Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет24/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Тақырып бойынша қосымша сұрақтар:

  1. Шаруашылықтың қоғамдық формалары мен үлгілерінің (модельдерін) қандай түрлерін Сіз білесіз?

  2. Бартер мен ақшалай айырбастың айырмашылығы неде?

  3. Айырбаста игіліктердің пайдалығын қалай салыстыруға болады?

  4. Ақшаның атқаратын қызметтерін атаңыз?

  5. ҚР экономикасындағы теңге: әлеуметтік-экономикалық салдары және болашағы.



Ұсынылған әдебиттер тізімі:

  1. Ташенов К.Н. Экономикалық теория негіздері: оқу құралы/ К. Н. Ташенов. – 2011

  2. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория негіздері: оқулық/ Я. Ә. Әубәкіров. – 2011

  3. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : оқу құралы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : "Эверо", 2012. - 196 с

  4. Рахметулина Ж.Б. Экономикалыќ теория: есептер, схемалар, тесттер : оқу құралы 5В050600 - "Экономика" маман. студ. арналған / Ж. Б. Рахметулина, Т. А. Абылайханова. - Алматы : Экономика, 2015. - 265

  5. Рахметулина Ж.Б., Жуманова Г.М. Экономикалық теория: Оқу құралы.-Шымкент, 2010.

  6. Рахметулина Ж.Б. «Экономикалық теория» пәні бойынша практикум.- Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010ж.- CD диск 1,39МБ

  7. ПОӘК «Экономикалық теория негіздері» Оразалиева Э.А.- Шымкент, 2010

  8. Электронды оқулық Рахметулина Ж.Б. Экономикалық теория/ Оқу құралы.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010

  9. Электронды оқулық «Экономикалық теория-слайдтар» Рахметулина Ж.Б.,Умарова Г.Х. –Шымкент, 2010

  10. www asu.ukgu.kz.



Тақырып 5. Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
Дәріс 5.
1.Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері.
2. Фирманың мәні. Фирманың мақсаты мен қызметтері. Фирманың жіктелуі мен оның экономикадағы рөлі.
3. Фирманың шығындарының жіктелуі және құрылымы.
4. Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары.Фирманың пайданы жоғарылату шарты.


Дәрістің мақсаты: қазіргі кездегі және дәстүрлі көзқарастарды талдау мен оны шешуде мәселенің пайдалылық функциясының құрылымын қарастыру.

Кәсіпкерлік туралы көзқарастар эволюциясы. Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерліктің даму жағдайлары. Кәсіпкерлік қызмет түрлері. Фирма түсінігі. Фирма мақсаттары мен қызметтері. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқытық нысандары. Фирманың жіктелуі және оның экономикадығы рөлі. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы. Фирма шығындарының жіктелуі және құрылымы. Альтернативті шығындар. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар. Фирманың жалпы, орта және шекті табыстары. Бухгалтерлік пайда және экономикалық пайда. Фирманың пайданы жоғарылату шарты.


Негізгі ұғымдар: акционерлік қоғам, концерн, серіктестік, шығындар, табыс түрлері, т.б.

Кәсіпкерлік – заңмен рұқсат етілген, меншік, жалданған мүлік есебінен табыс табу мақсатымен жүргізілген шаруашылық немесе басқадай қызмет түрлері. Кәсіпкер- иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде өз бастамасымен шешімдер қабылауға және кез-келген іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы заңды ұйым немесе жеке азамат. Кәсіпкерлік істі бастамас бұрын: Не өндіремін? Қалай өндіремін? Кім үшін өндіремін?


Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: Дербестік және тәуелсіздік; Экономикалық ынталық; Шарушылық тәуесел және жеке жауапкершілік; Жаңашылдық, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет