. М. Ж 2021-2022 оқу жылы



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі1,38 Mb.
#23201
  1   2
Байланысты:
Елек орта мектебі


Елек орта мектебі

9 «а» класс

Пәні:Биология

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы:Эволюция барысында әртүрлі жануарлар

Тобындағы жүйке элементтерінің қалыптасу үдерісі

Орындаған: Сайлауова.A.Қ

Мұғалім:Бақытжанова.М.Ж

2021-2022 оқу жылы

Жоспар

1Жүйке ұлпасының қызметі,нейрондар

2. Нейрондардың құрылысы мен қызметі

3.Эволюция терменинін қысқаша түсіндіре кету

4.Маймылдардың жүйке дамуы жайлы қарастыру

5.Маймылдар мен адам арасындағы айырмашылықпен ұқсастықтарын анықтау



Жүйке ұлпасы

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді . Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады , оны ( нейроглия ) , (гр."неұрон"- жүйке , "гліа"- желім ) дейді . Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны нейроның "серік жасушалары " деп те атайды .Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді . Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді .Жүйке жүйесіндегі нейрондар мен жүйке талшықтарының арасында қозу тоғысу - синапстар ( грекше "synapsis" - қосылу , байланыс ) арқылы өтеді .Бұл кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендридттерімен байланысады . Жүйке ұлпасының негізгі қызметі : қозғыштығы және қозу өткізгіштігі .Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділердің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы-денесіне (сома), қысқа өсінділер – дендриттер, ұзын өсінді – дендрит немесе аксон ұшы немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.Нейрон тұлғасы (сома) синтез процесін жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Мұнда медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады

.Аксон – тітіркеністі басқа торшаларға – жүйке, ет немесе секреторлық торшаларға – жеткізеді. Аксон – жүйке торшаларының ұзын өсіндісі. Ол Орталық жүйке жүйесін шеткі ағзалармен байланыстырады.

Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан Орталық жүйке жүйесіне жеткізеді. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны тітіркеністі Орталық жүйке жүйесінен дене еттеріне жеткізеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі ағзалармен де аксон арқылы байланысады. Аксонның қызметі – тітіркеністі өткізу. Тітіркеніс электр потенциялының туындауы нәтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв ұшына дейін толқын сипатта таралады.Аяқталар жерінде аксон тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар – синапс, құрайды.

Дендриттер – нерв торшаларының қысқа өсінділерінің бұтақтана тармақтануының нәтижесінде пайда болады. Әрбір нейрон дендриттерімен жүздеген, тіпті мыңдаған аксон терминалдары жалғасады. Әр бір қозған терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне әсер етіп, электр потенциялын тудырады. Дендритте пайда болған синапстық потенциял одан әрі сома арқылы аксонның басқа сегменттеріне – ұшына беріледі.

Нейрондар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізетін нейрондар жатады. Оларды сезімтал немесе орталыққа тепкіш жүйке талшықтары дейді.





1-сурет.Нейрондар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет