Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет17/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
2.3 Нарықтық экономика - жеке меншікке, бәсекеге негізделеді. Еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды – ақ жиі қызмет жасайды».
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.
2.4 Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді. Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нақты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп жазған болатын Пол Самуэльсон. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Ойкен Вальтер (1891 – 1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «...адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу». Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4% - ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады. Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс - әрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, әлуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі». Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра - өзара іс - әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады. Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды. Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.

  1. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Экономикалық жүйе көптеген факторларға негізделеді. Оның дамуына ықпал ететін факторлар:

  • шарушылық шешімдерін қабылдау жөнінде елде қалыптасқан шаралар жүйесі;

  • меншік құрылымы;

  • ақпараттар мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету механизмі ;

  • мақсаттарды белгілеу мен еңбек етуге жұмылдыру механизмі.

Бұл факторлар шаруашылық, әкімшілдік, ақпараттық сияқты үш құрылымның төңірегінде топтасады. Шаруашылық құрылым деп – шектеулі ресурстарды пайдалануға байланысты материалдық-техникалық база элементтерінің өзара әрекеттесуін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет