Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - А, мұнда А – амортизация



бет38/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - А, мұнда А – амортизация.
ҰТ – ел тұрғындарының еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының иелері ретінде жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде тапқан табыстарының жиынтығы.
Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - жанама салықтар, немесе
ҰТ= жалақы + пайда+ капитал %+ жер рентасы
ЖТ – ел тұрғындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ЖТ-ты табу үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорацияның бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салығын алып тастап трансферттік төлемдерді қосу керек.
Жеке табыс (ЖТ) = табыстар + трансферттік төлемдер
ҚБТ - ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады. Қолдағы табыс (ҚТ) = ЖТ – салықтар мен төлемдер.
ЖҰӨ (ЖІӨ) есептеу әдістері
ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:
1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды.
2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады:
ЖҰӨ = С+G+І+Хn;
Мұнда: С - үй шауашылығының тауарлар, қызметтерге кеткен шығындары;
G – мемлекеттің сатып алуы,
І – жалпы және жеке инвестициялар,
Хn – таза экспорт, экспорт пен импорт айырмашылығы.
3. Табыстар бойынша ЖІӨ-ді есептеу әдісі. ЖІӨ-ді осы әдіс арқылы факторлық табыстардың жиынтық сомасы деп қарастыруға болады. Жалақы, пайыз, рента, пайда сияқты факторлық табыстардың есепке алынуымен қатар, жанама салықтар, амортизация, меншіктен түскен табыстар, бөлінбеген пайда көрсеткіштері де ЖІӨ-ге жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет