Үй тапсырмасын тексеру wordwall net/ru/resource/10474154 Тәжірибе жасау



Дата26.09.2023
өлшемі0,52 Mb.
#110281
түріСабақ

Үй тапсырмасын тексеру.

  • wordwall.net/ru/resource/10474154

Тәжірибе жасау:

Оқушылар тәжірибие жүргізу арқылы жүйке жүйесінің қызметтерін атайды:

- жұмылған көзбен кеңістікті бағдарлау;

- тактильді сезімталдық (затты сипап-сезу арқылы іздеп табу);

- қолды тартып қалу (рефлекторлық доға).

Суретті сөйлет

Сабақтың тақырыбы:

Нейронның құрылысы: нейронның денесі, дендрид, аксон.

Нейронның қызметі.

Сабақтың оқу мақсаты:

7.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметі мен оның

құрылымдық компоненттерін атау.

Сабақтың мақсаты:

  • Жануарлардың жүйке жүйелерінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау.

Жүйке жасушасының құрылысы:

Жүйке жасушасы нейрон

деп аталады. Әр нейронның

денесі, ұзын(аксон) және

қысқа(дендрид) өсінділері

болады.

Дендрид қозуды

нейронның денесіне қарай өткізеді.

Нейронның денесі

қозуды аксонға өткізеді .

Аксон әр түрлі мүшелерге

(бұлшықетке, теріге т.б) береді.

Нейронның құрам бөліктерінің қызметі:


Ядро - нейронның денесіндегі генетикалық материалды сақтайтын құрам бөлігі
Нейронның денесі -дендридтерден қозуды қабылдайтын, нейронның жасушасы бар бөлігі
Аксон-жүйке импульстарын нейронның денесінен алып кететін нейронның ұзын өсіндісі
Дендриттер - қозуды қабылдайтын нейронның бұтақталған бөлімі (нейронның денесіне бекітілген)
Миелинді қабықша -жүйке талшықтарын қоршап, қорғап тұратын майлы түзіліс
Аксон өсінділері - аксонның ұшындағы талшықтар
Ранвье үзілістері - миелинді қабықшадағы үзілістер

Тапсырма - 1

1. Жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтаңыз.

A аксон B дендрит C нейрон D нейроглия

2. Жүйке жүйесінің қызметін көрсетіңіз.

A бөліп шығару B жиырылу C қозу D қоректену

3. (а) Жүйке жасушасының құрылымдарын атаңыз.

Дескриптор:

- Жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атайды;

Бағалау балы:

- жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтайды – 1 балл;

- жүйке жүйесінің қызметін атайды – 1 балл;

- нейронның құрылымдық компоненттерін анықтайды – 1 балл;

Тапсырма - 2

  • Биологиялық диктант
  • 1.Жүйке ұлпасының негізін ......... құрайды, оны ...... деп атайды.

    2.Жүйке жүйесіне ...., ....... және ........ жатады.

    3. Жүйке жүйесі ...... мен ......... байланысын қамтамасыз етеді.

    4.Нейрон ..... мен ......... тұрады.

    Дескриптор:

    -жүйке жүйесінің құрылымдарын зерделейді;

    Бағалау балы:

    -бос орындарға тиісті сөздерді жазады – 4 балл;

Тапсырма - 3“SIMPOLL” платформасы арқылы орындайды

1.Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі

А) адам ағзасындағы мүшелерінің қызметін бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.

В) қорғаныш қызметін атқарады

С) сыртқы, ішкі ортамен байланысын жою

2. Нейронның ұзын өсінділерінің атауы

А) аксон В) дендрит С) нейроглия

3. Ақ затты түзеді

А) қысқа өсінділер В) ұзын өсінділер С) нейрон денелері мен қысқа өсінділер

4. Жүйке жүйесі неден басталады?

А. Ми Б.Жұлын С. Ұлпа

5. Ми ненің көмегімен қоршалған нәзік мүше?

А. Кеуде. В.Арқа С. Бас сүйек

6. Жүйке жүйесінің жасушасы

А) нейрон В) без С) жұлын

Үйге тапсырма:

Жүйке жүйесінің құрам бөліктері, жүйке жүйесінің қызметі

Рефлексия:


Білетінмін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Бағалау критерийлері:

  • Жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет