Меншік Құқығы субъектінің


Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі48,31 Kb.
#16801
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
граж

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Кәмелетке толмағандардың жауаптылығына жаңа ҚК жеке бір бөлім

бағыштады.

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады.

Жасқа толды деп туылған (он төрт не он алты), бірақ кәмелетке адамның өзі құрбыластарына ілесе алмай, психиканың бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалып, соның салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезінде өз әрекетініңіс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса да қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Оларға жаза тағайындаудың да өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, оларға жазаның барлық түрі емес, тек кейбіреуі қолданылады. Оларға: айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығыан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту, түзету жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру.

Екіншіден, бұл жазаларды қолданудың өзі шектеулі сипатта. Мысалы, айыппұл оның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.

Ал белгеілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Қоғамдық жұмысқа тарту кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты негізгі жұмыстан не оқудан бос уақытында орындауы (қырық сағаттан жүз алпыч сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады). Он төрттен он алтыға дейінгілер үшін орындау ұзақтығы күніне екісағаттан аспау керек.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасссқа жеткен, бірақ әлі он сегізге толмаған адамдарға бір жылға дейігі мерзімге тағайындалады.

Он сегізге толамай сотталған адамды бас бостандығынан айыруды:



  • Бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған ер балалар, сондай – ақ әйел жынысты кәмелеткке толмағандар – жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында.

  • Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысы кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтеуді тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындаудың ерекшелігі оның 52 -бапта көзделген мән – жайлардан басқа, өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай – ақ оған жасы үлкен адамның ықпалы ескерілуінен көрініс табады.

Сонымен қатар, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адамды жазамен емес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларымен түзеу мүмкін деп тапса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін:



  • Ескерту

  • Ата – аналарының немесе олардың орындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

  • Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

  • Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс – тұрысына ерекше талаптар берілуі мүмкін.

Кәмелетке толмағандарға мұндай шаралардың бір мезгілде бірнешеуі тағайындалуы мүмкін.

Ескерту оның әрекетінің келген зиянды түсіндіруден және қылмысты қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.

Қадағалауға беру қадағалаушыға тәрбиелік әсері ету және кәмелетке толмаған адамның мінез – құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамныңмүліктік жағдайын және оның тиісті еңбекке дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Бос уақытты шектеу белгілі орындарға баруға, бос уақытының белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға оқуын жалғастыру, аяқтау, жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкін және басқа да шаралар қолданылуы ықтимал.

Арнаулы тәрбие немесе емдеу – тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс үшін алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін. Ол мамандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде мерзімінен бұрын тоқталуы да мүмкін.

Аталмыш мекемеде болудың мерзімін тағайындалған мерзім аяқталған соң да жалпы білімді немесе кәсіптік даярлықты аяқтау қажет болғанда ұзартуы мүмкін.

Ондай мекемеде болуын тәртібі мен ережелер зағдарымен белгіленеді. Кәмелетке толмағандардың жзаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату он сегіз жсқа дейін қылмыс жасап, бас бостандығынан айыруға немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға :

а) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;

ә) ауыр қылмысы үшін жазаның кемінде жартысын;

б) аса ауыр қылмысы үшін жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

ҚК 69 және 75 – баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады.

ҚК 77 – бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері кәмелетке толмағандар үшін қысқартылады және тиісінше:

а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

ә) кішігірім немесе орташа ауырлықтығы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

б) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.

Он сегіз бен жиырма жас аралығында қылмыс жасаған адамдарға әрекетінің сипаты мен жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ҚК кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын реттейтін бөлімнің (VI) ережелерін қолдана алады.

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға тиесілік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.

Меншік құқығы- негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланыста болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол- тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.

Меншік құқығының міндеттемелі нышандарының бірі- оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188-бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.

Меншік құқығы мемлекет танитын шекте ғана болады. Бұл дегеніміз меншіктің абсолюттік құқығы заң құжаттарымен шектелуі мүмкін деген сөз. Бірқатар жағдайларда меншік құқығын шектеуде арнаулы сипат болады, ол меншіктегі мүліктің ерекше құқықтық режимімен байланысты. Мысалы, азаматтық құқықтың кейбір нысандары азаматтық айналымнан толықтай немесе ішінара алынып тасталуымүмкін, оны мұндай мүлікке (мысалы, жерге, орманға, радиоактивтік заттарға. т.б.) құқыты шектеу бар екендігімен түсіндіруге болады. Шетелдік құқықтық меншік құқығын мойындауы мүмкін. Бұл жағдайда халықаралық жеке құқық нормалары қолданылады, және қазақстандық заңнама юрисдикциясы шегінде меншік құқығы жоқ жағдайлар да болуы мүмкін. Меншік құқығын қорғаушылық нысаны оны азаматтық-құқықтық тәсілдермен қорғау мүмкіндігін білдіреді.

Меншік құқығы- неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң ырқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» әрекетке жуықтау анықтама береді. Мысалы, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет жасай алады, яғни ол мүлікті басқа адамның меншігіне береді, меншік иесі бола тұрып өзінің мүлікті иемдену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігін береді, мүлікті кепілге береді және оған басқа тәсілдермен ауыртпалық түсіреді, оған басқадай түрде билік жасайды.

Меншік иесінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін бұзбауы тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу басқа формалармен қатар меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 1-бөлігі). Монополиялық жағдаймен қиянат жасау фактісін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер монополияға қарсы заңнама рыноктағы басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияларды анықтайды.

Сонымен, меншіккер құқығына заң пәс міндет артқан. Жоғарыда айтылғаннан басқа «меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті» (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 2-бөлігі). Меншік иесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін қолданатын шаралары табиғат қорғау заңнамасында анықталған. Онда, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар, табиғат қорғау заңнамасын қамтамасыз ететін басқа да құқықтық тетіктер көзделген.

ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сәйкес «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Келтірілген баптардың барлығын нақтылау заңнамада бекімін таппауы да мүмкін. Сондықтан, меншік иесі өз әрекеттерінде заңнамамен, құқықтармен және басқа адамдар мемлекеттің қорғалатын мүдделерімен, қоғам игілігіне қызмет етумен, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеумен шектелген деп қорытынды жасауға болады.

Жалпы алғанда шектеу қандай да бір шамада кез келген меншік құқығына ілесіп жүреді. Оны басқаша да айтуға болады: меншік құқығы өзі үшін белгіленген шектеулер шегінде ғана болады. Оларға байланыссыз-ақ меншік құқығы кейде өз шектерінің ішінде жатқан әртүрлі негідемелер бойынша шектеледі, ол негіздемелер не меншік құқығының кейбір субъектілерінің жеке басына немесе субъектінің жеке басынан тысқары жатқан мән-жайларға байланысты болуы мүмкін. Шектеу меншік құқығының құрамдық бөлігінің әрқайсысына- иемденуге, пайдалануға және билік жасауға қатысты болуы мүмкін, бұл ретте ол меншік құқығынығ құрамдық бөлігінің тек біреуіне ғана, немесе басқаларына да таралуы мүмкін.

Меншік құқығының өзін шектеуді меншік иесі жасай алатын әрекеттер ауқымын шектеуден ажырату керек. Атап айтқанда, меншік иесінің бірқатар әрекеттеріне тыйым өртке қарсы, санитарлық, ветеринарлық, эпидемиологиялық және басқа ережелерден туындайды. Мысалы, азық-түлік тауарларымен сауда жасайтын меншік иесі тиісті медициналық тексеруден өтуі тиіс, оның жұмыс орны арнайы осы үшін жабдықталған аумақта орналасады және т.б.

Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесіөз мүлкін басқа адамдардың шектеулі пайдалануына жол беруге тиіс (АК-ның 188-бабының 6-тармағы). Меншік иесінің мүлкін үшінші адамдардың мұндай пайдалануын сервитут деп атайды.

Тар мағынадағы мүлік- заттар, қолма-қол ақша және құжатталған бағалы қағаздар меншік құқығының нысаны болып табылады. Бұлар- бұйым түріндегі сезілетін заттар. Тиісінше, электрондық ақша қаражаты, құжатталынбаған бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, шығармашылық интеллекетуалдық қызметтің нысандалған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарды жекелеудің басқа құралдары, мүліктік құқық және бірқатар басқа мүлік меншік нысаны болып табылмайды және олар АК-ның «Меншік құқығы және басқа заттық құқық» бөлімінің 2-тарауының баптарында көрсетілмейді.

Қазақстандық тұжырымдамаға сәйкес меншік құқығы мерзімсіз болып саналады (АК-ның 188-бабының 5-тармағы). Мерзімсіздік принципі меншік құқығының оның уақытша туындай алмайтындығын, яғни уақытша меншік иесі болмайтындығын білдіреді.

Егер заң құжаттарында немесе шарттарда басқадай көзделмеген болса меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстаудың ауыртпалығын көтереді және ол біржақты тәртіпте ондай ауыртпалықты үшінші жаққа жүктей алмайды (АК-ның 189-бабының 1-тармағы). Мүлікті ұстап тұрудың ауыртпалығы дегеніміз меншік иесінің мүлікті заңнамада талап етілген параметрлер бойынша тиісті күйде сақтап тұру міндетті. Мысалы, үйдің меншік иесіне салықтарды төлеу, күрделі және жеңіл жөндеу жүргізу, сақтандыру, тіркеу, күзету, үшінші жақтың құқықтарын сақтаумен байланысты мүлік бойынша шығындары және басқалар жөніндегі міндеттер жүктелген. Мүлікті ұстау ауыртпашылығы үшінші жаққа тек шарт бойынша ғана берілуі мүмкін.

Егер мүлік үшінші жақта заңды түрде болса, онда оның бөтеннің мүлкін ұстауға шығарған шығындарын, егер шартта басқадай көзделмесе, меншік иесі көтереді (АК-ның 189-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Мүліктің үшінші жақта заңды түрде болуы азаматтық-құққтық шарт (мысалы, жалдау шарты, қайтарымсыз пайдалану шарты, т.б.), олжа, қамқоршылық немесе мүлікті сенімгерлік басқару нәтижесінде орын алуы мүмкін. Шығындарды өтеу негіздері немесе олардың мөлшері мен формасы жайында меншік иесі мен үшінші жақ арасында келіспеушілік болса дау сот тәртібінде шешіледі. Затты заңсыз және қараужолмен иемденген адамға мүлікті ұстауға қатысты шығындар өтелмейді (АК-ның 189, 263-баптары).

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/5380/

ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық режим оларды бөліп алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституциясында олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң өте оңай анықтайды- мемлекетке тиесілі еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады. Ресей Федерациясында меншік формаларының тізбесі жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттіктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншік формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар да түрлерге бөлінеді. Форма меншіктің арналған мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығына қарай оның сапалық ерекшелігін бейнелейді, ал түр- меншік формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады. Азаматтың әрекет қабілеттігі шектулі болған немесе тіптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесін заң немесе шарт бойынша өкіл қорғайды. Мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі ерекшелігі сол- оның құқығы уәкілетті мемлекетті органдар немесе мемлекеттік заңды тұрғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда- мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Конституцияға бағдар алып АК меншік формасы ретінде жеке (191-бап)және мемлекеттік (192-бап) меншікті бөліп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлікке қарағанда, топтастыру кезінде «форма» терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебі «форма» және «түр» ұғымдары өз мәндері жағынан көп мағыналы және меншік құқығына қатысты қолдануға онша келмейді. Бұл ұстаным дұрыс та шығар. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты екі көзқарасты атап өткен жөн. Біріншісі бойынша меншік құқығы біртұтас және біртекті. Ол нарықтық экономиканың жалпы ережесіне бағындырылған. Бірақ мемлекеттік меншік құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекеттік функциясын қолдау және жеке меншік құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулі ауқымда болады. Яғни, жеке меншік түрлік емес, меншік ұғымына келетін тектік ұғым.

Екінші көзқараста меншік құқығы тектік ұғым, ал жеке және мемлекеттік меншік құқығы- түрлік ұғым. Мүліктің жеке және мемлекеттікменшік үшін заңнамада белгіленген әртүрлі құқықтық режимі оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясының айрықша сипатынан туындайды және субъектінің ерекшелігіне байланысты.

Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардағы сияқты мемлекет өкілдері қатысатын қатынастарда абстрактылы субъектілердің- ҚР-сының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністердің бар екендігі ескеріледі. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берілген тұлғалар- заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесі берілген мемлекеттік органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттік мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлдекет немесе әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан мүдде қорғайтынын білген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік заңды тұлға балансында бекітілмеген мемлекеттік мүлікке тікелей тікелей билік жасайтынын білу керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттік меншікке құқығын мемлекеттік заңды тұлғалар (кәсіпорындар мен мекемелер) өздерінің шаруашылық жүргізуіндегі немесе роалымды басқаруындағы мүлікке қатысты жүзеге асырады.

АК-ның 191-бабында жеке меншіктің екі түрі белгіленген, олар- азаматтар меншігі және мемлекетті емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Өз кезегінде АК-ның 192-бабы мемлекеттік меншіктің екі түрін белгілейді, олар-республикалық және коммуналдық меншіктер. ҚР-ға қарағанда Ресей Федерациясында муниципалдық (коммуналдық) меншік мемлекеттік болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кірмейді.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншік құқығын қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлікке деген меншік құқығы осы мүлік тұрған елдің құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, ҚР-ның аумағында шетел азаматтары үшін ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғаларының меншікқұқығы туралы заңнама қолданылады.

Меншіктің кейбір объектілері меншіктің белгілі бір формалары мен түрлеріне ғана тән. Жер және оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар меншіктің ерекше объектісі болып табылады. ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес олар мемлекет меншігінде болады. Бірақ жер заңда белгіленген негіздерде, жағдайларда және шекте жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерге қарағанда қойнаудың жеке меншікте болуы мүмкін емес, себебі жоғарыға шығарылған жыныс қойнау болудан қалады, яғни ол жеке меншік объектісі бола алады. Басқа объектілердің тиесілілігін анықтағанда әңгіме жалпы су, өсімдік және жануарлар әлемі жайында екенін ескеру қажет. Олар тек мемлекет меншігінде ғана болады. Ал, нақты бір ағашты немесе жануарды бөліп алсақ, олар ҚР-ныңзаңнамасына сәйкес жеке меншік объектісі бола алады.



Жеке және мемлекеттік меншіктің сандық арақатынасы бастапқы кеде мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталады. Бұл процесс ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді, ондағы мақсат мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті деңгейге жеткізу еді. Қазір бұл арақатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/5380/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет