Меншік құқығының пайда болу негіздері
Меншік құқығының пайда болу негіздері дегеніміз азматтық құқық субъектілерінің белгілі затқа (мүлікке ) байланысты меншік құқығың алуын заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар. Заң әдебиеттерінде қалыптасқан көзқарастар бойынша оларды екі топқа бөлуге болады: бастапқы және туынды.
Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірнеше рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Сондықтан да бастапқы тәсіл бойынша меншік құқығыныңпайда болуына мына негіздерді атап көрсетуге болады: жаңа затқа меншік құқығы (273 – бап); иелену мерзімі (244 – бап); (245 – бап); қараусыз жануарлар (246 – бап ) және т.б.
Туынды тәсіл дегеніміз – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иеліктен шығарушыда оның тоқтатылуы. Туынды тәсілінің негізінде меншік құқығының пайда болуына көбінесе азаматтық – құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу – сату, қарыз немесе несие шарты, жекешелендіру және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |