Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Салық және оның мәні. Салық түрлері



бет41/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

1.Салық және оның мәні. Салық түрлері.
13.2 Салық және оның мәні. Салық салу қағидалары. Лаффер қисығы
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 %-ды құрайды. Салық нарықты қатынастар жағдайында экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады.
Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері.
Салық өндіріп алу тәсілі бойынша мынандй түрге бөлінеді:

  • Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.

  • Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

  • Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі

  • Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады.(қосымша құн салығы - 15%)

  • Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

  • Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.

  • Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой-пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Графиктегі мұндай көрініс «Лаффер қисығы» деп аталады.






Егерде салық өсімі О -ден
100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің
төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет