Мәселе есептер


Бүтін сандық мәселе есептер



бет5/6
Дата19.07.2023
өлшемі216,5 Kb.
#104537
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
320 masele esepter

Бүтін сандық мәселе есептер



  1. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30%-і екіншісінің 42%-не тең. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 21; 15

  1. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі олардың кішісінен 2 есе үлкен. Осы сендарды табыңыз.

Жауабы: (1; 2)

  1. Тізбектер үш натурал сандардың көбейтіндісі олардың ортасындағы саннан 3 есе үлкен. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: (1; 2; 3)

  1. Егер тізбектес 5 бүтін санның алғашқы үшеуінің квадраттарының қосындысы соңғы екеуінің квадраттарының қосындысына тең екені белгілі болса, осы санды табыңыз.

Жауабы: (10; 11; 12; 13; 14), (-2; -1; 0; 1; 2)

  1. 160 метрлік канализациялық жүйені іске қосу үшін ұзындығы 800 мм және 1200 мм 150 керамикалық трубалар пайдаланылды. Осы трубалардың әрқайсысынан қанша алынды?

Жауабы: 50; 100

  1. Салымшы жинақ кассадан салынған ақшасының алдымен бөлігін, келесі жолы қалған ақшасының бөлігін және 640 теңге алды. Содан кейін жинақ кітапшасында барлық ақшасының бөлігі қалды. Алғашқыда салған ақшасы қанша теңге еді?

Жауабы: 2400 теңге

  1. Екі санның геометриялық ортасы кішісінен 12-ге артық, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 6 және 54

  1. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді.

Жауабы: 120 м

  1. 60 тонна жүкті тасу үшін бірнеше машина заказ берілген еді. Әрбір машинаға 0,5 тонна кем тиелгендіктен қосымша тағы да 4 машина қажет болды. Алғашқыда неше машина заказ берілген еді?

Жауабы: 20

  1. Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 90. осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 6 және 15

  1. Сыныптағы әр оқушы сыныптағы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 1332 құттықтау ашық хат жолдаған болса, сыныпта қанша оқушы болғаны?

Жауабы: 37

  1. Математикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының 12%-і есептерді мүлде шығара алмады, 32%-і шығарған есептерде қателер жіберді, ал қалған 14 оқушы дұрыс шығарды. Сыныпта қанша оқушы болды?

Жауабы: 25

  1. 45 т жүкті тасымалдау үшін бірнеше жүк машинасына тапсырыс берілген. Бірақ базадан жүк көтерімділігі 2 т машиналар бөлгендіктен, бұрынғыдан 6 машина артық алынған. Жүкті неше машина тасыды?

Жауабы: 15

  1. Айлақта екі орындық және үш орындық барлығы 6 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 14 адам орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындық қайық, неше үш орындық қайық қайық тұрған еді.

Жауабы: 4 және 2

  1. Турбазадағы шатырлар мен үйлердің жалпы саны 25. Әр үйде 4 адам, ал әр шатырда 2 адам тұрады. Турбазада барлығы 70 адам демалып жатқандығы белгілі болса, онда қанша үй және қанша шатыр бар екендігін табыңыз.

Жауабы: 10 үй, 15 шатыр

  1. Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды?

Жауабы: 30 билет

  1. Екі санның қосындысы 2490. Егер оның біреуінің 8,5%-і екіншісінің 6,5%-не тең болса, онда осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 1079; 1411

  1. Жұмысшылар бригадасы 360 деталь дайындап шығуы керек еді. Күніне белгіленген жоспарынан 4 детальды артық жасағандықтан бригада барлық тапсырманы белгіленген мерзімнен 1 күнге ерте бітірді. Осы тапсырманы орындауға бригада қанша күн жұмсады?

Жауабы: 7 күн

  1. Екі орынды санның цифрларының қосындысы 12 тең. Егер осы санның цифрларының орындарын ауыстырса, онда жаңа құрылған сан алғашқысынан 18-ге артық болмақ. Алғашқы санда табыңыз.

Жауабы: 57

  1. Бір сан екіншісінен 4-ке артық. Ал олардың квадраттарының айырмасы 56-ға тең. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 12 және 9

  1. Бір сан екінші саннан 5-ке кем. Кіші сан квадраты мен үлкен сан квадратының айырмасы 85-ке тең. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: -6 және -11

  1. Тік төртбұрыш периметрі 26 см, ауданы 36 см2. Қабырғалар ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 4 см және 9 см

  1. Тік төртбұрыш ауданы 14 см2, ал бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса, онда қабырғалар ұзындықтары қандай болғаны?

Жауабы: 2 см және 7 см

  1. Ауданы 84 см2 тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 5 см ұзын. Қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: 12 см және 7 см

  1. Екі санның қосындысы 120, ал айырмасы 5. осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 62,5 және 57,5

  1. Екі натурал санның біреуі екіншісінен 4-ке кем, ал көбейтіндісі 192-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз.

Жауабы: 16 және 12

  1. 135 м-лік сым екі бөлікке бөлінді. Бұл сымның бір бөлігі екіншісінен 2 есе ұзін. Осы бөліктердің ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 45 м; 90 м

  1. Үш дәптер және бес блокнотқа 49 теңге төленді. Егер екі дәптер үш блокноттан 1 теңге қымбат болса, онад дәптер мен блокноттың жеке-жеке бағалары қанша?

Жауабы: 8 теңге, 5 теңге

  1. 72 санын 12,5% кемітіңіз.

Жауабы: 63

  1. Жанат пен Раушан саңырауқұлақтар терді.

-Раушан, сенде қанша саңырауқұлақ бар?-деп сұрады Жанат.
-30,-деді Раушан.
-Ал сенде ше?
-Сенде қанша болса менде сонша, тағы барлық жиналған саңырауқұлақтың үштен бір бөлігі деп жауап берді Жанат.
Сонда жанатта қанша саңырауқұлақ болғаны?
Жауабы: 60

  1. Белгісіз сан мен оның йифрларының қосындысының көбейтіндісі 144 болса, бірлігі ондығынан екіге артық екі таңбалы санда табыңыз.

Жауабы: 24

  1. Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан үш еселенегн біріншісінен 8-ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?

Жауабы: 4; 5

  1. Мектеп бітірушілер бір-біріне суреттерін сыйлады. Егер 870 сурет алмастырылған болса, мектеп бітірушілер саны қанша болғаны?

Жауабы: 30

  1. Екі санның геометриялық ортасы, кішісінен 12-ге артық, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сендарды табыңыз.

Жауабы: 6 және 54

  1. 60 тонна жүкті тасу үшін бірнеше машина тапсырыс берілген еді. Әрбір машинаға 0,5 тонна кем тиегендіктен қосымша тағы да 4 машина қажет болды. Алғашқыда неше машинаға тапсырыс берілген еді?

Жауабы: 20

  1. Әкесіне 50 жас, ал ұлына 20 жас. Бұдан неше жыл бұрын әкесі ұлынан 3 есе үлкен болып еді?

Жауабы: 5

  1. Екі тізбектес натурал санның квадраттарының қосындысы сол сандардың көбейтіндісінен 57-сі артық. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 7 және 8

  1. Студент емтиханға дайындық кезінде оқулықтың 120 бетін оқыды, ал бұл барлық кітаптың 75%-ін құрайды. Оқулықта қанша бет бар?

Жауабы: 160

  1. Тасбақа өзенге дейін 4 сағат жорғалап барды, сол 4 сағаттың әрбір келесі сағатында алдында жүрген жолындағыдан екі есе аз жол жорғалап отырды. Егер оның барлық жүрген жолы 90 м болса, онда алғашқы бірінші сағатында қанша жол жүргенін табыңыз.

Жауабы: 48 м

  1. Екі таңбалы натурал сан мен оған кері тәртіппен жазылған екі таңбалы санның квадраттарының айырмасы 495-ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

Жауабы: 55

  1. Қандай да бір берілген екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 9-ы артық, ал сол санның квадраты екінші цифырының квадратынан 180-і артық. Берілген санның квадраты неге тең?

Жауабы: 196

  1. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі 182-ге тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

Жауабы: 27

  1. Екі санның айырмасы 2, ал олардың квадраттарының айырмасы 16. осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 5 және 3

  1. Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда үш еселенген санның 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болды. Осы санды табыңыз.

Жауабы: 103

  1. Үш күнде 1400 кг картоп сатылды. Бірінші күні екінші күнге қарағанда 100 кг аз, ал үшінші күні бірінші күні сатылған картоптың сатылды. Әрбір күні қанша килограмм картоп сатылды?

Жауабы: 500; 600; 300

  1. Тек бір ғана цифрлардын тұратын екі таңбалы жай сандардың айырмасы толық квадратқа тең болатын болса, онда осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 73; 37

  1. Ізделінді сан 400-ден артық, ал 500-ден кем. Оның цифрларының қосындысы 9-ға тең және сол цифрлармен кері тәртіпке жазылған санның бөлігіне тең екендігі белгілі. Ізделінді санды табыңыз.

Жауабы: 423.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет