- Кескіндеме бөлімінің міндеттері - табиғат пен түстерді эмоционалды тұрғыда қабылдауды дамыту; түс сезіміне
тәрбиелеу; үйлесімді түс қатынастарын құра білу қабілетін дамыту. Оқу тапсырмалары мен жаттығуларды сауатты
жүргізу, көркем материалдарды сауатты пайдалану дағдыларына үйрету. Заттардың фактурасын беру дағдысын
дамыту; түстің көмегімен бұйымдар мен заттардың жарық-көлеңкесін шығару, ауа ортасын беру; бейнеленетін
заттың пішінін реңмен және түспен көрсету білу дағыларын жетілдіру, жалпы кескіндемеде «түстік үйлесімділік»,
«түстік жағу»ұғымдары мен құбылысын білу, зерделеу мен зерттеу. («жергілікті түс»ұғымы және оған жарықтың
әсері, нысанның пішіні мен материалдылығын берудегі түстік реңктің рөлі).
- Мүсін бөлімінің міндеттері-кеңістіктікте сомдап құрастыра білуге үйрету, балалардың көлемді, рельефті
мүсіндік тапсырмаларды орындауда көркемдік қабылдауларын дамытуға ықпал ету, пластикалық тілдегі көлем
мен кеңістікті көру және көрсете білу мүмкіндігі. Сабақтарда оқушылар рельефті де, көлемді, дөңгелек мүсіндік
тапсырмаларды орындау негіздерімен танысады.
-Сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің міндеттері - сәндік-қолданбалы өнер мен дизайнның көркемдік тілі мен
заңдылықтарын түсінуге тәрбиелеу. Әдемілік туралы идеяларды түсінуге үйрету, тек ең әдемі және мәнерлі
тұрғыда жеткізуге үйрету. Қалыптастыру қабілеті стилизация және жалпылау әдістерін қолдана отырып, қоршаған
әлемде кездесетін формаларды шығармашылық түрде өңдей білуге баулу. Әр түрлі көркемдік материалдармен
жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, халықтық дәстүрлі өнер түрлеріне баулу.
- Сәулет және дизайн бөлімінің міндеттері (көркем құрастыру және модельдеу) бөлімінің міндеті - сәулет
ортасын және дизайн негіздерін зерттеу және модельдеу, жобалау, қалыптау туралы білімді бекіту, көлемді және
жазықтық композицияларды сомдап жасау дағдыларын қалыптастыру, көркем дизайн мәселелерін өз бетінше
шеше білу дағдыларын дамыту;
Бұл көркемдік білім жүзеге асырылатын қызметтің (немесе саланың) бөлімдері. Яғни, олардың барлығы
кешенді және блоктардың құрамдас бөлігі ретінде қамтылған.
Ұсыныс: