Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет28/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
Ұсынушы акция – бұл бір адамға бекітілмейді, акцияны ұсынған адам иесі болады.

  • Жай акция – акция иесі акционерлік қоғам іс-әрекетінің нәтижесі бойынша дивиденд алуына және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруіне мүмкіншілік жасайды.

  • Ерекшеленген (артықшылығы бар) акция – мұның жай акциядан айырмашылығы дивидентті алдын ала белгіленіп қойған сома бойынша алады. Акцияның бұлай ерекшелену себебі, акционерлік қоғам тараған немесе жойылған, банкрот кезде бірінші осы акциялар төленеді. Бірақ бұл акцияның иесі акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруіне құқығы жоқ.

    Акцияның бақылау пакеті – акционерлік қоғамды басқаруға (бақылауға) мүмкіндік беретін акция саны. Бақылау пакетін алу үшін 50% шығарылған акцияны толығымен төлегеннен кейін тегін сертификат барлық акциясына береді. Акция сертификаты – бағалы қағаз, сондағы көрсетілген адамға қоғамдағы тиісті акция санының барлығын (растайтын) куәландыратын құжат. Акционерлік қоғамдар қазіргі кезеңде кәсіпкерліктің ең көп тараған түрі, әлемдік экономиканың “арматурасы” деп те аталады. Олай деуіміздің бір жайы, тарихи практикада акционерлік қоғамдар өз тиімділігін талай рет дәлелдеген. Мұндай қоғамның алғашқы қарлығаштары XV-XVI ғғ. Генуяда әулие Георгия, Миланда әулие Амвросия банктерінің құрылуымен байланысты пайда болды. Акционерлік қоғамның кеңінен етек жаюының себебі, аса күрделі шаруашылық мәселелерін шешуде ірі мөлшерде капиталды шоғырландыру мүмкіндігіне байланысты. Акционерлік қоғамның басқа серіктестермен салыстырғанда артықшылығы бағалы қағаздарды сатып алу, сатумен байланысты нарықтың болуы. Міне осы жайлардың барлығы акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етті. Акционерлік қоғамның ауыл шаруашылығында саланың ерекшелігіне байланысты дамуы шектеулі болды.


    Фирма дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект.
    Нарықтық жүйе бұл еркін кәсіпкерлік дамыған жүйе.
    Кәсіпкерлік- бұл табыс алуға бағытталған және тәуекелмен байланысты шаруашылықтық қызмет.
    Кәсіпкерлік қызметтің түрлері: өндірістік, коммерциялық, сақтандыру, қаржылық, кеңестік.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет