Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі



бет16/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізілді.

  1. Шағын жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

  2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

  3. Жеке жоба бойынша жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.

  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.

  3. 1997-2000 ж.ж. - мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.



3.3.Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйені жіктеу критерилері.
Қоғамда шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек. Ол үшін экономиканың негізгі үш мәселесіне жауап беру қажет. Осы мәселелердішешуде қоғамның ұйымдастырылу тәсілі экономикалық жүйе болып табылады. Экономикалық жүйенің жіктелуі ӨҚЖ на, меншік түрлеріне шаруашылықтың ұйымдастырылу тәсіліне және негізгі экономикалық мүдделерге байланысты.
Экономикалық жүйе - материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы ерекше түрде реттелген байланыстар жүйесі.
Экономикалық жүйенің типтері:
1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:

    1. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.

    2. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

2.1 Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі
2.2 Әкімшілік - әміршілік экономика - орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеумен алмастырылады».
Әкімшілдік - әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашқ түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Әкімшілдік - әміршілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократ – тық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі – барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат – жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.
Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтан да орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.
Осының барлығы әкімшілдік - әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылыққа алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет