Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы діни-ағартушылық сарын
Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерде дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Адам Жүсіп. «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты, Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деп ақынның өзі айтқандай, 5 жасынан бастап-ақ молдадан хат таныған ол 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде дәріс алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтады. Он бес жасынан бастап ақындық жолға бет бұра бастайды. Мұса Шорманұлы ауылына қонақ болып келгенде кішкене баланың өнеріне тәнті болған ақын баланың әкесіне: «Сопы, мына балаңа мұнан былай бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен! - деп айтқан екен. Содан кейін «Жүсіп» – деген атына «Мәшһүр» аты қосақтала бастаған.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдеріндегі қозғалатын мәселелері адамгершілік, имандылық, жұмақ пен тозақ және рухани байлыққа негізделген. Мәшһүр Жүсіптің сонымен бірге дін тарихы, оның ішінде ислам діні тарихы, мәні, ерекшеліктері туралы жазғандары бір төбе. Дінді, оның ішінде ислам дінін саралаған Мәшһүр Жүсіптің «Шайтанның саудасы», «Соқыр, саңырау және жалаңаш», »Жарты нан хикаясы», «Мәшһүрдің 46 жасында сөйлегені» тағы сол сияқты туындылары бар. Шығыстың классикалық әдебиетін жетік білген ғұлама артына көптеген өшпес мұра қалдырды. Әсіресе, ислам құндылықтары туралы өлеңдерінде дін тарихы терең баяндалады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы, әсіресе дін мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Мәшһүр Жүсіп атамыздың айтуынша дін адамның рухани дүниесін қалыптастырады, құдайды тану адамшылыққа, әділдікке бастау сынды. Мәшһүр Жүсіп: «Мен Құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне нанымым, сенімім күшті. Өзге нәрсеге «құлақпен естіген танық, көзбен көрген анық» дегендей, көзім көрмей нанбаймын» дейді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбектерінде дін Исламның ақиқаттығы, құндылығы қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары уағыздалған. Оның еңбектерінің біраз бөлігі – біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Ақынның түсінігінше, елдің елдігін сақтайтын, қандай қиындық болса да алып шығатын – дін.
Сондықтан да:
«Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне».
«Азаттық бәріне бар, дінде болса» - деп білген ақын
«Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен деп теңбе - теңге».
«Шариғат ортамызда тұрса екен деп,
Бір дүкен дін ислам боп құрса екен деп.
Мешіт пен медресенің тексеруі,
Құран кітап жөнімен болса екен»- деп жырлаған.
Дін –мхалықтың рухани сенімі.мСенімінен айрылған халықтың болашағы жоқ. Сондықтан да отаршылдар өзге ұлттарды бағындыру үшін оның болашаққа деген сенімінен айырады. Бұл мақсатқа жетудің басты құралы – дінінен айыру болып табылады. Патша үкіметінің де қазақтарды шоқындыру саясатын жүргізгені анық. Мәшһүр Жүсіп Көпеев осындай арам ойларға қарсылық танытып, елдің тұтастығын сақтап қалу үшін дінді ұмытпай, халықтың діннен айырылып қалмауы үшін дін жайында көп қозғаған. Дініңді қорлаған адам елді қорлағанмен тең деп білген ақын:
«Дініңді кім қорласа – сол өш қасың,
Қорлықтан ақпап па еді көзден жасың» - деп айтқан.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз еңбектерінде Ислам дінінің барша мұсылман, адамзатқа аса пайдалы дін екендігін ашып айтқан, дәлелдеп те берген ғұламалардың бірі болған. Оның ислам діні хақындағы айтқан пікірлері, дініміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Яғни, Мәшһүр Жүсіп адамды тура жолға шақырғаны: Аллаға сыйыну, шариғат жолына түсу, «Иманды адам» болу, мұсылман парыздарын орындау т.с.с. Мәшһүр Жүсіптің көзқарасы туралы қорыта айтсақ: Адамды адам ретінде биіктете түсетін исламдағы амалдар мен ілімдер аса мол. Ақын ислам құндылықтары туралы жазған өлеңдерінде Құран аяттарын, ғаламның жаратылысын, пайғамбарлар тарихын, Алла алдындағы парыздар туралы терең талдап жазған.
Сөйледім қадіри хал білгенімше,
Қылайық хаққа тәубә өлгенімше.
Тілеңіз жалғыз хақтан жарылқасын,
Көңілі жер қойнына кіргенімше - деп Мәшһүр Жүсіп өлеңдері мен дастандарында халықты имандылыққа шықырып, адамгершілік рухында тәрбиелеуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазба деректерінің тарихи маңыздылығы өте зор. Оның еңбектерін оқи отыра, санамызға түйер дүниенің көп екендігін байқауға болады.
Фольклортанушы әрі тарихшы ретінде ғана емес, дінтанушылық қырымен де көзге түскен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің (1858–1931) өмір сүрген кезеңі – XIX ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басы жалпы әлемдегі, сондай-ақ мұсылмандық Шығыс әлеміндегі, оның ішінде қазақ даласындағы да ірі де, күрделі өзгерістер кезеңі болып саналады. Бұл дәуірде өмірдің барлық салаларында құлдырауға ұшырап, батыс державаларының билігіне тәуелді күйге түскен мұсылман елдерінде ислам дінін қоғамдағы өзгерістерге бейімдей отырып, жаңарту идеяларын алдыға тартқан қолдаушылардың қозғалысы орын алды. Модернизация әсерімен болған бұл қозғалысты реформаторлық қозғалыстар деп те атайды, алайда дін канондары тұрғысынан келгенде мұндай атау оның негізгі догматтарына қайшы келеді, өйткені дінде ешқандай реформа болуы мүмкін емес. Бұл көбіне ориенталистік бағдардағы батыстық ұстаным тұрғысынан қойылған атау кейін дүниетанымдық әдебиеттерге де, әдіснамалық әдебиеттерге де сіңіп, орнығып кетті. Сол сияқты бұл қозғалыстарға қатысты панисламизм деген айдардың қолданылатынын ескеру қажет. Мысыр мен Пәкістанды, Осман және Ресей империяларын (оның ішінде Қырым мен Еділ бойынан қазақ даласына енген) кең 3 (43) 2013 | Аль-Фараби 61 МәшҺүр-Жүсіп Көпеевтің діни көзқарасы: дәуір және тұлға қамтыған бұл үрдіс пен қозғалысты біз діни жаңартушылық немесе модернистік деп атағанды дұрыс көрдік. Діни жаңартушылық қозғалыс – XIX ғасырдың соңында пайда болды және ол идеология ретінде осы заманда өмір сүрген мұсылман қайраткері Жамал ад-Дин әл-Ауғани (1839–1897) есімімен байланыстырылады. Бұл діни-саяси идеология жер бетіндегі барлық мұсылман қауымының бірлігі концепциясымен айшықталып, олардың біртұтас ислам мемлекетіне бірігу қажеттілігін алға тартады. Мысырда мұсылмандық модернизм идеяларын әл-Ауғанимен қатар және кейінірек Мұхаммед Абдұһу (1849–1905), Рида Мұхаммед Рашид (1865–1354), Хасан аль-Банна (1906–1949), Саид Кұтб (1906–1967) жалғастырды. Саид Кұтб Мысырда 1928 жылы «Мұсылман бауырлар» ассоциациясын құрды. Бұл партия осы күнге дейін өзінің саяси белсенділігін сақтап келеді. Өзінің қазіргі қоғамдық пікірдегі мағынасында саяси ислам немесе исламшылдық Шығыс халықтарының өмірінде аса маңызды рөл атқарды. Үндістанда халифаттық қозғалыс ағылшын үстемдігіне қарсы шықты, Ганди мен Үнді Ұлттық Конгресінің бұл қозғалысты қолдауы тегін емес. Исламшылдықтың ұрандары антиимпериалистік сипатта болды. Үндістандағы бұл қозғалыстың соңы отаршылдықтың күйреуіне және Пәкістанның бөлініп шығуына әкелді. Бұл жердегі көрнекті мұсылман модернистерінің қатарына Англияда оқып, білім алған Саид Ахмед Хан (1817-1898) Саид Әмір Әли (1849–1928) Мұхаммед Икбал (1873–1938) жатқызылады. Үкілі Мәшһүр Жүсіп заманындағы діни ахуал осы дәстүршілдер мен либералистер арасындағы айтыс-тартыспен сипатталады. Патшалық Ресей империясындағы бұл екі тарапты қадымшылдық пен жәдидшілдік білдірді. Жәдидшілдік (араб тілінен аударғанда «жаңартушылық») – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында мұсылман түркі тілдес халықтардың арасында таралған қоғамдық-саяси және интеллектуалдық қозғалыс. Ал қадымшылдық (араб тілінен аударғанда «ескішілдік») болса, заманауи жаңашылдықты қабылдамайтын, Шариат жолынан ауытқымауды талап ететін консервативтік ұстанымда болды. Қазақтың діни ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің, Шәңгерей Бөкеев пен Шәді төренің, Марал ишан мен Науан қазіреттің, Ғұмар Қараш пен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің көзқарастарына жоғарыда аталған үрдістердің, оның ішінде қадымшылдықпен қатар, иджтиһад құбылысына жақындайтын жәдидшілдіктің ықпал еткені сөзсіз. Жәдидшілдік түркі тілі мен әдебиетін дамытуды, зайырлы пәндерді үйретуді, ғылым жетістіктерін пайдалануды, әйелдердің теңдігін қолдайтын ағартушылық қозғалыс болды. Жәдидшілдіктің көрнекті өкілдері қатарына Шағабуддин 62 Әл-Фараби | 3 (43) 2013 Маржани, Құсайын Фаизханов, Ысмайыл Гаспаралы, Мұса Бигеев, Ризаетдин Фахретдинов, Мифтахеддин Ақмолда, Мұхаметсәлім Үметбаев, Зайнулла Расулов және т. б. жатқызылады. Бұл қозғалысты Орынбордан шыққан ағайынды Құсайыновтар, Троицкіден шыққан Яушевтер, уфалық С. Нәзіров пен Г. Хакимов сынды кәсіпкерлер қызу қолдады. Орта Азияда Мінуәр қари Әбдірашидханов, Файзулла Қожаев, Махмұдқожа Бехбуди, С. Міржәлелов сияқты жәдидшілдер танымал болды. Жәдидшілдік қозғалысы мектептер мен медреселерде «усул-и жәдид» оқытудың дыбыстық жаңа әдісін қолданудан басталды. Бұл әдіс ең алғаш рет Уфа губерниясындағы «Ғұсмания» және Орынбор губерниясындағы «Хұсайыния», Қазандағы «Мұхаммадия» медреселерінде қолданылды. 1890 жылдан бастап «Расулия», «Ғалия», Стерлибаштағы медреселерде кәсіби мұғалімдер дайындалып, Башқұрстанда бұл әдіс толығымен бекітілді. Білікті мамандар сондай-ақ Стамбул мен Каирдің реформаланған медреселерінен, Бақшасарай мен Қасымов қалаларындағы педагогикалық курстарды бітіріп келді. Сауат ашу бір жылға дейін қысқарып, оқытудың еуропалық сыныптық-сабақтық стандарттары енгізілді. Орынбор өлкесінде әйелдер мектебі ашылды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстанда атап айтқанда, Верныйда Ғабдулуәлиевтер, Ақсуда «Мамания», Қапалда «Якобия», Зайсанда «Қазақия» және «Ғизатия», Қарғалыда «Әмирия» және тағы басқа медреселер ашылды. Бұл оқу орындарының шәкірттері жылдан-жылға көбейіп отырған. Қарғалыдағы «Әмирия» медресесінде 1912 жылы 150- ден артық бала дәріс алды [1, 311 б.]. Абай мен Құнанбай арасындағы кейбір көзқарас алшақтықтарынан аңғарылатын бұл екі тарап арасындағы айтыс-тартыс сол кездегі қазақ тілді баспасөз беттерінен, әсіресе «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналынан көрініс тапты. Ескеретін тағы бір маңызды нәрсе, исламға қатысты фундаменталистік және либералдық көзқарастардың пікірталасы бүгінгі күні де жалғасын тауып отыр. Қазақ қоғамындағы кешегі және бүгінгі діни ахуалға қатысты салыстырмалы пікірлерді Алма Сұлтанғалиеваның «Қазақстанға «исламның қайта оралуы» деген кітабынан [2], сондай-ақ Ә. Нысанбаев пен Е. Құрманбаевтың «Қазақстанда XIX және XXI ғасырларда исламның қайта жаңғыруы» деген мақаласынан [3] байқауға болады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын т.б. қағазға түсірумен ғана шектелмей, діни қолжазбалар мен ауызша деректерді жинап, баспасөз беттерінде, «Дала уәлаятының газетінде», «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде өзінің діни көзқарастарын білдіретін мақалалар жазғаны да белгілі. Тюркский мир. С. Нұрмұратов, Б. Сатершинов, А. Шағырбаев 3 (43) 2013 | Аль-Фараби 63 Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мысалы, «Ғылым білімі» кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал «Әмір» әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, «бет», «парақ» деген мағынаны береді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: «Хазірет Юсуф пайғамбар», «Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған», «Ошақты Қоңырбай қалпе» әңгімесі, «Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді», «Ақыреттің eгіні», «Құдайым жексенбі күн жер жаратты», «Жер мен Көк» қиссасы және т. б. діни нанымдық мағынадағы деректер бар. Екі діни балладасы – «Шайқы Ысқақ» пен «Надан би» белгілі. «Исламның бес парызы біреуі – иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған. Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып, Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған», – деп жырлаған Мәшһүр Жүсіптің діни көзқарасы қазақ халқының арғы ата-бабасынан бері ұстанып келе жатқан ислам аясында қалыптасқаны даусыз. Әрине, бұл тұста қазақтар арасында ханафилік мәзһабтағы суннилік ислам арнасындағы сопылық бағдардың үлкен орын алғанын ескеру керек. Ағартушы Мәшһүр Жүсіп өзінің 1890 жылы «Дала уәләяты газетінің» алтыншы және жетінші сандарында жарияланған «Баянауылдан» атты мақаласында дін мен ғылымның кереғарлығы туралы, ислам дінінің білім алуды, әсіресе әйелдердің білім алуын шектейтіндігі жөніндегі әр алуан стереотиптер мен штамдарды теріске шығарады. Мал жиюдан басқа өнерге құлықсыздық таныта бастаған қазақты мұсылманша болсын, орысша болсын, ғылым үйренуге шақырып, аталмыш мақалада былай деп жазады: «Мал жиып бай болуды ойлама. Ғылым үйреніп, білгіш болуды талап қыл. Неге десең, ғылым – пайғамбардан қалған мұра. Мал қарау – байдан қалған мұра. Малды кісінің дұшпаны көп болады, ғылымды кісінің досы көп болады. Мал жұмсай бастасаң, таусыла бастайды, ғылым жұмсай бастасаң, артылып, үсті-үстіне көбейе береді... Мал біткен кісі мұрнын көтеріп, тәкаппарлық қыла бастайды. Ғылымды болған кісілер өзін өзі төменшікке алып, кішік көңіл болады»[4, 329 б.]. Ұстаз Мәшһүр Жүсіп бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөледі. «Сүтпен берген мінез сол бағытымен кетеді», – деген сөз бар. Баланың табиғаты үйінде ішпек-жемекте болады. Осыларды әдетпен өлшеумен жас күнінен қалып алдырса, өскенде көп пайдасы болады. Алты-жеті жасқа жеткен соң молдаға оқытуға берсе керек. Ол молданың өзі әдеп көрген, ғұламалардан, ишандардан, бұрынғы өткен жақсылардан баһза алған һәм ұстазынан рұхсат алған, сыналып өткерілген молда болсын! Жарамайды – бір ноғайға еріп хатшы болған, бір сартқа еріп қосшы болған, шала хат таныған, бұзылған, жаман жерлерде оқыған, өзі бұзылған адам баланы бұзып жібереді. Сонан соң бала өмірінде түзелмей кетеді» [5, 331 б.]. МәшҺүр-Жүсіп Көпеевтің діни көзқарасы: дәуір және тұлға 64 Әл-Фараби | 3 (43) 2013 Ғалымның аңғарған тағы бір маңызды мәселесі Мәшһүр Жүсіптің алдыңғы қатарлы Батыс Еуропа және орыс мәдениетін мойындай отырып, олардың озық ойларының түп-төркінінің ислам қайнаркөздерімен үндес келетіндігін тап көрсетуінде. «Иауропа (Еуропа) жұртының үлгіөнеге алып, ғылым-білім алып жатқан үлгілері – осылардың сөзі. Біздің мұсылманды қорлықта қалдырып тұрған – Қал ғылымында жүрген, қалғандардың сөзі. Тоқсан ауыз сөздің түймедей түйінін ұстап, күллі Еуропа адамдыққа жетті. Онан біздің мұсылмандардың ғылым-білімге жетілгендері переводтап алып, бізге тәркі-тәржіме қылып түсіндіреді. Молда аттарына қанық болған: Лермонтов, Салтыков, Толстойлар біздің мұсылманнан шыққан, жұрттан озған ала аяқ жүйріктердің сөзінен үлгіөнеге алып сөйлеген. Онысын өздері сөйлеген сөзінен білдіріп кеткен. Мұнан келіп біздің мұсылманның жүйріктері переводтап алып, бізге сөйлеп жатыр. Біздің бұған жылдам түсінетініміз: «Құраннан алған жерін – Құраннан көр!», – деп біліп тұрмыз. Хадис Шарифтен алған жерін Хадис шарифтен көріп, біліп тұрмыз. Қай кітаптан алған болса, сол кітаптардың сөзі біздің қолымызда даяр. Сондықтан сөзге сөзі үйлес келген соң, олардың сөзіне: «Қылша мойыным-мұнша!» – дейміз» [5]. Қазақстанның тәуелсіздік алуы барысында рухани ахуалдың өзгеруі қазақтың діни ғұламаларының, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасы сияқты мәдени құбылыстың сарқылмас кенін ұғынуға және мүлдем жаңа түсініктер мен парадигмаларды ашу мүмкіндігіне көмек береді. Дүниетанымдық бағдарлар мен қондырғылардың өзгеруі, маркстік догмалар мен стереотиптермен қоштасу мұсылман мәдениеті феноменінің өзін қайта бағалауға, дәстүрлі мәдениеттің жаны мен жүрегі – ислам екендігін бекітетін айғақты түсінуге итермелейді. Кеңес дәуірінде біз қыңырлықпен теріске шығарған қазақ руханиятының көрнекті өкілі М.Ж. Көпеев дәл осы ислам мәдениеті мен руханилығы идеяларын жақтады, ақыл мен ғылым адам үшін Жаратушыны ұғынуға жол ашады деп есептеді. Қазіргі құбылмалы әлемде ислам мәдениеті мен философиясының негіздерін терең теориялық зерттеу, әлемдік діндердің бірінен саналатын исламның рухани-адамгершілік қуаты мен гуманистік бағытын айқындау ерекше маңызды мәселе екендігі анық. Тек осы арқылы ғана рухани жаңғыру, халықтардың өзара түсіністігі мен өзара келісімділігі басты нәрсе болып саналатын исламның ұстындарына надандық пен ластықтың, зұлымдық пен зорлықтың қайшы келетінін дәлелдеуге болады. Бүгінгі күні қазақстандық ғалымдарға бұрынғы идеологиялық таңбалардан арылып, қазақ ойшылдарының шығармаларына және оның мәдениетке қосқан үлесіне жаңаша көзқараспен қараудың мүмкіндігі туды. М.Ж. Көпеевтің пікірінше, әр адамда жамандыққа да, жақсылыққа да бейімділік бар. Ойшылдың мұраларында назар аударуға тұрарлық тағы бір мәселе бар. «Оның ойынша, Алла адамды жаратқан кезде оған бостандық Тюркский мир. С. Нұрмұратов, Б. Сатершинов, А. Шағырбаев 3 (43) 2013 | Аль-Фараби 65 пен еркіндік сыйлаған: «Жаратуын өзі жаратса да, билігін, ерік ықтиярын мақлұқтарына берді». Бұл бір ойдың келесісін жоққа шығару емес. Мұнда әрекет пен қылықтардың мәні тек қана олардың себебіне байланысты пішілмейтіні, сондай-ақ олардың салдарының жауапкершілігі мен салмағына да байланысты екені айтылады, сондықтан акцент адамның еркін таңдауына қойылады. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе қазақ ойшылдарының еркіндік пен тағдырды Құдайдың сыйы деп санағанын, бірақ ол бұл екі түсінікті теңдестірмегенін айтуға болады. Бостандық рухани ортада тағдыр ішінде жақсылық пен жамандықты таңдау кезінде пайда болады» [6]. М.Ж. Көпейұлы «Жер мен Көк» қиссасында «Eкi күн – жер, екі күн көк жаратты, Төрт күнде 6ip-6ipiнe жұп жаратты. Бip caғатта қылуға құдыреті бар, «Пендеме ғибрат болсын!» – деп жаратты» дей отырып, жаратылыстағы (әдетте диалектикада) «антиномия» аталатындарды қарама-қарсылықтар ретінде емес, бір бүтінді толықтырушы жұптар ретінде қарастырады. Діндар Мәшһүр шығармаларында ажыратушылық емес, біріктірушілік идеялар онтологиялық биіктіктен қоғамға проекцияланып, адами арақатынастар деңгейіне түсіріледі. Діни құндылықтарды насихаттай отырып, жікке бөлінушіліктен, бүліктен бойды аулақ ұстап, қоғамның адамшылық тұрғыдан тазаруын, иман мен рухани нұрға бөленуін уағыздайды. Бұл тұрғыдан алғанда, Мәшһүр Жүсіптің діни көзқарастары бүгінгі қазақстандық қоғамда қалыптасқан діни ахуал үшін де өзектілігімен көзге түседі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңдағы діни жағдай, сарапшылардың пікірінше тұрақты деп сипатталғанымен, әлемдік геосаясаттағы діни фактордың күшеюі, қазақстандық қоғамның дінге қатысты жаһандық үрдістерге ашық болуы діни пиғылдағы экстремизм, терроризм және жалған діндер мәселесін алға тартады. Халқының қамын жеген Мәшһүр Жүсіп былай деп түйіндейді: «Қазақ мақалында бұрынғы әулие өткен ата-бабалары айтып кеткен: «Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлдіреді» – деп. Сол мақалдың хақиқатын, міне, біздер көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай болып нандық. Қазақ ішіне кім келеді? Онан қашқан, мұнан қашқан, жамандықпен көзін ашқан келеді» [7, 347 б.]. Абыз Мәшһүр Жүсіп қазақтың шаруасының оңалмай, мал басының кеміп бара жатуына қынжыла отырып, бейқамдықтан болған нәрсені қазақтардың кінәні өзінен емес, басқадан іздеуінің дұрыс еместігін алға тартады. «Қыс алды, боран алды» – дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар: «Жаман Құдайшыл келеді» – дейді. Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуымен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, МәшҺүр-Жүсіп Көпеевтің діни көзқарасы: дәуір және тұлға 66 Әл-Фараби | 3 (43) 2013 өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбарак тағаланың мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар» [7, 343 б.]. Бұдан ары қарай «Осыншама кемшілік, осынша қорлық қайдан келіп жатыр? Нығмет не екенін білмегендеріңнен. Ол нығметтің қадіріне жетіп, шүкірана қылмағандарыңнан. Құдайдың сендерге берген сансыз, есепсіз нығметінің қайсы бірін айтып шаршайын. Сонда да шүкіранасы өте тиісті болған зор нығметтердің біреуін айтайын», деп Мәшһүр Жүсіп бүгінгі күннің өзекті деген тағы бір маңызды мәселесінің ұшығын көрсетеді. «Әй... көзбен қарап, ынсапты құлақпен тыңдайтұғын, ағайындар! Бұл дүниеде үстіңнен қарап тұрған патша ағзам Хазіреттерінің барлығын басыңда болған нығыметтерден артық нығмет деп білуге керек. Не үшін десеңіз, патша ағзам Хазіреттерінің тахт тасырыпында, сая-дәулетінде болумен әркімнің басы, малы есендікте тұрады. Осы нығымет бір-біріне үстін қарап тұрған патшасына шын көңілмен тілеулес болу ең зор шүкіршіліктен саналады. Ол сұлтан болушының кім болмағанымен жұмысыңыз болмасын. Алла тағала оттағала кәләм хадимінде... бұйырды мағынасы айтқыл, ей Мұхаммед, Мәліктердің мәлігі, Алла тағала оттағала кімді тілесе, өзінің мүлкіне соны ие қылады деп. Олай болса, құдіреті күшті құдай өзі қалап бірсыпыра мүлкіне ие қылып қойған соң, біздер сол патша ағзам хазіреттерінің қазған жолында, шашылған топырағында болып, кеше, күндіз әулеттерінің артылмағанына дұғада болсақ керек» [7, 344 б.]. Мәшһүр Жүсіп XVIII ғасырда қазақтың ислам елі саналатын Қоқан уалаятына қараған замандағы мұсылман билеушілері мен атқамінерлерінің бұқара халыққа ойына келгенін істегенін мысалға алады, «Ақжалау барда малым бар деме» деген мәтелді еске түсіреді. Ақжалау дегені Қоқан хандарының ел шабатын қосыны. Ел аралайтын жаудан, дау-жанжалдан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан аман тұрудың патша ағзам жәмиясында болғандықтан деп түсіндіріп, ақ патшаға ғаділетті, мархабатты, тілектес болсаң, заман да, адам да түзеледі деп үндейді. Тіпті дұға қылудың нұсқасын да үйретеді: «Ярып! (Я раббым дегені, Б.С.) Саған ғана ғибадат қыламыз...Ғазиз патшамыз біз құлдарына ғаділ, шапағатты болып, өзінің ғақыл, нұрын бүкіл мемлекеттің пайдасына сарып етсе еді!» [7, 346 б.]. Осыған орай мұсылман әлеміндегі шынайы ислами дүниетанымның әлсіреп, жоғалып бара жатқандығының бір себебі, «улемдердің» (мойындалған, танымал ислам ғұламаларының) қоғамдағы салмағының әлсіреуі, тіпті кейбір елдерде олардың жойылып кетуі, айталық атеистік саясат ұстанған бұрынғы Шығыс блогі қоғамдарында және отаршылдыққа ұшыраған басқа да көптеген мұсылман қоғамдарда. Ал осы Мәшһүр Жүсіп тәрізді «улемдер» болса, ислам қайнаркөздерінің дұрыс әдіснамасы мен ислами мұраның сақтаушысы болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |