Мәселе Зерттеу сұрағы



бет2/2
Дата11.12.2023
өлшемі28,52 Kb.
#137784
1   2
Байланысты:
ЖОБА! Action Research Абай Қ.Д . Махамбетова М. (1)

Іс-шара атауы

Мақсаты



Мерзімі,
түрі

Қатысатын сынып

Жауапты

1

Мәселені анықтау

Оқу үдерісіндегі туындаған мәселені шешу.

6 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д
Махамбетова М

2

Деректерді жинақтау



Зерттеу жүргізу үшін бастапқы деректерді жинақтау.

7-10 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

3

Деректерді түсіну, іріктеу.

Жинақталған деректерге талдау жасау, іріктеу.
Дереккөздерді сенімділік дәрежесі бойынша талдау (төмен, орташа, жоғары).

10-12 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

4

Ақпараттармен бөлісу.



Құрылған зерттеу тобын деректермен хабардар ету.

13 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

5

Әрекет жоспарлау.

Зерттеу барысының жоспарын құрастыру.

14-15 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

6

Әрекетке кірісу.

Жоспарлаған жоспардың мақсатына жету.

16-26 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

7

Ақпарат жинақтау.



Зерттеу барысындағы кемшіліктерді жою үшін қосымша ақпарат жинақтау.

27-28 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

8

Талдау.



Өткізілген жұмыстардың қорытындысын шығару.

29 қараша

9 сынып

Абай Қ.Д Махамбетова М

Сауалнама



Сұрақ

Жауаптары

1

«Маған сабақтар осылай өткені ұнады,
сабақта белсенді жұмыс істедік».

1.жеке
2.жұппен
3.топпен

2

«Маған сабақта топтық жұмыс жасаған ұнады , себебі....».

Еркін жауап



3

«Әр сабақ осылай қызықты өтсе,
оқуға қызығушылығымыз артады.»

1.жеке
2.жұппен
3.топпен
4. топтық ойын

Зерттеудің күтілетін нәтижесі:

  1. Оқушылардың топтық жұмыста бірлесіп жұмыс атқаруын нығайту.

  2. Бірлескен топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру.

Зерттеу тобы:
Іс-әрекетті зерттеу кезеңдері

  1. Мәселені анықтау.

Өтпелі жасқа байланысты оқу үрдісінде оқушылардың сабаққа деген ынталарының төмендеуі.

  1. Мәліметтерді жинау.

  1. Жас ерекшелігіне байланысты ;

  2. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты талдау жасау.

  3. Оқушылардың мінез қылықтарын бақылау

  4. Оқушылармен анонимді сауалнама жүргізу.

  1. Деректерді талдау.

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жинақталған ақпараттармен танысу;

  2. Сауалнама нәтижелерін талдау;

  3. 14-15 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай тәсілдерді іріктеу.

  1. Алынған мәліметтерге негізделген әрекет.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп,оқушылардың ынтасын арттыратын бірлескен топтық жұмыстың түрлерінің тіиімділігін анықтап талдау жұмыстарын жүргізу.

  1. Рефлексия

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — мұғалім. Мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қолайлы орта жасауға ұмтылады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар мен тәсілдер тақырыпқа сай оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып іріктелу керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу бұл әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтынын анықтайды.
Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқыту сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын ойлау қабілетіне әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады.
Танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық дамуға, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін , сөз дағдылары, ойлау және шығармашылық сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін тұрақтылығы және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жүзеге асады.
Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі өте маңызды. Бірлескен жұмыс орындау оқушылардың өзара әрекеттесуін және ойлаушылардың байланысын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Оқуға ынтасы төмен оқушының қызығушылық салаларын анықтауға ұмтылу және бұл қызығушылықтардың оқу жоспарынан тыс болса да сәтті жүзеге асуына жағдай жасау. Оқушы өзін шынымен қызықтыратын нәрседе сәттілік сезінуі маңызды. Мысалы, есте сақтау қабілеті нашар және төмен бағалары бар, бірақ топпен жұмыс жасауға құмар оқушы топтың тамаша белсенді еріктісі болуы мүмкін. Сабаққа белсенді қатыспаған оқушылар топта бірлесе жұмыс жасауға немесе жұмысты қорғауға табысқа жетуі мүмкін.
Сонымен, әр баланың сабаққа деген ынтасын тудыру, қызығушылығын арттыру мұғалімнің оқу үдерісінідегі оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығына қарай топтастыруына байланысты деуге болады. Оған қоса білім деңгейіне қарай бөліп, жоғары деңгейде оқитын оқушымен төмен деңгейдегі оқушымен араластырып жұмыс жасатса, мүмкін, төмен деңгейдегі баланың қызығушылығына оятып, сабаққа деген ынтасы арта түседі дегенге кәміл сенім бар.
баланың қызығушылығына оятып, сабаққа деген ынтасы арта түседі дегенге кәміл сенім бар.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы

  2. Базаров Т.Ю., Аксенова Е.А., Еремин Б.Л. «Жоғары оқу орындарына арналған оқулық» 2007 жыл. 560б. (орыс тілінде)

  3. Жусупова Ж.А. Ж Педагогикалық шеберлік: Оқулық. Алматы, 2011.- 316 бет

  4. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» А-2003ж.

  5. Елеусізова С. «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы 1995

  6. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика» Алматы-2002


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет