Мәнжазба Тақырыбы


Өшпендігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар; 2



бет2/3
Дата06.12.2022
өлшемі17,11 Kb.
#55139
1   2   3
Байланысты:
манжазба этнопед1

1.Өшпендігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар;
2.Көре алмаушылықтан жауласқан адамдар.

Бұлардың бірінен сақтану керек екіншісі мен байыпты қарым-қатынас жасалған дұрыс. Ал бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды. Фараби нағыз ғалым принципшіл, құлық-сұмдықпен, өсек-аянмен ісі жоқ, жұртты алдап-арбуды білмейтін, ілтипатпен қарайтын, білімділігі өнегелі мінез-құлқымен безендеріліп тұрмаса болмайды, — дейді.

Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем немесе тым босаң болмауы керек. Мінезділік бақытты болудың шарты. Сондықтанда жанымен тәнін тәрбиелеуді бесігіннен бастаған абзал, — дейді. Фарабидің ұғымында шәкірттерді тәрбиелеу үшін жете түсінетін, көреген-естігенін нәрселерін жадында сақтайтын, алғыр, аңғарынпаз, өткір сөз иесі, ойын анық жеткізе алатын, ішімдікке, құмарлыққа қанағатшыл, жаны асқақ ақшаға, жалған дүниеге жаны қас, әділетті жақтайтын болуы шарт –дейді. Сонымен қатар, тәрбие мен білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларына құнды пікірлер мен қағидалар айтқан. Әсіресе, жақсы мінез құлықты қалыптастыру және дағды мен әдетке ерекше мән берген. Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т,б, тәлімгерлерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Оқыту – баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы асатын болса, тәрбиелеуге-шәкірттердің бойындағы жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар, өзін өзі тәрбиелеу, ерік қайратты тәрбиелеуге мән береді. Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары тураы айтқанда әртүрлі психологиялық тақырыптардағы, мысалы «Жан туралы», «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы», «Жанның мәні туралы», «Ақыл ой және ұғым» тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғатқан жоқ.

Әл-Фарабидің тағылымдық –тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе – шешендік өнері туралы айтқан қағидалары. Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейюіне түю, сондай ақ оған ой жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкі ортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан -жақты.


Жүсіп Баласағұн (IX ғ.) түркі халқының көрнекті өкілдерінің бірі, рухани мәдениет тарихында өзіндік із қалдырған дарынды ақын, ойшыл. Оның өмірбаяны туралы бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Тек Баласағұн (Жетісу) өңірінде туып өскені хақ. Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» атты көркем туындысын атай аламыз. Дастан-саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім – тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды. «Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы елтану, әдебиеттану, тілтану, мәдени – тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні ерекше. Бұл тұрғыда, қазақ халқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық әлемінде жатыр.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, баланың мінез – құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ата – ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Бұл орайда көзге көрініп тұрған тағы бір жай – ақынның тәлім – тәрбиелік, ақылдылық, адамшылық пікірлері қазіргі біздің заманымыздың жағдаятына сай келуі, онда «барша адамзат қауымының ұстанатын мұраттардың» болуы. Қай заманда болмасын адамзат атаулының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – келешек өмірді жалғастыратын салауатты, саналы, өзінің ісін жетік білетін – тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам, халық қамын ойлау екені даусыз. Педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтарын тәрбие үрдісінде берік қайталанатын және маңызды байланыстар деп түсінсек,ендеше оларды іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытуда, қалыптастыруда нәтижелі қорытындыларға жетелейді.
Халықтық тәлім – тәрбие дәстүрін он бірінші ғасыр шамасында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне енгізуші, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нәр алдыру – бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі. Ертедегі ойшылдар тәрбие саласында қалыптасқан бай тәжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келсек, Баласағұн, Қашғари, Яссауи, Әл-Фараби идеялары мен эстетикалық құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель сияқты әлемдік алып тұлғалардың жүрегімен қанаттасып қатар соғатындай. Түркі тілдес ойшылдардың шығармалары мен еңбектеріндегі тәлім – тәрбиелік пікірлер, ұсыныстар мен нақыл сөздер, озықтығы мен жаңашылдығына байланысты оқу-тәрбие саласында нағыз табан тірейтін негіздердің бірі бола алады. Оны ақынның ғақлия сөздерін оқығанда көзіміз жете түседі. Орта ғасыр ойшылы
Жүсіп Баласағұн идеяларының сипатын төмендегідей етіп даралап көрсетуге болар еді:
1) дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі;
2) қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді, заман тынысын нақты сезіну, көркемдік танымда реалистік – рационалдық қасиеттерге жүгіну;
3) тақырып тамырластығы, ой толғап отырған жайлардың ортақтығы;
4) поэтикалық табиғаттың үндестігі (ойшылдық, табиғатындағы жақындық).

А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу тәрбие жұмысын жетіліру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. «Әліпби», « Тіл құралы», « Әдебиет танытқыш», т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. А. Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі И.А. Крыловтың туындыларын аударып, « Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды. Аудару кезінде ол белгілі ағартушылық мақсат көздеді.


А. Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. « Бұлардың кемшілігі сол, -деді ол- бала оқыту ғылымын меңгергендер оқығандар ішінде кем болады. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендіктен, я білсе де істеп көрмегендік – тәжірибесіздік». Осылайша оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
М. Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М. Жұмабаевтың – осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы «... адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ... Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек... Адамның өзін - өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті бірінші шарт... » деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі.
Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт бағдарын 1918жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық « Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: « … қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді»,-деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды өзінің тыныс- тіршілігінің өмірлік арқауы етіп алады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2-сандарында Ж. Аймауытовтың « Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет